Бейорганикалық химия практикумы


Газометрді жинау мен толтыру реті



бет20/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Газометрді жинау мен толтыру реті
1.Дайындалған тығынмен ыдыстың төменгі тесігін жабады. Түтіктердің сыртқы ұштарын тесіктерімен жоғары бағыттайды. Карындаш өлшемімен бірдей ағаш немесе металл тығынмен дөңгелетіп қосылыстың кейбір бөліктерін мұқият нығыздайды. Қосылысты мыс сымымен бекітеді. Түтіктің сыртқы тесіктерін резеңкемен жабады.
2.Бірінші нығыздайтын бір құралды қолдану арқылы құйғының ұшымен ыдысты, одан соң құйғының фигуралы бөлігін ұшымен қосады. Құйғының сұйық ағатын шүмегінің өткізгіштігін тексереді. Шүмекті ашық жағдайда қалдырады.
3.Газ шүмегіне арналған шеңгел арқылы ыдысты сумен толтырады. Мектеп практикасы жағдайында толтыру үшін артық ауаны аластау үшін бір тәулік бойы тұндырылған су құбырының суын қолданады (6-6,5 л су қажет болады). Практикумның игеру жұмыстары үшін, ондаған аспаптарды бірдей жинау және тексеру үшін газометрді тұндырылмаған сумен толтыруға болады. Бұл үшін су құбырының резеңке шлангасын тубусқа түсіріп суды жібереді. Ыдыс толғаннан кейін ауа көпіршіктерін шығару үшін аспапты қисайтады және ашық газ шығатын шүмегі бар тығынды орнатады, бұдан соң оны жауып газометрді тігінен тұрғызып қояды. Кейбір нұсқауларда газометрдегі құйғының ұшыннан жоғары деңгейдегі ауаны шығаруды талап етеді. Мұның қажеті жоқ.
4.Құйғыдағы шүмекті жабады. Төменгі тығындағы түтіктің астына мысалы, Кох немесе Петрий тостағаны сияқты кішкене аласа ыдыс қояды. Тамшуырдың қалпағын алып тастайды. Егер аспап герметикалық болса және барлық операциялар дұрыс жүргізілген болса, онда азғана су төгіледі. Егер олай болмаса герметикалықтың жоқ болу себебін іздеу керек (шүмектердің біреуі ашық немесе тығындар нығыз жабылмаған, беттері қырналмаған болуы мүмкін).
5.Жіңішке түтікті газ көзімен қосады, ал жуан түтікті суды шығаратын шлангпен қосады. Үйренуге арналған жұмыста газометрді Шинц қол үргісіндегі, компрессордағы немесе оттекті көпшіктегі ауамен толтырады. Аспаптан жиналған газды пайдалану үшін оны құйғыш шүмегі арқылы құйылатын сумен ығыстырып шығарады. Газ шығатын шүмекті шайғыш Дрексель шынысауытымен резеңке түтік арқылы жалғаңдар. Шынысауыттағы судың биіктігі 5 см-ге жуық болу керек. Шынысауыт арқылы газ беру үшін газометр құйғысына 2 л су құйыңдар, газ шүмегін ашыңдар, одан соң шынысауыттағы су арқылы жылдамдығы секундына 2-6 көпіршік шығатындай етіп, құйғы шүмегін ашыңдар. Егер бірдей көпіршіктердің шығуын жүзеге асыра алмасаңдар


13-сурет. Газометрге газ толтыру және газометрден ыдысқа газ толтыру



газометрдегі газ қысымын жоғарлатыңдар. Бұл үшін газ шүмегін жауып, құй-ғы шүмегін қаттырақ ашыңдар.
Газ ағынын көпіршіктер-ді санау жо-лымен реттей

білу, сутектен аммиак синтездеуде және ДХАЖ жиынтығын қолдану арқылы азот алуда қажет болады. Сутекті АКТ-500 аппаратынан, ал азотты газометрден алады.
6.Газометрді аспиратор түрінде қолдануға болады (газды соруға арналған қондырғы). Ол үшін газ толтыруға дайындалған газометрді аламыз (п.4). Практикум жағдайында су құйылған шайғыш шынысауыт қолданылады, оны газ шүмегімен жалғау керек. Су шығатын түтіктің қалпағын алып, су шығатын шлангіні құбыр тетігіне кигізіп, газ шүмегін ашқанда су ыдыстан құбырға төгіле бастайды да, осының салдарынан онда сиреу пайда болып, Дрексель шыныауыты арқылы ауаны сору жүреді. Газометрмен жұмыс істеудің басқа да жағдайлары белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет