Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Кешенді қосылыстардың тотығуы мен



бет97/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

Кешенді қосылыстардың тотығуы мен

тотықсыздануы

а) 2–3 мл хлор суына 3–5 тамшы сары қан тұзының K4[Fe(CN)6] ерітіндісін тамызыңыз. Хлордың артық мөлшерін бөліп шығару үшін ерітіндіні қайнатыңыз. Екі валентті темір тұзының ерітіндісі (FeSO4, FeCl2) арқылы ерітіндіде түзілген [Fe(CN)6]3– ионын анықтаңыз.


[Fe(CN)6]4– кешенді иондағы екі валентті темір ионының үш валентті [Fe(CN)6]3– ионға тотығуын еске алып реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
ә) 2 мл сутек асқын тотығы ерітіндісіне сұйытылған қызыл қан тұзының ерітіндісін құйып, газдың бөлінуін (қандай газ екендігін) шоқтанған шырамен сынаңыз (абайлаңыз!). Газдың бөлінуі аяқталғаннан соң ерітіндіге темір тұзының (ІІІ) ерітіндісін құйыңыз. Қандай зат түзіледі? [Fe(CN)6]3– ионындағы үш валентті темірдің екі валентті кешенді ионға [Fe(CN)6]4– тотықсыздануын еске алып, реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.



  1. Хром хлоридінің изомериясы

Хром хлориді кристаллогидратының CrCl3 ∙ 6H2O бірнеше кристалын өте аз мөлшердегі суда ерітіңіз де, оны қыздырыңыз. Ерітіндінің күлгін түсі қалай өзгереді? Ерітінді түсінің өзгеруін бақылап, хром хлориді аквокешені түзілетіндігін еске алып, екі изомердің структуралық формуласын жазыңыз және аттарын атаңыз.




Зертханалық жұмыс №10
Тотығу-тотықсыздану реакциялары.


1. Йодид-ионның броммен тотығуы

3-4 тамшы калий йодиді ерітіндісіне осынша көлемдегі бром суын қосыңыз. Бром суы артық мөлшерде болмасын. Алынған ерітіндіге 3-4 тамшы крахмал қосып, ерітіндінің түсіне назар аударыңыз.




2. Күкіртсутек суының йодпен тотығуы.

8-10 тамшы қаныққан күкіртсутек суына йодтың түсі өзгергенше тамшылатып йод суын (калий йодидіндегі йод ерітіндісін) қосыңыз. Ептеп ерітіндіні тұнбадан бөліп басқа пробиркаға құйып алыңыз да, оған 1-2 тамшы тұз қышқылы және 3-4 тамшы барий хлориді ерітінділерін тамызыңыз. Ерітіндіде қандай өзгеріс байқалады?


3. Металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері

3 пробирканың біреуіне мырыш, екіншісіне- темір, үшіншісіне- мыс түйірлерін салып, оларға 5-6 тамшы қорғасын нитраты ерітіндісін қосыңыз. Бірер минуттан кейін металл түйірлерінің сыртында қорғасынның жылтыр кристалдарының түзілгенін байқауға болады. Қай жағдайда және неліктен металдар мен қорғасын-иондарының арасында электрондар алмасуы байқалмайды? Тура сол мөлшерде жоғарыдағы металдарды тағы 3 пробиркаға салып, әрқайсысына 6-7 тамшы сынап (I) нитратын қосып, тәжірибені қайталаңыз. Барлық 3 пробиркада сынап бөлінгені байқалады ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет