Бекен Манзура Кеңесқызы


«Ана туралы жыр» әнінің әнін жазған Ш.Қалдаяқов, өлеңін жазған Ғ.Қайырбеков



бет3/5
Дата10.02.2024
өлшемі1.4 Mb.
#491529
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ән-күйсіз көңіл - күңгірт, өмір - бұлдыр

«Ана туралы жыр» әнінің әнін жазған Ш.Қалдаяқов, өлеңін жазған Ғ.Қайырбеков .

Оныншы сұрақ: Қандай динамикалақ белгілерді білесіңдер?

Жауабы:

Форте—қатты, Пиано—жәй, пианиссимо-өте жәй, фортиссимо-өте қатты, крещендо-біртіндеп қатты, деминуэндо— біртіндеп жәй.

Он бірінші сұрақ : Қазақстандағы алғашқы музыкалық оқу орны қашан және қай қалада ашылды, және кімдер жетекшілік етті?

Жауабы:

Қазақстандағы алғашқы музыкалық техникум 1932 жылы А. Жұбановтың басшылығымен Алматы қаласында ашылды. Онда жетекшілік еткен А.Жұбанов. Е. Брусиловский, Б.Ерзакович, А.Затаевич, И.Коцык, Д.Мацуцин және т.б. сабақ беруге шақырылды

Он екінші сұрақ: Дәстүрлі әнші, ақын және күйші-композиторлардың атын ата!

Жауабы:

Дәстүрлі әнші, ақын және күйші-композиторлар: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Мәди, Мұхит, Естай, Ыбырай, Абай, Боғда, Абыл, Сүгір, Дайрабай, Жантөре Есжан, Сарымалай, Ықылыс және т.б.

Он үшінші сұрақ: Музыкалық екпін дегеніміз не және музыкалық екпіндердің атын ата ?

Жауабы:

Әрбір музыкалық шығарманың өзіне лайық жылдамдығын екпін дейміз. Екпіндер: жәй, орташа, жылдам, ұстамды, марш, асықпай, мұңды және т.б.

Он төртінші сұрақ: «Қыз-жібек» к-фильміне қай композитор қандай күйін жазды?

Жауабы:

«Қыз-жібек»к-фильміне

Н.Тілендиев «Аққу» күйін жазды.

Он бесінші сұрақ: Хор дегеніміз не , қандай түрлері бар, дауыс диапазондарын ата?

Жауабы:

Хор дегеніміз—көп дауысты вокалды музыка.Түрлері: аралас хор, әйелдер хоры, ерлер хоры, академиялық хорлар, балалар хоры. Дауыс диапазондары: әйелдердің жоғарғы дауысы—сапрано, төменгі дауысы— альт, ерлердің жоғарғы дауысы —тенор, төменгі дауысы — бас.


Ал, енді әділ-қазылар алқасы,
Бәйге сайысының жауаптарына
қойған бағасын айтсаңыздар!
2 К Ө К П А Р
Өнерлеріңді
ортаға
салайық
3 Ж О Р Ғ А
Енді экранға назар аударамыз. Әр топқа тест сұрақтары беріледі.Топ болып ойланып бір ұлан жауап береді.Неғұрлым көп жауап берген ұлан сабақ соңында өз бағасын алады. Мұндағы бір сұрақта жасырын ұпай бар.Сол нөмірді таңдаған топқа жауапсыз 10 ұпай қосылады. Ал, балалар, іске сәт!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет