Бекен Манзура Кеңесқызы



бет1/5
Дата10.02.2024
өлшемі1.4 Mb.
#491529
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ән-күйсіз көңіл - күңгірт, өмір - бұлдыр

Бекен Манзура Кеңесқызы

  • Астана қаласындағы Армия генералы
  • С. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық “Жас ұлан” мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

«Ән-күйсіз
көңіл - күңгірт,
өмір - бұлдыр»
Сабақтың мақсаты:
Музыкалық ойындар арқылы балалардың ұшқырлығын дамыту
Сабақтың түрі:
Ауызша сұрақ түрінде
Сабақтың типі:
Өткен сабақты қайталау
Сабақтың әдісі:
Интерактивті ойын
Сабақтың жабдығы:
Бесінші –алтыншы сынып музыка оқулығы, компьютер, экран, магнитофон, кассета, домбыра , баян, копозиторлар суреттері.

Сабақтың эпиграфы:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!

Абай


1 Б Ә Й Г Е

Бірінші сұрағы: Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?

  • Жуабы:
  • домбыра, қобыз, қылқобыз, шертер, жетіген, сыбызғы, үскірік, ұран,тастауық, сазсырнай, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, дауылпаз, мүйіз, тұяқтас, қоңырау, асатаяқ, шыңдауыл т.б.

Екінші сұрақ: Қазақ драма театрының іргетасы қай жылы қаланды, кімдер ат салысты?

Жауабы:

Қазақ драма театрының іргетасы 1925 жылы Орынбор қаласында қаланды, кейін Қызылордаға сосын Алматыға ауыстырылды. Ат салысқан әнші, музыкант, актерлер—Жұмат Шанин, Елубай Өмірзақов, Шерәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбековтар болды.

Үшінші сұрақ: Халық аспаптар оркестрі туралы не білісіңдер және оған кімдер жетекшілік етті?

Жауабы:

Халық аспаптар оркестрі 1934 Ахмет Жұбановтың басшылығымен құрылды. Бұл Оркестр қазіргі кезде Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрі деп аталады. Дерижері — А. Жайымов , алғашқы оркестр құрамында Дина Нұрпейсова, О. Қабиғожин, Лұқпан Мұхитов, Қ. Жантілеуов, Ж. Қаламбаев, Ы. Уәлиев, М. Жаппасбаев, Ж. Айпақов, С. Көшекбаев және т.б. дарындар қызмет етті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет