№
|
Ұсынушының аты-жөні, қызметі, ұсыныс- пікірлермен сын-ескертпелердің қысқаша мазмұны
|
Ұсыныс- пікірлер мен сын-ескертпелерді іске асыру мақсатында атқарылатын жұмыстар
|
Орындалу мерзімі
|
Жауапты орындаушы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1. Құрылыс мәселелері бойынша
|
|
1
|
Сапақ, Октябрь округінің тұрғындары:
- Елді мекеннен бала-бақша салынуды сұрайды.
|
-Елбасының «Балапан» бағдарламасына сәйкес қала, кент, ауылдық округтерде бала бақшалар салу жоспарда бар. Бірақ бәрін бір мезетте қамту мүмкін емес. Сондықтан, елді мекенде бос тұрған ғимарат болса, бала-бақша етіп ашуға алдағы уақытта ықпал жасаудың жағдайын қарастыратын боламыз.
|
2011-2015
жыл
|
Аудандық білім бөлімі,
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
2
|
Сапақ, Бекбауыл, Аманөткел, Бөген, Жаңақұрылыс, Құланды ауылдық округі және Сексеуіл кенті тұрғындарының атынан:
- Жаңа типтік жобадағы мектеп ғимаратын салуды сұрайды.
|
- Жаңа типтік жобадағы мектеп салу мәселесі қазіргі таңда, бірінші кезекте апаттық жағдайда тұрған мектептерге көңіл бөлінуде. Ал, мектеп салу мәселесіне қатысты алдағы уақытта жоспарға енгізілуіне жұмыс жүргіземіз. Ал, мектептерге күрделі жөндеуге қаржы бөлуге жәрдем жасаймыз.
|
2011 жыл
|
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық білім бөлімі,
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
3
|
Аралқұм ауылдық округі тұрғындарының атынан:
- Жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысын жүргізу барысында жіберілген ақауларды жою мәселесін көтерді.
|
- Қолданыстағы заңдылық бойынша барлық шаралар мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізіледі. Ендігі кезекте, құрылыстың сапасын бақылайтын арнайы басқарма бар, солар арқылы құрылыстың нормалары қадағаланады. Бұны біз ескеретін боламыз және аудандық құрылыс бөліміне қадағалау шарасы тапсырылады.
|
2011 жыл
|
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық білім бөлімі
Ауыл әкімі
|
|
4
|
Аралқұм, Қамыстыбас, Атанши ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Жаңадан клуб салып беруді сұрайды.
|
- Қазіргі кезде ешқандай клубы жоқ елді мекендерге клуб үйлерін салу жоспарланып, қамтамсыз етіліуде. Қалған елді мекендер кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
|
2011-2015 жыл
|
Аудандық құрылыс бөлімі, Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
|
|
5
|
Бекбауыл, Райым ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Спорт алаңын салынуын сұрайды.
|
- Алдағы уақытта қаржы мүмкіндігіне қарай шешілу жолдары қарастырылады.
|
2011-2012 жыл
|
Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі,
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
6
|
Сексеуіл кентінің, Бөген ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Ардагерлер үйін және кеңсе үйін қайта салуды сұрайды.
|
- Кентке ардагерлер үйін ашу мәселесін кәсіпкерлер арқылы шешуге болады. Немесе жаңадан салынатын мәдениет үйінен бөлме жай ашу жолын қарастыруға болады. Ал, кеңсе үйін салуды жоспарға енгіземіз.
|
2011-2012 жыл
|
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
Кент әкімі
|
|
7
|
Арал қаласы мен Құланды ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Мектетерді күрделі жөндеуден өткізуді сұрайды
|
- Мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінеді.
|
2011 жыл
|
Аудандық білім бөлімі,
Аудандық құрылыс бөлімі.
|
|
8
|
Аманөткел, Жіңішкеқұм ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп берілуін сұрайды.
|
- Алдағы уақытта қаржы мәселесін қарастырып, күрделі жөндеуден өткізіп беретін боламыз.
|
2011 жыл
|
Аудандық құрылыс бөлімі
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
9
|
Беларан ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Мектепке қосымша бөлмелер салуды сұрайды.
|
- Мектеп директорына жоба-сметалық құжаттарын дайындап, ауданға ұсыныс беру тапсырылды.
|
2011 жыл
|
Аудандық білім бөлімі
Аудандық құрылыс бөлім,
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
10
|
Атанши ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Кітапханаға күрделі жөндеу жүргізілуін сұрайды.
|
- Ауылдық кітапханаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы бөлінетін болып шешілді.
|
2011 жыл
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі,
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,
Ауыл әкімі
|
|
2. Коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация мәселелері бойынша
|
|
1
|
Сапақ, Мергенсай, Ақирек, Октябрь, Қамыстыбас, Сексеуіл, Аманөткел, Бөген, Райым, Тоқабай елді мекендерінің тұрғындары атынан:
- Ауыз су, аяқ су және елді мекендердегі скважиналар мәселесін шешіп беруді сұрайды.
|
- Бұл жұмысты іске асыру үшін бірталай қаржы ресурстары қажет етіледі. Біздер қазіргі уақытта ауыз су мәселесін кезең-кезеңімен шешуді жүзеге асырып келеміз. Мәселенің маңыздылығы ескеріліп, облыстық бюджет жоспарына кіргізуге ұсыныс берілетін болады. Ал, скважиналарды жөндеуді де назарға алып, облыс әкімшілігіне ұсыныс берілетін болады.
|
2011-2013 жыл
|
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Аудандық құрылыс бөлімі
|
|
2
|
Аралқұм, Қамыстыбас, Бекбауыл, Қосжар, Қаратерең, Райым ауылдық округ тұрғындары атынан:
- Электр жарығымен қамтамасыз ету және кадрлық мәселелерді шешіп беруді сұрайды.
|
- Өткен жылы электр жарығынсыз отырған 4 елді мекеннің 2-не электр жарығы тартылды. Бұл жерге де қаржы көздерінің мүмкіндігіне қарай, мәселенің шешілу жолын қарастыратын боламыз. Кадрлық мәселелерді реттеу мәселесін көтеріп, КРЭК АҚ-ның аудандық филиалына ұсыныс жасаймыз.
|
2011-2012 жыл
|
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
КРЭК АҚ-ның Арал аудандық филиалы А. Сұлтанов
(келісім бойынша)
|
|
3
|
Атанши, Жаңақұрылыс ауылдық округінгің және Сексеуіл кенті тұрғындарының атынан:
- Автожол салуды және жол қатынасы саласын ретке келтіруді сұрайды
|
- Шымкент-Самара автожолы бойына жақын орналасқан елді мекендерге жол салу жөнінде облыстағы тиісті орындарға ұсыныс берілді. Көлік және коммуникация министрі
Ә. Құсайыновтың ауданға жасаған сапары кезінде де бұл мәселелер қойылды. Алдағы уақытта мүмкіндігіне қарай жұмыстар жүргізілетін болады.
|
2011-2012 жыл
|
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
|
|
4
|
Октябрь ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Спорт мектебінің филиалы ауылдық клуб үйінде орналасқан, жылуы жоқ. Сондықтан ғимаратқа жылу жүйесін орнатуға көмектесуді сұрайды.
|
- Бұл мәселені ауылдық округ әкімі мен клуб меңгерушісі және ауылдық спорт мектебінің өкілі бірігіп шешуі қажет. Жөндеу жұмыстарына қаржылай көмек көрсету жөнінде шара көретін боламыз.
|
2011 жыл
|
Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі,
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
|
|
5
|
Сазды ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Мектептің көне ғимараты тұрғын үй есебінде берілсе.
|
- Әуелі, көтеріліп отырған мәселенің заңдылық жағдайы зерттеледі, егер заң талаптары көтерсе көне мектеп ғимаратын бала-бақшаға, ол болмаған жағдайда тұрғындарға пайдалануға беруге болады.
|
2011-2012 жыл
|
Аудандық қаржы бөлімі
Аудандық білім бөлімі,
Аудандық құрылыс бөлімі.
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
6
|
Қамыстыбас ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Ауылдан жолаушыларға қызмет көрсететін темір жол кассасын ашуды сұрайды.
|
- Сіздердің өтініштеріңізге байланысты тиісті жоғарғы органдарға ұсыныс-хаттар жолданған. Алдағы уақытта темір жол үйлері мемлекет меншігіне қайтарылып, күту залы, билет кассалары қалпына келетін болады.
|
2011-2012 жыл
|
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
|
|
7
|
Арал қаласы, Сексеуіл, Жақсықылыш кенті және Қамыстыбас, Аманөткел ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Елді мекендерді газдандыру мәселесін қолға алуды сұрайды.
|
- «Бозой – Самсоновка» газ құбыры Елбасының қатысуымен өткен жылдың желтоқсан айында тұсауы кесілді. Бұл жөнінде облыс әкіміне де ұсыныс қайта қайта жолданып, қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде. Егер газбен елді мекендер қамтылатын болса, әрине Арал қаласы, Қамыстыбас, Аманөткел елді мекендері де назардан тыс қалмайды.
|
2011-2013 жыл
|
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
|
|
8
|
Қосаман ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Қосаманға ұялы телефон антеннасын орнатып беруді сұрайды.
|
- Тиісті жоғарғы орындарға ұсыныс берілген.
|
2011-2013 жыл
|
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Ауыл әкімі
|
|
9
|
Бөген, Беларан ауылдық округтерінің тұрғындары атынан:
- Округ тұрғындарының шаруашылық жұмыстарына пайдалануға 1 трактор беруді және су таситын автокөлікке қосалқы бөлшек алуға қаржы сұрайды.
|
- Аудандық бюджеттің мүмкіндігіне қарай, заңнамаға сәйкес зерттеліп, көмектесу жолдары қарастырылады.
|
2011 жыл
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Ауыл әкімі
|
|
3. Денсаулық саласы бойынша
|
|
1
|
Қосжар, Сапақ елді мекені тұрғындары атынан:
- Фельдшерлік пункттегі акушер маманының жоқтығын айтып, акушер маманымен қамтамасыз етуді сұрайды.
|
- Медицина саласының мамандарын қамтамасыз етудің өзіндік нормалары бар. Сол нормаларға сүйене отырып, әр елді мекендерге штат бірліктері беріледі.
|
2010 жыл.
|
Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының аудандағы өкілі Ш. Медетов (келісім бойынша)
|
|
2
|
Қарақұм, Қосаман ауылдық округінің және Күршек, Хан елді мекені тұрғындары атынан:
- Дәрігерлік пунктті, дәрігерлік амбулатория құрылысын салуды және дәрігерлік пунктке жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.
|
-
Бұл мәселені реттеу жөнінде арнайы шыққан Үкіметтің қаулысы бар. 2015 - жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
|
2011-2015 жыл
|
Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының аудандағы өкілі
Ш. Медетов (келісім бойынша)
|
|
3
|
Жаңақұрылыс ауылдық округі тұрғындары атынан:
-Фельдшерлік акушерлік пунктке және ауылдық ауруханаға жедел жәрдем көлігін алып беруді сұрайды.
|
- ФАП – қа жедел-жәрдем көлігін бөлу заңдылыққа сәйкес келмейді. Дегенмен «Аралды құтқару қорына» ұсыныс жасалады.
|
2011 жыл.
|
Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының аудандағы өкілі
Ш. Медетов (келісім бойынша)
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
4. Білім беру және спорт мәселелері бойынша
|
|
1
|
Аралқұм, Ақирек ауылдық округтерінің тұрғындары атынан:
- Жаңа мектепті пайдалануға берген кезде, көне мектепті бала-бақша етіп ашуды сұрайды.
|
- Жаңа мектеп жанынан, мектеп жасына дейінгі балалар үшін кіші орталық ашылатын болады, ал көне метептің мәселесін алдағы уақытта шешетін боламыз.
|
2011 жыл.
|
Аудандық қаржы бөлімі,
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық білім бөлімі.
Ауылдық округ әкімі
|
|
2
|
Қосжар елді мекенінің тұрғындары атынан:
- Қосжардағы № 67 негізгі мектепті, 2011 жылы бала санының өсуін ескеріп орта мектепке айналдыруды сұрайды.
|
- Мәселе заңдылығына сәйкес зерттеледі және ұсыныс беріледі.
|
2011-2015 жыл
|
Аудандық білім бөлімі.
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
|
|
3
|
Сексеуіл кенті, Қамыстыбас, Аманөткел ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Ауылдан бала-бақша ашылса.
|
- Сексеуіл мен Аманөткелде жаңа мектеп ашылып жатса, көне мектепті күрделі жөндеуге қаржы бөлу арқылы бала-бақша ашу жолы қарастырылатын болады. Ал, Қамыстыбас елді мекеніне бала бақша ашу шарасын алдағы уақытта қарастырамыз.
|
2011-2013 жыл
|
Аудандық білім бөлімі,
Кент, ауылдық округ әкімі
|
|
4
|
Қарақұм және Жіңішкеқұм ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Ауылда бос тұрған тұрғын үйді қаржы бөліп, сатып алып, бала-бақша етіп ашуды және «Қарақұм және К» ТС-нің теңгерімінен округ әкімшілігінің теңгеріміне өткізіп, спорт мектебінің филиалына жаттығу зал есебінде ашуын сұрайды.
|
Үстіміздегі жылы аудандық бюджеттен қаржы көзін қарастырып, бала-бақша үшін үйді сатып алу мүмкіндігін қарастыратын боламыз. Мұнымен қоса, Қарақұм ауылдық округі тұрғындарының көтерген мәселесін заң талаптарына сәйкес зерттейміз. Егер заң нормаларына сай келсе, ғимаратты заңдастыруға ықпал етеміз.
|
2011 жыл
|
Аудандық білім бөлімі,
Аудандық құрылыс бөлім,
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
Аудандық қаржы бөлімі
|
|
5. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша
|
|
1
|
Арал қаласы және Қосжар ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Материалдық көмек көрсетуді және арзан ұнның сатылуына ықпал етуді сұрайды.
|
- Арал қаласының әкімі А. Үмбетовке, Өтеуова Жәнипаны әлеуметтік мұқтаждықты қажет ететін отбасы есебінде тіркеуге алып, алдағы уақытта болатын қайырымдылық шаралар кезінде ескеру тапсырылды. Және арзан ұнның ауданға әкелінуіне байланысты тиісті келіссөздерді жүргізуді жүктеді.
|
2011 жыл
|
Арал қаласының әкімі
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
|
|
2
|
Сексеуіл кенті тұрғындары атынан:
- Жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту бөлімі арқылы тіркеу жұмыстарын ретке келтіруді сұрайды.
|
- Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік бөлімге тіркелгеннен кейін, ол бөлім жұмыс ұсынады. Одан бас тартқан жағдайда әлеуметтік көмектерді алуға табысы кіріс көзі жазылады. Ол адамның әлеуметтік жағдайы зерттеледі. Оның өзінің заңдылық нормалары бар.
|
2011 жыл
|
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Кент, ауылдық округ әкімі
|
|
3
|
Арал қаласы мен Қаратерең ауылдық округі тұрғындары атынан:
- үйіндегі екі мүгедек жанды баққаны үшін жәрдемақы төлеуді және қиын кезеңде халыққа еңбек еткен, облысқа ерекше еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерді бірнеше категория бойынша жергілікті бюджеттен жәрдемақы беруді заңдастыруды сұрайды
|
- Заңдылығына сәйкес көмек көрсету мүмкіншіліктері қарастырылатын болады.
|
2011 жыл
|
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Арал қаласы мен ауылдық округ әкімдері
|
|
6. Мәдениет мәселелері бойынша
|
|
1
|
Райым және Қосаман ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Ауыл клубына жөндеу жұмыстарын жүргізуді, мәдениет үйіне ұлттық киімдермен аспаптар алып беруді және автокөлік алып беруді сұрайды.
|
- Қазіргі кезде ешқандай клубы жоқ елді мекендерге клуб үйлерін салу қолға алынуда. Ауылдағы клубқа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы көзін қарастыратын боламыз. Ал, ұлттық киімдер мен аспаптар алуды заңнамаға сәйкес зерттеп, көмектесу жолдары қарастырылатын болады.
|
2011-2015 жыл
|
Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
|
|
2
|
Жақсықылыш кенті жастарының атынан:
- Кентке жастар арасында іс-шаралар өткізуге аудандық бюджеттен қаржы бөлуді сұрайды.
|
- Кент жастары арасында түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар өткізуге аудандық бюджеттен қаржы көзі қарастырылатын болады.
|
2011 жыл
|
Аудандық ішкі саясат бөлімі
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,
Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі.
Кент әкімі
|
|
7. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша
|
|
1
|
Ақирек ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Бақша өнімдерін сату үшін көтерме сауда орнынан тұрақты маусымдық жер бөлуді сұрайды.
|
- Бақша өнімдерін сатуға кез-келген уақытта тұрақты жер беріледі.
|
2011 жыл
|
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі,
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі.
|
|
2
|
Сексеуіл кенті, Ақирек және Октябрь ауылдық округтерінің тұрғындары атынан:
- Ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру үшін арнайы пункт салуды және қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.
|
- Ірі қара малдарын ұрықтандыру мәселесіне қатысты, әуелі оның заңдылығы мен тиімді-тиімсіз тұстарына зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
|
2011 жыл
|
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі,
Аудандық ветеринария бөлімі.
Кент және ауылдық округ әкімдері
|
|
3
|
Аманөткел, Қосжар ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Ауылдағы шабындық жер мәселесін шешіп беруді сұрайды.
|
- Көтерілген мәселеге толық түсініктеме берілген.
|
2011 жыл
|
Аудандық жер қатынастары бөлімі,
Ауылдық округ әкімдері
|
|
4
|
Қаратерең елді мекені тұрғындары атынан:
- Ауылдағы көлдер жергілікті халықтың игілігіне қалдыруды сұрайды..
|
- Көлдер жекеге берілмейді, жергілікті халықтың игілігіне қалдырылатын болады.
|
2011 жыл
|
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі,
|
|
5
|
Қаратерең, Жаңақұрылыс ауылдық округі тұрғындары атынан::
- Аймақтағы суларды сақтап қалу үшін Құйылыс дамбысын және Төлебай дамбысын жөндеуді және Нұралы, Қожбан жармаларына шлюз салып беруді сұрайды.
|
- Аймақтағы суларды сақтап қалу үшін Құйылыс, Төлебай дамбысын жөндеу жұмыстары және дамбыларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Ал, шлюз салуды зерттейміз.
|
2011 жыл
|
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі,
Ауыл әкімі
|
|
6
|
Атанши ауылдық округінің тұрғындары атынан:
- Жазғы мезгілде шегірткенің көбейетініне байланысты, улау жұмыстарын жүргізуді сұрайды.
|
- Жыл сайын маусымдық айларда улау жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы да бұл жұмыстар назарда болады.
|
2011 жыл
|
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі.
|
|
7
|
Аудан тұрғындары атынан облыстық мәслихаттың депутаты Ә. Әйімбетовтың көтерген ұсыныстары:
1) Сарышығанақ, яғни теңіздің солтүстік бөлігі тұсынан, Үш шоқы маңынан 200 метрдей жерді техника жұмылдырып қазып, соның нәтижесімен теңіздің қалаға жақындауы 18 км-ден 7-8 км-ге жақындайтындығын хабардар етті.
2) Тендерді де, көлдерді бөлу жүйесін де қысқаша айтқанда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына берілген. Сол бөлу жүйесін де, тендер өткізуді де бақылап отыру үшін жергілікті атқарушы органның құзырына берсеңіздер.
|
Зерттеуді қажет ететін мәселе, заңдылығына сәйкес қаралады.
Бұған байланысты тиісті орындарға бірнеше жылдан бері ұсыныс айтылып келеді. Аудан халқы үшін тиімді жақтары өте көп. Біз бұны әлі де көтеретін боламыз.
|
2011 жыл
2011-2013
жыл
|
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі,
Ауыл әкімі
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі,
|
|
|
8. Өзге де мәселелер бойынша
|
|
1
|
Октябрь, Мергенсай ауылдық округі тұрғындары атынан:
- Жас мамандарға арналып салынған үйлерді жекешелендіріп беруді сұрайды.
|
-
Жас мамандарға арналып салынған тұрғын үйлердің құжаттары, оның ішінде жер актісі, техникалық паспорты толық жасалынып заңға сәйкестендірілген болса, үйлерді жекешелендіру жұмыстарын жүргізуге болады.
|
2011 жыл
|
Аудандық қаржы бөлімі.
Ауылдық округ әкімі
|
|
2
|
Арал қаласының тұрғындары атынан:
- Базар бағасын тұрақтандыруды сұрайды.
|
- Бағаны тұрақтандыру мәселесі бойынша жұмыс атқаратын боламыз.
|
2011 жыл
|
Қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі
|
|
3
|
Аманөткел ауылдық округі тұрғындарының атынан:
- Ауылдық округтен халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды сұрайды.
|
- Жуық арада халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі Аманөткелден ашылады. Әкімшілік ғимаратының ішінен бөлмесі дайын. Жақын күндері оң шешімін табатын болады.
|
2011 жыл
|
Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық филиалы Л. Ибраимова (келісім бойынша)
Ауыл әкімі
|
|
4
|
Құланды ауылдық округі тұрғындарының атынан:
- Ауылдық округтің атын өзгертіп беруді сұрайды.
|
- Ұсыныс иесіне толық түсініктеме берілді.
|
2011 жыл
|
Ауыл әкімі.
|
|
5
|
Жаңақұрылыс ауылдық округі тұрғындарының атынан:
- Елді мекенге учаскелік полиция инспекторын беруді сұрайды.
|
- Учаскелік полиция инспекторын беру үшін жергілікті халық саны 3000 - ға жуық болуы керек. Ауыл әкімі тұрғын үй жағынан мәселені шешсе, полиция инспекторының көмекшісі ретінде беруге болады.
|
2011 жыл
|
Ауыл әкімі,
Аудандық ішкі істер бөлімі.(келісім бойынша)
|
|
9. Абаттандыру мәселелері бойынша
|
|
1
|
Сексеуіл кенті тұрғындарының атынан:
-
Көше тазалығына мән берілсе?
|
- Бұл алдымен көше тұрғындарының ауызбіршілігі арқылы шешілетін мәселе. Ал маусымдық уақыттарда көшені тегістеп тазалауға кентке жаңа грейдер алып берілді.
|
2011 жыл
|
Кент әкімі
|
|