БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент басшысының
қызметін уақытша атқарушы
_________________ Ж.Е.Колбачаева
«___»_______________2015 ж.
ҚР Қарулы Күштердегі әскери қызметші қыз-келіншектер арасында өтетін
«Батыр арулар» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен өтетін «Батыр арулар» байқауы Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметін дәріптеу, сонымен қатар ғаламтор тұтынушыларының әскери қызметке назарын аударту (бұдан әрі - Байқау) мақсатында ұйымдастырылмақ. Байқау туралы осы Ереже байқауды өткізу, қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды.
1.2. Ереженің негізгі мақсаты халықтың пікірі бойынша 2016 жылғы «Батыр арулар» мамандандырылған күнтізбесінде көрсетілуі тиіс ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ететін 12 (он екі) әйелді анықтау, сонымен бірге әскери мамандық пен қызметтің мәртебесін арттыру.
2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
2.1. Халықтық дауыс беру арқылы күллі Қазақстанға танылатын ҚР Қарулы Күштеріндегі үздік әйел әскери маманын анықтау.
2.2. Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметтегі оңтайлы имиджін, сыртқы келбеті мен рухани-адамгершілік қасиеттері әсем үйлескен лайықты әйел образын қалыптастыру.
2.3. Байқауды өткізу нәтижесінде қол жеткізетін мүмкіндіктер:
- Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметін дәріптеу;
- әскери мамандықтың мәртебесін арттыру;
- осы сала мамандарын қолдау және ынталандыру, көпшілікке таныту.
3. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ
3.1. Байқауға отставкадағы әскери қызметкерлер, ҚР Қарулы Күштері саласында қызмет ететін барша Қазақстан тұрғындары қатысады.
3.2. Қатысушының жас ерекшелігі мен еңбек өтілі маңызды емес. Басты талап өтінім-сауалнамаға аты-жөнін, жұмыс орнын, мамандығын және әскери қызметтегі қызықты оқиғасын дұрыс жазып, сапалы суретін жіберуі.
3.3. Байқауға өтінім-сауалнама осы Ереженің 4.2 тармағында көрсетілген мекен–жайға 2015 жылдың 31 наурызана дейін қабылданады.
3.4. Байқау жеңімпазы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы дауыс беру нәтижесінде жинаған жоғары дауыс саны бойынша анықталады.
4. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
4.1. Байқау екі кезеңде өткізіледі.
4.2. Бірінші кезең – Өтінім қабылдау 2015 жылы 31 наурыз сағат 20:00-де аяқталады. Өтінім қабылдау Байқауға әлеуетті қатысушылардан өтінім жинау және пул қалыптастыруды білдіреді. Өзі туралы және ҚР Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызметі туралы мәлімдеп, сауалнаманы №1 Қосымшаға сәйкес толтырғаннан кейін, arular2015@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуі тиіс.
4.3. Екінші кезеңге өтінім-сауалнаманы дұрыс толтырған (аты-жөні, жұмыс орны, мамандығы мен қызықты оқиғасы) үміткерлер жіберіледі. Қатысушының сауалнамада көрсеткен ақпараты шындыққа сай болуы тиіс. Егер болмаған жағдайда ұйымдастырушы жалған ақпарат үшін жауап бермейді. Байқау жұмыстары Байқаудың техникалық талаптарына сай жіберілуі керек. Ұйымдастырушы байқау өтінімдері мен қатысушылардың суреттерін бастапқы іріктеуден өткізеді және қатысушылардың Байқауға жіберілуі туралы шешімді қабылдауға құқылы.
4.4. Екінші кезең (дауыс беруді бастау) 2015 жылдың 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтеді. Дауыс беру 2015 жылы 1 сәуірде Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады және 2015 жылдың 10 мамырында Астана уақытымен сағат 00.0-де аяқталады. II кезең ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz ресми сайтында мақұлданған өтінім-сауалнамаларды орналастыру арқылы және ашық дауыс беру мүмкіндігін қарастыру негізінде жүзеге асырылады. Дауыс беру бір IP – мекен-жайдан тек бір ғана дауыс қабылдау арқылы есептеледі. Байқау жеңімпазы жинаған дауыстарының жоғары санына қарай анықталады.
5. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
5.1. Халықтық дауыс беру нәтижесінде ҚР Қарулы Күштерінің әскери мамандықтарының 12(он екі) үздік өкілі таңдалады. Дауыс беру ресми түрде тоқтатылғаннан соң, жеңімпаздар бұдан әрі «Батыр арулар» мамандандырылған күнтізбесіне жариялануы үшін кәсіби фотосессияға қатысады.
5.2. Жеңімпаздарды жариялау, марапаттау 2015 жылдың 10 мамыр мен 15 шілде аралығында Астана қаласында ұйымдастырылады. Марапаттау күні, уақыты және орны туралы қосымша хабарландырылады.
5.3. Байқау жеңімпаздарына ҚР Қорғаныс министрлігінің естелік сыйлықтары табысталады.
5.4. Байқауды өткізу талаптары туралы қосымша ақпаратты ұйымдастыру комитетіне хабарласып біле аласыздар: 8 (7172) 277 831
№1 Қосымша
«Батыр арулар» байқауына қатысушылардың өтінім-сауалнамалары
1. Қатысушының аты-жөні (толық) ______________________________________
2. Жасы ________________________________________________________
3. Байланыс мәліметтері
Үйінің мекен-жайы (облыс, аудан, қала) _______________________________
________________________________________________________________
Телефон (ұялы) ________________________________________________
E-mail __________________________________________________________
4. Туған күні _________________________________________________
5. Қатысушының жұмыс орны __________________________________________
6. Лауазымы __________________________________________________
7. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі____________________________________________
8. Қатысушының әскери өміріндегі қызықты оқиғасы (марапаттары, жетістіктері)_______________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Отбасылық жағдайы, құрамы (балалары, немерелері) __________________
_______________________________________________________________
10. Қатысушы туралы қосымша ақпарат (қызығушылығы, хобби)___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________________________________________________________
11. Жеке суреті. Байқауға қатысуға міндетті талаптарының бірі суретінің болуы.
Суретке талаптар:
- әскери формадағы 2 сурет(портреттік сурет, тұтас бойы көрінетін сурет);
- қарапайым өмірдегі 1-2 суреті (отбасымен және т.б.);
- jpg, gif, png.ұлғайтылған 2МБ дейінгі өлшемде
* Барлық жолдар толтырылуы міндетті
Достарыңызбен бөлісу: |