ЖОБА
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ОЙЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІ
2016 жылы әскерге шақыру
учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561–IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу Ережесін бекіту туралы» қаулысын сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Қазақстан Руспубликасы Қорғаныс Министірлігінің Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Ойыл ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
-
«Қазақстан Руспубликасы Қорғаныс Министірлігінің Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
-
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
-
Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: М.Абдуллин
Достарыңызбен бөлісу: |