«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«___»___________2023 ж.
Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным
(5, 6, 7, 8, 10-сыныптар)
Қысқаша сипаттама
Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Аралық аттестаттау мақсаты- білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.
2. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Негіздеме:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 1-қосымшасы.
3. Емтиханды өткізу тілі.
Емтихан қазақ тілінде өтеді.
Үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы
Білім алушыларды аралық аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен анықталады.
Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10 - сыныптарда өткізілетін қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі», қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау - негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |