«Бекітемін» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет1/12
Дата25.04.2024
өлшемі184.5 Kb.
#499865
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«___»___________2023 ж.
Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным
(5, 6, 7, 8, 10-сыныптар)


Қысқаша сипаттама

Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.




  1. Аралық аттестаттау мақсаты- білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.




2. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Негіздеме:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;

  2. «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;

  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 1-қосымшасы.



3. Емтиханды өткізу тілі.
Емтихан қазақ тілінде өтеді.



  1. Үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы

Білім алушыларды аралық аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен анықталады.
Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10 - сыныптарда өткізілетін қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі», қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау - негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет