Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________ М.Орынханов
2013 жылғы «_____»____________
5В010500-«Дефектология» мамандығына арналған
«Арнайы педагогика» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Арнайы педагогика» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№ | Мазмұны | Тапсырмалар саны |
1
|
Арнайы педагогика тарихы және арнайы білім беру жүйесін зерттеу.
|
1
|
2
|
Дамуында ауытқуы бар тұлғаларға батыс еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы. (Н.Н.Малофеев бойынша).
|
1
|
3
|
Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы.
|
1
|
4
|
Арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы.
|
2
|
5
|
Арнайы білім берудің теориясы мен практикасының жалпы сұрақтары.
|
1
|
6
|
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері.
| 1 |
7
|
Мүмкіншілігі шектелі тұлғаларға арнайы білім беру.
|
1
|
8
|
ҚР мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзете қолдау көрсету жүйесі.
|
2
|
9
|
Арнайы білім беру жүйесінде тәрбиелеу.
|
2
|
10
|
Арнайы білім беру жүйесінде оқыту.
|
2
|
11
|
Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог.
|
1
|
12
|
Ақыл-ойы кемтар тұлғалардың арнайы білім алуы.
|
2
|
13
|
Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі.
|
1
|
14
|
Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.
|
2
|
15
|
Аутизм жағдайдағы тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.
|
1
|
16
|
Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.
|
2
|
17
|
Тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.
|
1
|
18
|
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.
|
1
|
|
Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студенттердің мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, мазмұны, құралдары мәселелері бойынша ғылыми-теориялық зерттеулер саласы жайында біліммен қамтамасыз ету және арнайы білім беру мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері туралы толық түсініктерін қалыптастырады.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ. Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |