Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________ М.Орынханов
«___»__________2013 ж.
«5В060700» – «Биология» мамандығы үшін
«Зоология» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Зоология» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
Бірклеткалылы жануарлар деңгейі
|
2
|
2
|
Екіқабатты жануарлар деңгейі
|
2
|
3
|
Үшқабатты жануарлар деңгейі. Қуыссыз жануарлар
|
2
|
4
|
Алғашқы қуысты жануарлар
|
2
|
5
|
Целом қуысты жануарлар
|
2
|
6
|
Омыртқалылардың тері жабындысы мен қаңқасы
|
2
|
7
|
Омыртқалылардың асқорыту және тыныс алу жүйелері
|
2
|
8
|
Омыртқалылардың қантасымалдау және зәр-жыныс жүйелері
|
2
|
9
|
Хордалылар типі: Бассүйексіздер мен Туникаттар
|
2
|
10
|
Балықтәрізділер мен Балықтар
|
2
|
11
|
Қосмекенділер мен Бауырымен жорғалаушылар
|
2
|
12
|
Құстар мен Сүтқоректілер
|
3
|
|
Барлығы:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Зоология пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |