Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі Орынханов М. К. 20 ж



Дата25.02.2016
өлшемі53.45 Kb.
#21723
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ Орынханов М.К.

«______»______________20____ ж.


«Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінен

5B030100 – Құқықтану

5В030200 – Халықаралық құқық

мамандығына арналған

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген:






Тақырып мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Азаматтық iс жүргiзу құқығы саласының пәнi, әдiсi және жүйесi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының ғылымы.

1

2

Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерi.

1

3

Азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастар және олардың субъектiлерi.

1

4

Азаматтық процестегi тараптар.

1

5

Азаматтық процестегi үшiншi тұлғалар.

1

6

Азаматтық процеске прокурордың қатысуы. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшiн мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы.

1

7

Сотта өкiлдiк ету.

1

8

Iс жүргiзу мерзiмдерi. Сот шығындары. Мәжбүрлеу шаралары.

1

9

Азаматтық iстердiң ведомствалық бағыныстылығы.

1

10

Азаматтық iстердiң соттылығы.

1

11

Дәлелдемелер мен дәлелдеу.

1

12

Талап.

1

13

Сотта азаматтық iстi қозғау.

1

14

Iстi сотта қарауға әзiрлеу.

1

15

Бiрiншi сатыдағы сотта азаматтық iстердi қарау.

1

16

Бiрiншi сатыдағы соттың актiлерi.

1

17

Сырттай iс жүргiзу және сырттай шешiм.

1

18

Соттардың ерекше талап қоюмен жүргiзiлетiн iстердi қарауы. Соттардың ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен iстердi қарауы.

1

19

Бұйрық арқылы iс жүргiзу және сот бұйрығы.

1

20

Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу.

1

21

Кассациялық сатыдағы сотта iс жүргiзу.

1

22

Соттық қадағалау тәртiбiмен iс жүргiзу.

1

23

Заңды күшiне енген сот актiлерiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнiнде iс жүргiзу.

1

24

Соттың жойылған сот iсiн немесе атқару iсiн жүргiзудi қалпына келтiру туралы арызды қарауы.

1

25

Шетелдiк құқық субъектiлерi қатысатын iстер бойынша iс жүргiзу.

1




Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны

25

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тестілік тапсырмалар студенттермен мемлекет теориясы, құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы сипаттамасы мен белгілері, мемлекеттік органдардың қызмет ету механизмдері, құрылымы, құқық нормаларының тиімділігі туралы білімдерін анықтауға мүмкіншілік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттерінеапробацияланады.



Директор Қ.Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет