Бекітемін «Energy Motion Group» жшс директоры Е. А. Фетисова 2014 ж. Келісілді



Дата29.02.2016
өлшемі97.14 Kb.
#29404

БЕКІТЕМІН

«Energy Motion Group» ЖШС

директоры

Е. А.Фетисова

_____________

«___» ________ 2014 ж.



КЕЛІСІЛДІ

«Қаржы орталығы» АҚ

президенті

Р. С. Әлімқұлов

________________

«___» ________ 2014 ж.


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУДІ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ

ҚЫЗМЕТІН АҚПАРАТТЫҚ (АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН) БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ (ҰЖНҚ қаабж)

ТӨЛҚҰЖАТЫ

Астана, 2014



МАЗМҰНЫ


1 жүйе туралы жалпы мәліметтер 3

1.1 Жүйенің атауы, шартты белгіленуі және құрылған жылы 3

1.2 Жүйенің құрылу мақсаты 3

1.3 Әзірлеушінің атауы және деректемелері 3

1.4 Тапсырыс берушінің атауы және деректемелері 3

2 ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ 4

1.5 Жүйемен іске асырылатын функциялар құрамы туралы мәліметтер 4

1.6 Жүйенің жұмыс істеу принципінің сипаттамасы 4

1.7 Жүйенің жұмыс істеу жалпы регламенті және тәртіптері 5

1.8 Басқа Жүйелермен үйлесімділігі туралы мәліметтер 5

3 ТОЛЫМДЫЛЫҚ 6

4 қабылдау туралы куәлік (акт) 7

5 ЖАБДЫҚТАУШЫның ( әзірлеушінің) КЕПІЛДІКТЕРІ 8

6 НАРАЗЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 9



1жүйе туралы жалпы мәліметтер

    1. Жүйенің атауы, шартты белгіленуі және құрылған жылы


Жүйенің атауы – «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУДІ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҚЫЗМЕТІН АҚПАРАТТЫҚ (АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН) БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ».

Жүйенің шартты белгіленуі – «ҰЖНҚ ҚААБЖ».

Жүйенің құрылған жылы – 2014 ж.

    1. Жүйенің құрылу мақсаты


ҰЖНҚ ҚААБЖ құру мақсаттары болып табылады:

  • орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізуге қатысатын мектептер бойынша деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, есептеуді, мониторингілеуді және талдауды жеңілдету, жеделдету,;

  • орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу бойынша жұмыстар шеңберінде «Қаржы орталығы» АҚ пайдаланатын мектеп деректерінің дәйектілігін жоғарылату.
    1. Әзірлеушінің атауы және деректемелері


Әзірлеушінің атауы – «Energy Motion Group» ЖШС.

Әзірлеушінің деректемелері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Есенберлин көш.,155 үй. Байланыс телефондары: +7 (727) 367 23 43, 260 12 74


    1. Тапсырыс берушінің атауы және деректемелері


Тапсырыс берушінің атауы – «Қаржы орталығы» АҚ

Тапсырыс берушінің деректемелері – Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Орынбор көш. 18, 3-қабат. Байланыс телефондары: +7 (7172) 695-060, 448-868. 




2ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

    1. Жүйемен іске асырылатын функциялар құрамы туралы мәліметтер


Жүйе кейін мониторингілеуге, кешенді талдауға, есептеуге пилоттық мектептер бойынша деректер жинауды, сақтауды және өңдеуді автоматтандыру үшін, сондай-ақ жүйе дайындайтын есептерді шығару үшін арналған. Олар:

  1. пилоттық мектептер бойынша дәйекті және өзекті деректер жинау;

  2. пилоттық мектептер бойынша жиналған деректерді мониторингілеу;

  3. нормативтердің автоматтандырылған есебі;

  4. пилоттық мектептердің қаржыландырылуының автоматтандырылған есебі;

  5. есептердің автоматтандырылған шығарылуы.
    1. Жүйенің жұмыс істеу принципінің сипаттамасы


Жүйе келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:

  • параметрлер бойынша пилоттық мектептер бойынша деректерді талдау;

  • параметрлер бойынша пилоттық мектептердің оқушылар саны бойынша деректерді талдау;

  • параметрлер бойынша оқушылар қозғалысы бойынша деректерді талдау;

  • параметрлер бойынша оқушыларды қаржыландыру нормативтерін талдау;

  • білім беру процесін қаржыландыру мөлшерінің есебін талдау;

  • жан басына нормативті қаржыландыруды сынақтан өткізудің аралық нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді талдау;

  • республикалық бюджеттен білім беру процесін қаржыландыруға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің жұмсалуы туралы ақпаратты талдау;

  • мектептер бойынша ақпаратты жинақтау және сақтау;

  • ақпарат тұтастығын қамтамасыз ету;

  • деректердің жүйеге келтірілуі, сақталуы және рұқсат етілмеген қол жетімділікке қарсы қорғанысы;

  • тігінен және көлденеңінен ақпараттық және қаржылық ағындарды оңтайландыру бойынша ұйымдастырушылық міндеттерді шешу;

  • ақпараттық және қаржылық ағындардың жұмыс істеуін бақылау;

  • деректерді математикалық өңдеу және олардың негізінде үлгілеу;

  • бастапқы деректерді, оларды өңдеу нәтижелерін визуализациялау және барлық заманауи құралдар жиынтығын қолданумен кеңістіктік ұсыну;

  • жүйенің оны толықтыру және түрлендіру үшін ашықтығы;

  • мамандар, жетекші қызметкерлер және қоғам өкілдері үшін баяндамалар, ақпар, есептер мен графикалық құжаттама жасау;

  • пайдаланушылар мен шешімдер қабылдайтын тұлғаларды ақпараттық жасақтаманы тәжірибелік пайдалануға оқытуды (үйретуді) ұйымдастыру.
    1. Жүйенің жұмыс істеу жалпы регламенті және тәртіптері


Жүйенің жұмыс істеу регламенті «ҰЖНҚ ҚААБЖ-ның жұмыс істеу регламенті» атты құжатта сипатталған.

Жүйенің жұмыс істеу тәртібі:

Жүйе оның жұмыс істеуін қамтамасыз етумен және бағдарламаларды жаңартумен байланысты профилактикалық немесе басқа жұмыстардың жүргізілу жағдайларын қоспағанда, тәулік бойы үздіксіз тәртіпте жұмыс істеуді.

    1. Басқа Жүйелермен үйлесімділігі туралы мәліметтер


Жүйе мынадай Операциялық жүйелер негізінде жұмыс істейтін басқа жүйелермен үйлесімді:

  • Windows;

  • Linux;

  • Mac OS.

3ТОЛЫМДЫЛЫҚ


Жүйе келесі аппараттық жасақтама негізінде жұмыс істеуді:

  • Сервер 1: Server Dell R 720;

  • Сервер 2: Server Dell R 220.



4қабылдау туралы куәлік (акт)


Жүйені тұрақты (өндірістік) пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қою күні және Актіге қол қойған тұлғалардың аты-жөні: 29 желтоқсан 2014 жыл («Energy Motion Group» ЖШС директоры Е.А. Фетисова және «Қаржы орталығы» АҚ президенті Р.С. Әлімқұлов арасында).

5ЖАБДЫҚТАУШЫның ( әзірлеушінің) КЕПІЛДІКТЕРІ


ҰЖНҚ ҚААБЖ жүйесін әзірлеуші Жүйе тұрақты қолданысқа енгізілген сәттен бастап 1 жыл ішінде кепілдікті техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Әзірлеушінің Жүйеге кепілдікті және техникалық қолдау көрсетуіне кіретін қызметтер тізбесі:



  • Жүйемен жұмыс жасау бойынша пайдаланушыларға және әкімшіге кеңестеме беру, сұрауларды қабылдау және электронды пошта немесе телефон арқылы мезеттік (1 сағаттан кешіктірмей) кеңестеме беру;

  • Тапсырыс берушінің талабы бойынша Жүйе жұмысындағы техникалық мәселелерді шешу үшін Жабдықтаушының мамандарын жіберу;

  • ақаулықтарды диагностикалау;

  • Жүйе жұмысының барысында туындаған ақаулықтарды барынша жылдам жою;

  • Жүйе жұмысындағы қиындықтарды жою бойынша ұсыныстарды дайындау;

  • Жүйеде оны тұрақты қолданысқа қабылдағаннан кейін қиындықтар мен қателіктер анықталған жағдайда, оны жою және шешу үшін техникалық ақпаратты және/немесе қосымша бағдарламалық компоненттерді (түзетулерді) ұсыну;

  • Қателіктерді түзеткеннен кейін қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың жаңартылған нұсқаларын орнату;

  • Сенімділік пен өнімділік тұрғысында Жүйені дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;

  • Сабақтас ақпараттық жүйелермен және оларды әзірлеушілермен өзара әрекеттесу;

  • «Ақпараттандыру туралы» ҚРЗ сәйкес Жүйені электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімінде тіркеуде жәрдемдесу;

  • «Ақпараттандыру туралы» ҚРЗ сәйкес, Жүйені сақтауға беруде, мемлекеттік есепке алуды, тіркеуді және Жүйе құжаттамаларын депозитарийде сақтауды қамтамасыз етуде жәрдемдесу;

  • Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушінің талабы бойынша Жүйенің атқарымдылығын кеңейту, Жүйені пайдалану барысында нақты міндеттерді оңтайлы орындау үшін Жүйені жетілдіру.



6НАРАЗЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР


Жүйе жұмысында ақаулықтар мен қателіктер анықталғанда Тапсырыс беруші Әзірлеушіге наразылық жөнелтеді, онда осындай ақаулықтардың және қателіктердің сипаты мен белгілері, сондай-ақ олар анықталған жағдайлар сипатталады.

Наразылықтар Әзірлеушіге жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жіберілуі тиіс: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Есенберлин көш., 155 үй,«Energy Motion Group» ЖШС, және/немесе электронды пошта бойынша: support@emg.kz және support@twsystems.kz .

Әзірлеушінің наразылықты қарау мерзімі – наразылықты алған күннен бастап 1 (бір) күн. 

Әзірлеуші наразылықты кепілдікті техникалық қолдау шеңберінде қабылдайды және Жүйе жұмысындағы ақаулықтар мен қателіктерді тегін жояды.



ҚҰРАСТЫРДЫ

Ұйым, кәсіпорын атауы

Орындаушының лауазымы

ТАӘ

Қолы

Күні

«Energy Motion Group» ЖШС

Жоба менеджері

С.К. Гайсин







Бағдарламашы

А.О. Кыстаубаев








КЕЛІСІЛДІ

Ұйым, кәсіпорын атауы

Орындаушының лауазымы

ТАӘ

Қолы

Күні

«Қаржы орталығы» АҚ

Вице-президент

Р.С. Шариман







Әкімшілік департаментінің

Директоры



М.П. Әуезханов







Экономика және қаржы департаментінің

директоры



Л.Б. Бажутова







Білім беру кредиттеріне кепілдік беру және жобаларды дамыту департаментінің директоры



З.Е. Әбжекенова







Жүйелік әкімші

М.К. Теміржанов







Бағдарламашы

К.М. Мәулет







Білім беру кредиттеріне кепілдік беру және жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері

А.А Қадесова










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет