Гиперволемия қан мөлшерінің көбеюі. Гиповолемия қан мөлшерінің кемуі



бет1/7
Дата18.02.2024
өлшемі41.75 Kb.
#492335
  1   2   3   4   5   6   7
кан жуйесе



Анықтамалар 

Гиперволемия – қан мөлшерінің көбеюі. 
Гиповолемия – қан мөлшерінің кемуі. 
Эритремия – эритроциттердің де, гемоглобиннің де көп мөлшерде болуы. 
Анемия (қан аздық) – қан көлемінің бірлігімен салыстырғанда эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерінің азаюы. 
Лейкоцитоз – лейкоциттер санының нормадан артып кетуі. 
Лейкопения – лейкоциттер санының нормадан кеміп кетуі. 
Лейкоз – қанның ісік сипатындағы ауруы. 
Гиперемия – жеке бір органда немесе ұлпа учаскесінде қанның әдеттегіден көп болуы. 
Ишемия (қанның бір жерде азаюы) – ұлпаның белгілі бір учаскесіне артерия арқылы келетін қанның баяулауы немесе тоқталуы салдарынан онда қан толуының азаюы. 
Стаз – ұсақ тамырларда, негізінен, капиллярларда қан жүруінің тоқтап қалуы. 

Белгілер және қысқартулар 

мм – миллиметр 


см – сантиметр 
м – метр 
т.б. – тағы басқа 
сағ – сағат 
мин – минут 
% — пайыз 

Кіріспе 

Ішкі жұқпайтын ауру басқа ауруға қарағанда өте көп кең тараған аурулардың бірі, ішкі жұқпайтын аурулардың ерекшеліктері мынада: дәрігерлік көмек көрсетіп жүрген айқын ауру малдан басқа, ақуыз, көмірсу, витамин, минералды заттар алмасу процестері бұзылған көптеген малда да кездеседі. Бұлмалға анық ауру белгілері болмаса да дәрігерлік көмек көрсетілуін талап етеді. 


Қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару. 
Малда қан тамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын көп себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары т.б.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етілуі. 
Қан тамырлар қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады. 
Қан – организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, қорғану, жылу реттеу және мүше функцияларының өзара байланыстылығы. 

Қорытынды 

«Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары» бөлімі жұқпалы емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем әрекеттерін және сақтандыру шараларын зерттейді. 
Бұл, жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысты. 
Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындар мен мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалануды тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып-жетілдіру арқылы іс жүзінде асыруға болады. Соған байланысты малды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады. 
Малдың өнімділігін не жұмысқа қабілеттілігін жарым-жартылай не толық қалпына келтіру ем нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Дәрі-дәрмектерді және ем әдістерін таңдарда ауру малдың тұқымын, түрін, жасын және дербестік ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Кейінгі кезде, ауыл шаруашылық өнімдерін интенсивтендіріп және арнайы бағыттандырып өндіретін жағдайда малды жұқпалы емес ішкі аурулардан сақтау жоспарлы түрде және жан-жақты өткізіледі. 
Малдың жұқпалы емес ішкі ауруларын емдеп және сақтандыру шараларын жүргізгенде организмнің біртұтас екендігі, білінбейтіндігі еске алынады. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар және жүйелер қоса қатысады. 
Негізінен мал дәрігерінің сүйенетін ережесі – бұл мүмкіндігінше ауруды алдын алу, ерте емдеу. Ауру бірден пайда болмайды, организмде өзгерістер, ауытқулар бірден сырт көзге білінбейді. Міне сондықтан ең негізгі мақсат ауруды алдын алу болып табылады. Бұл үшін алдын-ала емдеудің маңызы өте зор, емдеудің тиімділігін арттыруда өте көп мүмкіндік береді. Малды қандай ауру болмасын дер кезінде емдеу тиімді де пайдалы. Бұл үшін дәрігер маманының қолында түрлі дәрі-дәрмек, емдеу түрлері мен әдістері болу керек. 

Аннотация 

Бұл курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде ішкі жұқпайтын ауруларға жалпы шолу жасап, қан тамыр жүйесі ауруларына тоқталып өттім. Қан организмдегі ең маңызды функция. 
Негізгі бөлімде қамтылған тақырыптар: қан жүйесінің патологиялық физиологиясы; анемия және олардың түрлері; лейкоцитоздар, лейкопения және олардың түрлері; дененің бір мүшесінде қан айналысының бұзылуы; қан тамырларының аурулары және олардың себептері, белгілері, дамуы, өлекседегі өзгерістер, өту барысы, анықтау, болжамы мен емдеу тәсілдері, сақтандыру шаралары жөнінде жаздым. 
Өзіндік зерттеу бөлімінде өзіндік тәжірибеде жарақаттанған малға алғашқы ветеринарлық жәрдем көрсету, яғни жарақаттанған аяғының қанын тоқтату тәсілдерін атап көрсеттім. 
Техникалық қауіпсіздік бөлімінде хирургиялық операция кезінде асептика және антисептика ережелері мен тәртіптерін қатаң сақтау, фармакологиялық дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану, жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде айтылады. 
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, сонымен қатар тіркелген мәліметтерде тақырып бойынша 2 сурет, 1 кесте көрсетіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет