«УТВЕРЖДАЮ»
Ректор АО «МУИТ»
______________ Д. Шыныбеков
«___»______________2014г.
«БЕКІТЕМІН»
«ХАТУ» АҚ Ректоры
______________ Д. Шыныбеков
«___»______________2014г.
«МАГИСТРАТУРА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ АЛУ ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
2014-2015 оқу жылында түскен магистранттар үшін
Ереже жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетінің салалық және ғылыми педагогикалық дайындық магистратурасында білім алу үшін ақы төлеудің шарттары мен мерзімдерін анықтайды (2014-2015 оқу жылы түсетіндер үшін).
1. Оқу ақысы
«ХАТУ» АҚ оқу үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен (тенге) оқуға ақы қабылдауға келісім-шарт жасалған екінші деңгейлі банктер арқылы ақшаны аудару түрінде жүргізіледі.
2014-2015оқу жылында күндізгі бөлімге түскен магистранттарды оқыту құны
-
Магистратура салалық дайындық – күндізгі оқу түрі
6М070300 – Ақпараттық жүйелер
Алматы қ. 1,5жыл оқу:
1 курс - 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
2 курс – 467 500 тенге за 6 ай оқу үшін
-
Магистратура ғылыми педагогикалық дайындық – күндізгі оқу түрі
6M070300 - Ақпараттық жүйелер Алматы қ. 2 жыл оқу:
1 курс - 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
2 курс – 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
-
Магистратура салалық дайындық – күндізгі оқу түрі
6М070400- Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама (ЕТжБЖ)
Алматы қ. 1,5жыл оқу:
1 курс - 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
2 курс – 467 500 тенге за 6 ай оқу үшін
-
Магистратура ғылыми педагогикалық дайындық – күндізгі оқу түрі
6М070400- Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама (ЕТжБЖ)
Алматы қ. 2 жыл оқу:
1 курс - 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
2 курс – 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
-
Магистратура салалық дайындық – күндізгі оқу түрі
6М070500- Математикалық және компьютерлік пішімдеу (МКП)
Алматы қ. 1,5жыл оқу:
1 курс - 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
2 курс – 467 500 тенге за 6 ай оқу үшін
-
Магистратура ғылыми педагогикалық дайындық – күндізгі оқу түрі
-
6М070500- Математикалық және компьютерлік пішімдеу (МКП)
Алматы қ. 2 жыл оқу:
1 курс - 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
2 курс – 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
-
Магистратура салалық дайындық – күндізгі оқу түрі
6М051800- обаларды басқару
Алматы қ. 1,5жыл оқу:
1 курс - 935 000 тенге 1жыл оқу үшін
2 курс – 467 500 тенге за 6 ай оқу үшін
-
Ақы төлеу шарттары
А. Күндізгі оқу түрінің магистранттары үшін:
Қазақстан азаматтары болып табылатын магистранттар оқу ақысын бір жылға толық немесе үшке бөліп (транш) төлеулері мүмкін:
-
Алдын ала төлем ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін сәйкес курста оқудың толық ақысының (жеңілдіктерді есептемей) 35 % (I- транш;
-
Келесі төлем ағымдағы жылдың 01 желтоқсанына дейін сәйкес курста оқудың толық ақысының (жеңілдіктерді ескеріп) 35% (II -й транш) ;
-
Келесі төлем ағымдағы жылдың 01 наурызына дейін сәйкес курста оқудың толық ақысының (жеңілдіктерді ескеріп) 30% (III -й транш) .
Б. Әр оқу жылының құнын Университет алдағы оқу жылына іс жүзіндегі нақты шығындарды инфляция мен нарықтық бағалардың деңгейі мен динамикасын есепке ала отырып белгілейді.
Мемлекеттік құзырлы органдар білім беру қызметінің шарттары мен шығындарын айтарлықтай өзгертетін нармативтік актылар шығарған жағдайда, Университет оқу жылының ішінде оқу ақысын бір жақты өзгерте алады.
Магистрант басқа жоо ауысып немесе оқуын қайта жалғастырған жағдайда, оқу жоспарындағы академиялық айырмашылықтарды жоюға қосымша ақы төлейді(20000тенге тұратын 1кредит көлемінде), ал оқу үшін ақы 2014-2015 оқу жылында күндізгі оқу бөліміне түскен магистранттардың оқу ақысына сай төленеді.
-
Оқу ақысы белгіленген мерзімде төленбесе, әр ай үшін негізгі қарыз сомасының 10% мөлшерінде өсімақы есептеледі. Оқу үшін негізгі қарыз 1 айдан кем болған жағдайда, өсімақы әр күнге есептеледі.
-
Ақы төлеу мерзімі екі рет бұзылған жағдайда, Университет студенттен ағымдағы оқу жылын қоса, әр оқу жылының оқу ақысын бірден толық төлеуді талап етуге құқылы.
-
Жекелеген жағдайларда тараптардың келісімі бойынша ақы төлеудің икемді кестесі қарастырылады.
-
Оқудан шығару немесе ақы төлеу шарттары басқаша өзгерген жағдайда ақыны төлету және қайтару шаралары
-
Магистрант оқудан шығарылған жағдайда, сумма, қайтарып алу тәртібі: сабаққа қатысқан сабақтардың көлеміне қарамастан, оқудың толық ақысының 25 % және оған қоса қалған сумманың 75% тоғызға бөлініп, оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге дейін оқыған нақты мерзіміне көбейтіледі .
-
Оқу жылы ішінде бір де бір сабаққа қатыспаған магистрантқа, төлеген ақысынан 80 000 тенге шегеріліп қайтарылады.
-
Өзіне алынған міндеттемелер ЖОО кінәсінен орындалмаған жағдайда, бірінші оқу жылына қабылданғанда, алдын ала төленген ақы Тапсырыс берушіге толық қайтарылады.
-
Магистрант академиялық демалысқа кеткен жағдайда, академиялық демалысқа бұйрық шыққан күнге дейін оқыған нақты мерзіміне ғана ақы алынады.
-
Магистрант академиялық демалысқа кеткен, грантқа ауысқан (мемлекеттік немесе жоо) немесе ақы төлеуді тоқтата тұрған және шарттары өзгерген жағдайда, өсімақы оқу ақысының сомасы толық төленгенге дейін есептеледі.
-
Университет магистранттар үшін ағымдағы оқу жылына жеңілдіктердің келесі түрлерін ұсынады:
А) 5 % магистранттарына бір жылдың оқу ақысын сабақ басталғанға дейін немесе сабақ басталған мерзімнің алғашқы екі аптасы ішінде толық төлегендер үшін (күні оқу үдерісі кестесі негізінде анықталады);
Б) 5% жеңілдік ғылыми-педагогикалық және салалық дайындықтың 1 және 2-курс магистранттарына ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша 90% үлгерімі болған жағдайда;
В) 50% жеңілдік Халықаралық ақпараттық технологиялар технологиялар университетінің қызметкерлері, оқытушылары мен олардың отбасы мүшелеріне (жұбайы және балалары) салалық және ғылыми-педагогикалық бағытта магистратурада оқу үшін, бұл жағдайда жеңілдікке үміткер «ХАТУ» АҚда еңбек өтілі алты айдан кем болмауы және жұмыс істеген бөлімі басшысының жағымды ұсынымы болуы шарт.
*Жоғарыда аталған жеңілдіктер күндізгі және сырттай оқу бөлімінің магистранттарына беріледі.
** Жоғарыда көрсетілген жеңілдіктердің біреуін ғана пайдалануға болады.
*** Жеңілдіктербі беру тек қана магистранттардың уақытылы өткізілген өтініштері мен Тіркеу кеңсесі берген емтихан ведомостарының қорытындысы негізінде қаралады.
**** Жеңілдіктер оқудың бір семестріне ғана беріледі.
***** «Қысқы» және «жазғы» емтихан сессиялары қорытындысы бойынша «–В» 75 балдан төмен алған магистранттар жеңілдіктен автоматты түрде айырылады.
5. iCarnegie-ден SDP оқу ережелері мен шарттары.
-
SDP модульдері бойынша білім алушылар әр курсты аяқтаған кезде,iCarnegie-ден сертификат алу үшін емтихан (практика және теория) тапсыруға міндетті.
-
Емтиханды қайта тапсыратын жағдайда, әр магистрант емтихан тапсырғаннан кейін 30 күн ішінде өтілген SDP модулі бойынша бірінші рет тегін емтихан тапсыруға құқылы.
-
SDP модульдері бойынша емтиханды қайта қабылдауға бекітілген оқытушы магистрантқа 3 жұмыс күні бұрын емтихан туралы ескертуге тиіс. Өздігінен емтихан тапсыруға мүмкіндік ашуға тиіс. Емтиханды қайта тапсыру аяқталғаннан кейін, оқытушы тексеріп, нәтижесін 5 жұмыс күні ішінде DL-ға қоюға міндетті.
-
Студент емтиханды (практика және/немесе теория) екінші рет тапсыра алмаған жағдайда, 30 күн ішінде ақылы негізде қайта тапсыруға құқылы. Емтиханның әр түрінің бағасы 18 000 тенге (мысалы: практика – 18 000 тенге және теория – 18 000 тенге) . (жазғы семестрден басқа)
-
Студент емтиханды (практика және/немесе теория) ақылы негізде тапсыра алмаған жағдайда, SDP модулі курсын ақылы негізде қайтадан толық оқу үшін жазғы семестрге тіркелуге міндетті. Жазғы семестр бағасы 54 000 тенге. Оқу мерзімі 6 аптаға дейін.Сондай-ақ студент SDP курсын жазғы семестрде (практика және/немесе теория) өтпесе, ол оны келесі академиялық кезеңде өтуге құқылы.
-
Кез келген SDPді табысты өткен студент, ақысын төлеген соң iСarnegie сертификатын алуға құқылы. (бір сертификат үшін сома 75 АҚШ доллары). Сертификат тапсыру уақыты Ректораттың шешімімен тағайындалады.
-
SDP оқу үшін қарыздары бар студенттер, iСarnegie сертификатын емтиханды ақылы негізде (18000 тенге) қайта тапсырғаннан және сертификат үшін төлегеннен кейін (сома 75 АҚШ доллары) алады.
-
Қосымша қызметтер
ХАТУ АҚ қосымша ақы негізінде келесі көмек көрсете алады :
бейімділігі мен қажетіне қарай Университет ұсынатын қосымша ақылы қызметтер, білім;
-
Қосымша ақыға қосымша пәндерден тереңдетілген бағдарламалар, екінші шетел тілі бойынша дайындық ала алады.
7. Басқа шарттар
Жалпыуниверситеттік саясат бойынша магистрант оқу жоспарында көрсетілген оқу жүктемесін 100% орындауы көзделген.
Магистрант оқып жүрген пәндерінен қанағаттанғысыз баға алған жағдайда, межелік бақылаулар мен қорытынды емтиханды ОӘЖжТ бөлімі белгілеген мерзім ішінде ақылы негізде қайта тапсыруға міндетті.
Межелік бақылаулар мен қорытынды емтиханды қайта тапсыру ақысының көлемі
« Оқу пәндерінің қайталау курстарының бағасын есептеуге» сәйкес анықталады.
Екі межелік бақылау бойынша орташа 75 және одан жоғары балы бар магистранттар, 21 600 (жиырма бір мың алты жүз) тенге көлемінде тек қорытынды емтихан ақысын төлеуге тиіс.
Оқудың теориялық және практикалық курстарын толық орындап, мамандық бойынша Мемлекеттік емтиханды тапсыра алмаған соңғы курс магистранттары 20 000 (жиырма мың) тенге көлеміндегі сома төлеуге міндетті.
Бір кредит бағасыбілім беру мекемесі бекіткен оқу ақысы мен оқудың барлық бағдарламасын меңгеруге бөлінген кредит санының ара қатынасы ретінде есептеледі. 1 кредит бағасы 20 000 тенге құрайды.
Оқудың теориялық және практикалық курстарын толық орындап, мамандық бойынша Мемлекеттік емтиханды тапсырған, алайда дипломдық жұмыс (жоба) қорғаудан өтпеген соңғы курс магистранттары 20 000 (жиырма мың) тенге көлеміндегі сома төлеуге міндетті.
Басқа ЖООнан түскен немесе ауысқан, академиялық айырмашылықтары (курстық жұмыс, курстарды қайта есептеу) бар магистранттар 7 000 тенгекөлемінде сома төлеуге міндетті.
Ақы факультет деканаты бекіткен кестеге сай қайталап оқу басталғанға дейін төленуге тиіс.
Оқу жылының нәтижесінде жазғы семестр қорытындысын есептегенде, көшіру балын жинай алмаған магистрант курсты қайталап оқуға қалдырылады.
Курсты қайталап оқуға қалдырылған магистрант бұрын қабылданған жеке оқу жоспары бойынша оқиды немесе жаңа жеке оқу жоспарын құрады,өйтпеген жағдайда, академиялық үлгермеушілігі үшін студенттер қатарынан шығарылады.
Магистрант куәлігін немесе Университетке өту карточкасын жоғалтқан жағдайда, ол 500 тенге көлемінде ақы төлейді, сонан соң жоғарыда аталған құжаттар қайта беріледі.
Төлем ақы туралы осы ереже магистрант пен университет арасындағы оқу шығынын толтыруға бағытталған ЖООнан кейінгі кәсіби білімді маман дайындау туралы №М (магистратура ) түріндегі типтік келісім-шарттың негізі болып табылады.
Тіркеу кеңсесі басшысының қ.а. Г. Рахимбаева
Декан М. Сергазиев
Бас есепші Ж. Спабекова
Қаржы Департаментінің директоры М. Тургамбаев
Достарыңызбен бөлісу: |