Мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1 күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді



Дата11.11.2022
өлшемі26.17 Kb.
#464546
түріҚұрамы
СОЖ 9 (1)


Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді. 2) қимыл-әрекеттің әртүрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы орындап болды. Орындап болды  күрделі етістік; орындап – негізгі іс-әрекет; болды – көмекші мәндегі етістік. Әңгімені құмарта тыңдады. Құмарта – қалай? Іс-әрекеттің амал-тәсілін білдіріп тұр.
Көсемше үш түрлі жолмен жасалады:
1) -а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. Мысалы, Боран соғады, мал төлдейді, ит үреді;
2) -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Мысалы, Сыпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады. Көсемшелер: сызып, үзіп айтады.
3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары келер шақ көсемше жасайды. Мысалы, айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.
Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды, яғни көсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Тек -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі, ал -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.
Көсемшенің жіктелу үлгісі: 

I
II
III

айт-а-мын, -мыз
айт-а-сың,
-айт-а-сыңдар
айт-а-сыз,
айт-а-сыздар
айт-а-ды

бере-мін, -міз
бер-е-сің,
бер-е-сіңдер
бер-е-сіз,
бер-е-сіздер
бер-е-ді

айт-ып-пын, -пыз
айт-ып-сың,
айт-ып-сыңдар
айт-ып-сыз,
айт-ып-сыздар
айт-ып-ты

бер-іп-пін,
бер-іп-піз
бер-іп-сің,
бер-іп-сіңдер
бер-іп-сіз
бер-іп-сіздер
бер-іп-ті

КӨСЕМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
1. Күрделі етістіктің құрамында жіктеліп келген жағдайда көсемше баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Біз ақырын әңгімелесіп келеміз (не істеп келеміз?)
2. Іс-әрекеттің амалын, мақсатын, т.б. білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Қасқырлар жылқыға топтанып (қалай?) келіп шапты.
ЕСІМШЕ 
Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше түрі.
Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріпанықтауыш қызметін: Айтылған (қандай?) сөз – атылған (қандай?) оқ; кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмесАқылды байқап сөйлер. (қайтер?)
ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 
Есімше төрт түрлі жолмен жасалады: 
1) -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады;
2) -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін  жұрнағы арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады;
3) -мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек жұрнақтары мақсатты келер шақ есімше жасайды;
4) -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары ауыспалы өткен шақ жасайды.
Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады.
Есімшенің тәуелдену үлгісі

Оңаша

I
II
III

айт-қан-ым
айт-қан-ың
айт-қан-ыңыз
айт-қан-ы

бер-ер-ім
бер-ер-ің
бер-ер-іңіз
бер-ер-і

кел-етін-ім
кел-етін-ің
кел-етін-і
кел-етін-і

бар-ма-с-ым
бар-ма-с-ың
бар-ма-с-ы
бар-ма-с-ы

Ортақ

I
II
III

айт-қан-ымыз
айт-қан-(дар)ың
айт-қан-(дар)ыңыз
айт-қан-(дар)ы

бер-ер-іміз
бер-ер-(лер)ің
бер-ер-(лер)іңіз
бер-ер-(лер)і

кел-етін-іміз
кел-етін-(дер)ің
кел-етін-(дер)іңіз
кел-етін-(дер)і

бар-ма-с-ымыз
бар-ма-с-(тар)ың
бар-ма-с(тар)ыңыз
бар-ма-с-(тар)ы

Есімшенің септелу үлгісі



А.с.
І.с
Б.с
Т.с
Ж.с
Ш.с
К.с

айт-қан
айт-қан-ның
айт-қан-ға
айт-қан-ды
айт-қан-да
айт-қан-нан
айт-қан-мен

бер-ер
бер-ер-дің
бер-ер-ге
бер-ер-ді
бер-ер-де
бер-ер-ден
(септелмейді)

кел-етін
кел-етін-нің
кел-етін-ге
кел-етін-ді
кел-етін-де
кел-етін-нен
кел-етін-мен

бар-ма-с
бар-ма-с-тың
бар-ма-с-қа
бар-ма-с-ты
бар-ма-с-та
бар-ма-с-тан
(септелмейді)

Есімшенің жіктелу үлгісі

I
II
III

ат-қан-мын
ат-қан-быз
айт-қан-сың
айт-қан-сыңдар
айт-қан-сыз
айт-қан-сыздар
айт-қан

бер-ер-мін
бер-ер-міз
бер-ер-сің
бер-ер-сіңдер
бер-ер-сіз
бер-ер-сіздер
бер-ер

кел-етін-мін
кел-етін-біз
кел-етін-сің
кел-етін-сіңдер
кел-етін-сіз
кел-етін-сіздер
кел-етін

бар-ма-с-пын
бар-ма-с-пыз
бар-ма-с-сың
бар-ма-с-сыңдар
бар-ма-с-сыз
бар-ма-с-сыздар
бар-ма-с

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК
Тұйық етістік – жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын, зат есімдерше түрленетін, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жаз+у, сұра+у, кел+у, сұрама+у, айтыспа+у, жүгірме+у, даурықпа+у, алыстат-у, байла-у, күл-у, жалға-у, оқ(ы)-у, жіб-у, қағу, тө(к)гу, се(п)б+у, т.б.
Бұл сөздер іс-әрекеттің атауы болып тұрғандықтан, тұйық етістік мағынасында да, зат есім мәнінде де жұмсалады. Мысалы, Тұсау –жылқы малына қолданылатын құрал. Тұсау (не?) – зат есім. Жылқыны тұсаулады. Тұсаулады (қайтті?) – етістік. Тұйық етістік септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді.
Тұйық етістіктің септелу үлгісі:
А. с. Бару, күлмеу, дайындалулары
І. с. Барудың, күлмеудің, дайындалуларының
Б. с. Баруға, күлмеуге, дайындалуларына
Т. с. Баруды, күлмеуді, дайындалуларын
Ж. с. Баруда, күлмеуде, дайындалуларында
Ш. с. Барудан, күлмеуден, дайындалуларынан
К. с. Барумен, күлмеумен, дайындалуларымен
Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі:
І ж. Оқуым, бітіруім, сөйлесуіміз
ІІ ж. Оқуың, бітіруің, сөйлесулерің
Оқуыңыз, бітіруіңіз, сөйлесулеріңіз
ІІІ ж. Оқуы, бітіруі, сөйлесулері
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ 
1. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістікке тұйық етістіктің  жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, і дыбыстары түсіп қаладыоқы – оқу, тоқы – тоқу, бекі – беку, жібі – жібу;
2. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбыстары ұяң б, ғ, г дыбыстарына өзгереді: жап – жабу, тақ – тағу, сеп – себу, төк – төгу,
үк – үгу;
3Етістіктің түбірі и, й, і дыбысына біткен жағдайда тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы өзгередіки – кию, той – тою, кейі – кею, үй – үю;
4. Жу, бу, қу етістіктеріне тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда жуу, буу, қуу, түрінде жазылады.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ 
Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категория шақ деп аталады. Шақтың үш түрі бар: 1) осы шақ, 2) өткен шақ, 3) келер шақ. 
Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ. 
Нақ осы шақ іс-әрекеттің сөйлеуші сөзімен бір мезгілде орындалып жатқанын көрсетеді. Нақ осы шақ көбінесе отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы жасалады. Мысалы, оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр, ұйықтап жатыр.
Ауыспалы осы шақ істің, қимылдың дағдылы түрде болып тұруын көрсетедіАуыспалы осы шақ түбірге көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауының жалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау-а-ды, күн күркіре-й-ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, мен келіспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т.б.
Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ.
Болжалды келер шақ іс-қимылдың орындалуын болжам түрінде көрсетеді. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р және болымсыз етістікке -с жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, қуан-ар-сың, жет-ер-сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, өкпелетпе-с, т.б.
Мақсатты келер шақта іс-қимылдың орындалуы мақсатты түрде айтыладыМақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, тапсыр-мақ, үйрен-бек, келіс-пек, ақылдас-пақ, сұран-бақ, келтір-мек, т.б.
Ауыспалы келер шақ іс-әрекеттің орындалуын бірде осы шақтық, бірде келер шақтық мағынада көрсетеді. Ауыспалы келер шақ сол сөйлемдегі мезгіл мәнді сөздер арқылы айқындалады. Мысалы,

Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы келер шақ

Мен дос туралы шығарма жазамын.
Біз қала сыртына тал егеміз.
Жаңбыр жауады.

Мен ертең шығарма жазамын.
Біз көктемде қала сыртына тал егеміз.
Кешке жаңбыр жауады.

Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ және
3) ауыспалы өткен шақ. 
Жедел өткен шақ іс-қимылдың таяу уақытта орындалғанын білдіредіЕтістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, жаз-ды, көр-ді, жаттық-ты, тербет-ті. 
Бұрынғы өткен шақ іс-қимылдың сөйлеп тұрған уақыттын бұрын орындалғанын тұжырымды түрде көрсетедіБұрынғы өткен шақ -ған,-ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, оқы-ған, жеткіз-ген, жаттық-қан, тербет-кен, т.б.​​​​​​​ Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі үш түрлі жолмен жасалады:
1. Болымсыздық мәнді -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жеткіз-бе-ген, орында-ма-ған, үйрет-пе-ген, т.б.​​​​​​​
2. Өткен шақтық етістіктен соң жоқ, емес көмекші сөзінің тіркесуі арқылы: тапсырған жоқ, көрген емес, т.б.​​​​​​​
Ауыспалы өткен шақ іс-қимылдың бірде осы шақта, бірде өткен шақта орындалуын көрсетеді. Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалады: хабарлас-атын, түсіндір-етін, қоста-йтын, т.б.​​​​​​​ 
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ 
Іс-әрекет орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктің райы деп аталадыЕтістіктің рай категориясының төрт түрі бар: 1) ашық рай, 2) қалау рай, 3) бұйрық рай, 3) шартты рай.
Ашық рай іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді. Мысалы, Қар жауып тұр (Осы шақ), Ертең хабарласарсың (Келер шақ), Қырғыз елінде болғанмын (Өткен шақ).
Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді. Қалау райдың жасалу жолдары:
1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарына кел көмекші етістігі тіркесу арқылы: сұра-ғы-сы келді, айт-қы-сы келмеді, демал-ғы-м келді, жүр-гі-м келмейді;
2) етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғану арқылы: байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-қай-сың, т.б.​​​​​​​ 
3) -са, -се тұлғалы шартты райға игі еді, ғой сөздерінің тіркесуі арқылы: тезірек келсе ғой, аман-есен жетсе игі еді. 
Бұйрық рай іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтыладыБұйрық рай жақпен байланысты айтыладыМысалы, тыңда, орында, хабарлассын, т.б.​​​​​​​ ІІІ жақтағы бұйрық райға -сын, -сін жұрнақтары жалғанады: хабарлас-сын, жеткіз-сін, көрсетпе-сін, тоқтатпа-сын, т.б. (ол, олар – ІІІ жақ). 
І жақтағы бұйрық райға көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғанады: жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық, т.б. (мен, біз- І жақ).
Бұйрық райдан кейін -шы, ші жұрнағы жалғанып та айтылады: орындайық-шы, келіңдер-ші, айтпаңдар-шы, отыр-шы, т.б.​​​​​​​ 
Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмау шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Көп оқысаң, көп білесің. Кешікпей келсең, көрер едің. 
ЕТІСТІКТІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ 
1Етістіктің шақ, рай тұлғалары жіктеліп келгенде, тұйық етістік жатыс септігі тұлғасында тұрып немесе тұлғаланбай-ақ сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Біз Алатау бөктеріне саяхатқа шықтық. Олардың мақсаты – алған тапсырманы дер кезінде орындау.
2. Көсемше тұлғасында тұрған етістік қимылдың әртүрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Алтын таң рауандап (қалай?) атып келеді. Тұйық етістік көмектес септігінің жалғауын меңгеріп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш болады. Адам еңбектенумен (қалай?) мақсатына жете аладыКөп жаттығу арқылы (қалай?) жетістікке жетті.
3. Есімше және тұйық етістік тұлғасындағы етістік атау септікте заттанып келіп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Оқу (не?) адамды мұратқа жеткізедіОқыған (кім?) – озар, оқымаған (кім?) – тозар. Әдепті болу (не?) – адамилық қасиет.
4. Есімше тұлғасындағы етістік және ілік септігіндегі тұйық етістік зат есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Айтар (қандай?) сөзіңді ойланып ал. Көңіл - жеткізбейтін (қандай?) көк дөнен. Ойлаудың (ненің?) шегі жоқ.
5. Тұйық етістік не есімше тұлғасындағы етістік атау мен іліктен басқа септікте тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. Оқудан (неден?) жалықпаБілуге (неге?) талпынған – жақсы қасиетБақылауды (нені?) күшейткен дұрысБілгенге (кімге?) маржан, білмеске (кімге?) арзан.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет