Сабақтың ортасы
35 мин.
|
РОБОТТАРДЫҢ АТҚАРА АЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ Робот техникасының дамуы робаттардан көбірек дербестікті және сыртқы ықпалдардың өзгеруіне бейімделгіштікті талап етеді. Робот борттық сенсорлық құрылғылардың көмегімен өздігінше ақпарат жинай алуы, оны өңдеп, орындалатын жұмыстар туралы алдын ала, ортаның жағдайы айтарлықтай өзгермей тұрғанда шешім қабылдауы қажет. Әскерді робаттандыру ҚР Қаруылы Күштерін жаңашаландыруда және жетілдіруде алдыңғы орында тұрады. Дәл осы роботтандырылған техниканың және қару - жарақтың болуы, оны шебер қолдана білу заманауи армияның бәсекеге қабілеттілігінің критериі болып табылады.
Әскери робаттардың атқару мүмкіндіктері мол, олар ұрыс даласында алдымен барлау жүргізу, тұрақты және қозғалыстағы нысаналарды анықтау және жою, бөлімшелерді ату көмегімен қолдау, маңызды нысандарды күзету және қорғау сияқты тапсырмаларды орындауға бағытталған. Пайдалы жүктемесіне қарай робот түтіндік бүркеу жасай алады, алыстан мина орнатады және жаудың миналы далаларында өткел ашады. Қажет болғанда түрлі жүктерді, оқ - дәрі таси алады
SLAM Автономды қозғалғыш робот техникалық жүйелердің орнын анықтауды екі құрауышқа ажыратуға болады: карта жасау және роботты жергілікті жерге «сіңдіру». Бірінші мәселе қоршаған ортаның картасын құрумен аяқталады, яғни роботқа оған белгілі әдіспен ол тани алатын және олар туралы барлық ақпаратты белгілі жадына кіргізетін, келешекте робот оларды тікелей өз тапсырмасында пайдалана алатын, түрлі текті нысандарды, кедергілерді, белгілерді белгілеп көрсету қажет. Бұл мәселені шешуде роботтың кеңістіктегі өз орнын (жағдайын) басқа нысандарға қатысты анықтай алуы өте маңызды.Робот өз орнын анықтауды жергілікті жердің (кеңістіктің) қолда бар картасы, сонымен бірге өзінің бақылауларына сүйеніп орындауы мүмкін. Оңтайлысы, роботта қоршаған кеңістіктің картасын жүктеп алу қажет. Тәжірибеде мұндай мүмкіндік әрдайым бола бермейді, сондықтан роботқа жергілікті жердің картасын, сонымен бірге осы жергілікті жерде өз орнын анықтауды және қозғалу траекториясын құруды үйрету мәселесі туындайды. Осы мәселенің шешу әдісін баяндайтын білім саласы SLAM (Simultaneous Localization And Mapping) деп аталады. SLAM қандай да бір нақты алгоритм емес, ол жоғарыда аталған мәселені шешуге арналған әдістер мен техниканың жиынтығы екенін ескерген жөн. Қазіргі сәтте аппараттық бағдарламалық мүмкіндіктерді пайдаланатын көптеген алгоритмдер бар. SLAM әдістерімен кез келген жұмыс нысанға дейінгі қашықтықты анықтау, сонымен қатар алдыңғы орынға қатысты өз қозғалысын сипаттау мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Сондықтан аппараттық көзқарас бойынша SLAM қашықтықты анықтаудың түрлі текті жүйелері және одометрия жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
|
Жаңа тақырыпты қабылдауға бағытталып,
назарын оқылатын материалға аударуы керек.берілген тапсырмаларды талқылайды.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»
«Өте жақсы»
деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Электрондық оқулық. Презентация
|