- Балалар, жаратылыстану пәнінде, біздер, үнемі тәжірибе жасап үйренеміз. Өзіміз үшін жаңалықтар ашамыз.
- Бүгін де, біз, зерттеушілер боламыз, ал біздің сынып зертханаға айналады.
- Бірақ алдымен зертханада жұмыс істеуге дайынбыз ба?
- Ол үшін мен, сіздерді тексеріп алайын.
1 – сынақ. (Ұ) «Ақиқат не жалған»
Ғарыш - бұл шексіз кеңістік Ақиқат
Біз өмір сүріп жатқан планета Юпитер деп аталады Ақиқат
Жер - Күн Жүйесіндегі планеталардың бірі Жалған
Күнде өмір бар Ақиқат
Ғарыш кемелері стадионнан ұшырылады. Ақиқат
Ғарышты зерттейтін зертхана расытхана деп аталады Ақиқат
Алғашқы телескопты Галилео Галилей тапты. Жалған
Бағалау: Өзін- өзі бағалау
- Бәрекелді, бірінші сынақтан сүрінбестен өттіңіздер.
2 – сынақ. (Ө) Жұмбақтар шешу
Балалар жұмбақтарды шешеді, мұғалім тақтаға жұмбақтың шешуінің суреттерін бекітеді.
Зер, зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем. (ЖЕР)
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi. (ГЛОБУС)
Бағалау: Бірін-бірі бағалау «Үш шапалақ»
- (Ө) Енді үшінші сынақ.
- Біз, бүгінгі сабақтың зерттеу тақырыбын анықтауымыз керек.
- Тақтада ілінген суреттерге қарап, бүгінгі зерттеу тақырыбын анықтаңыз.
- Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Шынында да, біз ғарыш тақырыбында зерттеу жұмысымызды жалғастыра береміз. Ал бүгінгі сабағымызда Жердің планетасы туралы көбірек білетін боламыз.
- Сабақ барысында Жер деген сөзді көп қолданамыз. Сол себепті Жер сөзін үш тілде айтып үйренейік.
Жер - земля - earth
|