Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы



Дата25.02.2016
өлшемі161.5 Kb.
#20470
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Тарих және шетелдік студенттермен

жұмыс факультетінің деканы

____________________Б.С. Жұмағұлов

«_____» _____________2015 ж.


«6M011400 – ТАРИХ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы,


2015 ж.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6M011400–Тарих» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: т.ғ.к., доцент Байсалбаева Т.М.

т.ғ.к., доцент Тілеубаев Ш.Б.,

т.ғ.к., доцент Қалыбекова М.Ч.

«Әлеуметтік тарих» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № 9 хаттама, «28 » сәуір 2015 ж.





Кафедра меңгерушісі:

___________

М.Қ. Қойгелдиев




«Қазақстан тарихы» курсының

бағдарламасы
І Бөлім

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының негізгі тарихи деректеріне сипаттама. Қазақстан тарихының деректеріне жалпы түсініктеме. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының негізгі тарихи деректеріне сипаттама. ІХ-ХІІІ ғ.ғ. араб және парсы деректері. ХІ-ХІІІ ғ.ғ. Шығыс Европа және Алдыңғы Азия деректері. Грек –Қытай және т.б. деректер. Х-ХІІІ ғ.ғ. тарихи шығармалар.

Қазақстан аумағындағы тас ғасыры. Дәуірлерге бөлу. Қазіргі археологиялық зерттеулер және олардың нәтижелері. Оңтүстік, Солтүстік –Шығыс Қазақстандағы палеолит ескерткіштері. Қазақстан территориясындағы Мезолит және Неолит. Ежелгі адамның шаруашылық және қоғамдық өмірінің эволюциясы.

Қазақстан аумағындағы сақ тайпасының одақтары. Орта Азиядағы біріккен сақтардың, сарматтардың және басқа автохтонды тайпалардың этногенезі жайлы тарихи деректер. Қоныстануы. Шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. (Иран, Қытай) Сақ мәдениеті. Әлем тарихындағы көшпенділердің ролі.

Үйсіндердің ерте мемлекеттік бірлестігі. Үйсіндер жайлы деректер (Қытай деректері). Үйсіндердің пайда болуы жайлы пікірлер. Үйсіндердің қоныстану территориясы. Әлеуметтік-экономикалық тарихы және әскери – саяси ұйымы. Үйсіндер «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДА». Үйсін мәдениеті.


ІІ Бөлім

ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА


Ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы. Қазақстан тарихындағы Түркі дәуірі және оның тарихтағы маңызы. Түркілер мемлекеттілігінің құрылуы. Қоғамдық құрылымы және шаруашылығы. Қағанаттар дәуірі. Қағанаттардың әлеуметтік-этникалық тарихы.

Қыпшақ хандығы. «Дешті қыпшақ». Қыпшақтардың этникалық тарихының негізгі кезеңдері. Шығу тегі және ішкі этникалық құрамы, қоныстануы. Қыпшақтардың Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Европаның көршілес халықтарымен саяси қарым-қатынасы. Моңғол жаулап алуына дейінгі кезеңдегі қыпшақтардың қоғамдық құрылысы мен мемлекеттілігік формасы. Қыпшақтардың қазақ халқының қалыптасуындағы ролі.

Қазақстан Алтын Орда құрамында. Алтын Орданың этникалық-саяси құрылымы және мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. Алтын Орда мемлекеттеріндегі ұлыстық жүйенің қалыптасуы. Тақ үшін талас. Алтын Орданың халықаралық байланыстары. Алтын Орданың Евразиядағы тарихи оқиғаларға әсері.

XIV-XVғғ. басындағы Қазақстанның саяси дамуы. Ақ Орда. ХҮІ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы саяси жағдай, этникалық-мәдени даму. ХІҮ ғ. Ақ Орда. Ақ Орданың мемлекеттік және әкімшілік құрылысы.

Қазақ хандығының және халқының қалыптасуы: кезеңдері, ерекшеліктері, проблемалар. Қазақ мемлекеттілігі туралы қазіргі пікір таластар. Жәнібек пен Керей хан ұлысының Жетісуға көшіп келуі (1459). Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы. Жәнібек пен Керей билігінің өзбек-қазақ ұлысында беки түсуі.

Қазақ халқының құрамына енген этникалық компоненттер. Мырза (Мұхаммед) Хайдар Дулатидың (1500-1551) «Тарихи Рашидиі» Қазақ хандығының ерте тарихы жөнінде. Тарихи әдебиеттегі «қазақ» этнонимі. Өтеміш қажының «шыңғыс-наме» шығармасы қазақ халқының қалыптасуы тарихын зерттеудегі негізгі дерек.

Тәуке хан басқарған дәуірдегіқазақ хандығының нығаюы. Тәуке ханның заңдары (1680-1715). «Жеті Жарғы». Тәуке хан тұсында билердің ықпалының күшеюі. Тәуке ханның үш жүзді біріктіру әрекеті. Қазақстанның Орта Азия, Сібір хандықтарымен қарым-қатынасы. Қазақстанның Ресеймен дипломатиялық байланыстары.
ІІІ Бөлім

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА


XVIІ-XVIII ғғ. бірінші ширегіндегі жонғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының тарихнамасы. Жәңгір ханның (1628) Жоңғариямен азаттық үшін соғысуы. ХҮІІІ ғ. басында қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. 20-40 жж. жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Оңтүстік қалалардан айрылу. Ордабасындағы съезд. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Аңырақай шайқасы.

Абылай хан - саясаткер және дипломат. Абылайдың (Әбілмансұрдың) әскери және мемлекеттік қызметінің басталуы. Оның ішкі және сыртқы саяси ұстанымдары. Абылай – мәмлегер. Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Жоңғарияның талқандалуы. Шығыс Қазақстан мен Іле өңіріндегі тарихи қазақ жерлерінің қайтарылуы. Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы күресте Абылайдың тарихи орны.

Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі. Қазақтардың 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісі: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңілу себептері. Біртұтас мемлекеттілікті қайта қалпына келтіру жолындағы күрес. Кенесары хан тарихи әдебиетте.

Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі: процестің мәні, мәселеге жаңаша көзқарас. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихнамасы. Ресей империясының бейбіт және әскери отарлау әдістері. Отарлаудың экономикалық, әскери, дипломатиялық, рухани қырлары мен іске асу барысы. Ресейдің Қазақстандағы ықпалының нығаюының салыстырмалы талдауы.

Патшалық биліктің қоныс аудару саясаты. Жергілікті халықтың жерін тартып алу. Қазақ жерін Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцев экспедицияларының тексеруі. Қоныс аудару туралы заңдар және оның сипаты. «Село тұрғындары мен мещан-жер өңдеушілерді қоныстандыру туралы» Уақытша ережелердің (6 маусым 1904 ж. Және 9 шілде 1919 ж.). «Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы қоныстанушыларға, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктерге арналған мемлекеттік жер қорын анықтау тәртібі жөнінде» деген заңдардың мазмұны. Столыпиннің аграрлық реформасы және Қазақстандағы «жерден ығыстыру» саясатының жүзеге асырылуы, оның қазақтардың шаруашылығының дәстүрлі тәсіліне ықпалы. Қазақстандағы қоныстандыру қозғалысы тарихи әдебиетте.

XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басындағы Қазақстандағы халыққа білім берудің дамуы. 1867-1868 жж. реформадан кейінгі халық ағарту ісінің жағдайы. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі. Мектеп жүйесінің дамуы. Орта арнаулы және діни оқу орындары. Қазақ жастары Ресей және Европа жоғары оқу орындарында.

Ұлттық – демократиялық интеллигенцияның патшалықтың отаршылдық саясатына қарсы күресі (1905-1910жж). Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрістеуі және Қазақстандағы әлеуметтік қарама-қарсылықтың шиеленісуі. Қазақстардың алғашқы съездері және қазақ зиялыларының қызметі. Қазақтың саяси баспасөзінің дүниеге келуі. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің идеялық-саяси мазмұны. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың қызметі. Марксистік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың пайда болуы. «Үш жүздің» бағдарламасы. Мемелекеттік Думаға сайлауға қазақтардың қатысуы.

1916 ж. Қазақстандағы ұлт- азаттық көтеріліс. 1916 ж. 25 маусымдағы Жарлық. 1916 ж. Көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Көтерілісшілер әскерін ұйымдастырушылар А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекейұлы, К.Көкімбайұлы, Ә.Жанбосынұлы және т.б. қызметі. Үкіметтін жазалау шаралары. Көтерілісшілердің әскери өнері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға ауа көшуі.

1916 ж. көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Қазақстанның тарихнамасындағы 1916 ж. көтеріліске баға берудегі жаңа көзқарастар.

«Алаш» партиясының құрылуы және оның қызметі. «Алаш» тарихнамасы. Бірінші жалпықазақ съезі және «Алаш» партиясының құрылуы. Партияның бағдарламалық қағидалары. «Алаш» партиясының белді қайраткерлері және оның қызметі.


ІҮ Бөлім

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшеліктері. Қоғамдағы Қазан революциясының әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері туралы пікір таластар. Өлкедегі әлеуметтік-саяси ахуал. Азаматтық қарсы тұру. ІІ Жалпықазақ съезі және оның автономия туралы шешімі. Алаш» партиясы – саяси күрес факторы. Кеңестің алғашқы қадамдары және қоғамның оларға көзқарасы.

Қазақстан Азамат соғысы жылдарында: соғыс майдандарының құрылуы, күштердің арасалмағы. Қазақстанның оңтүстігінеде, солтүстік-шығысында Кеңес өкімеиінің құлатылуы. Қазақстан әскери қимылдар жылдарында. Өлкенің батысы мен оңтүстігіндегі оқиғалар. Жетісу, Орал, Ақтөбе, Түркістан майдандарының құрылуы. «Ақ» және «қызыл» террор. Соғыс кезіндегі саяси партиялар мен қозғалыстар. Жергілікті жерлердегі «ақтар» мен «қызылдардың» идеологиясы, саясаты. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық, саяси нәтижелері.

1920-1930 жж. Казақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс. Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі. Ревкомнан Кеңестерге өту. 1920 ж. 26 тамызда ҚазАКСР-інің құрылуы. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылыс. ҚАКСР-нің құрамына қазақ жерлерін біріктіру және осы жөніндегі айтыс-тартыстар. Территориялық әкімшілік бөлініс. Демографиялық ахуал. 1926 ж. санақ нәтижелері.

1930-шы жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Жергілікті халықты отырықшылыққа күштеп көшіру туралы сталиндік саясат, ірі «бай-феодалдардың» шаруашылығын тәркілеу. 1932-1933 жж. Қазақстандағы ашаршылық. XX ғ. 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы шаруалардың қарсыласу қозғалысы: нәтижелері, салдары, көлемі мен аумағы.

Қазақстанға халықтардың күштеп көшірілуі (депортациялануы). Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы халықтарды Қазақстанға депортациялау. Идеологиялық саяси террордың одан әрі қанат жаюы. Қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың Қазақстанға күштеп көшірілуі және оларды орналастыру. 30-шы жылдардың екінші жартысынан адамдарды этникалық тегіне қарай депортациялаудың орын алуы. Қазақстандағы поляктар: орналасқан жерлері, саны, көшіру этаптары. Кәріс халқан депортациялау. Әзірбайжан, күрд, түрік, армяндарды 1937-1939 жж. көшіріп алып келу. Қазақстанның халық саны мен этникалық құрамының өзгерістері. 1939 ж. санақ.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда әскери бөлімдер мен құрамалардың құрылуы. Ұлттық әскери құрамаларды құру. Қазақстан жерінде құрылған 195 және 196-ны атқыштар дивизиясы және оның жүріп өткен әскери жолы. 310 мен 314 атқыштар дивизиясы. 38 кейіннен 73-ші гвардиялық дивизиясы және т.б. Ұлттық әскери бөлімдер мен құрамалардың соғыс жылдарындағы ерлігі мен маңызы.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: әлеуметтік- экономикалық салдары. Шауашылықтағы жағдай. Тыңайған жерлерді игеруге бағыт алу. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеруге қазіргі тарихи баға мен көзқарас. Тыңды игерудің экономикалық, экологиялық, этнодемографиялық салдарлары.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары. Демократияландыру мен жариялылық. Қайта құрудың басталуы, оның сипаты. Республикадағы қоғамдық-саяси ахуал. Алматыдағы Желтоқсан оқиғалары (1986) оның себептері мен салдарлары. Желтоқсан оқиғасы төңірегіндегі пікір таластар.

Қазақстан Республикасы - егеменді тәуелсіз мемлекет: проблемалар, дамудың бағыттары. Қазақ КСР-інің әтуелсіздігі туралы декларацияның қабылдануы. Президенттік басқаруды енгізу. Заң шығару билігі. ҚР Конституциясы. Экономикалық, әлеуметтік даму мәселелері мен проблемалары. Сыртқы саясатты қалыптастыру. ҚР халықаралық байланыстары. Дамудың басым бағыттарын анықтау мен оларды іске асыру барысы.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының қазіргі кезеңдег ролі мен маңызы. Қазақстандағы ұлттық саясат. ҚР – көп ұлтты және көп концессиялар өмір сүретін мемлекет факторын қабылдау және жүзеге асыру. 1995 ж. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы. Ассамблеяны құрудағы мақсат және оның Ережесі. Ассамблеясының сессиялары. Жалпықазақстандық отансүйгіштік сезімін қалыптастыру барысы. Қазақстан халықтарының мәдени дамуы.



Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы. «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарының көздері, мәні, мазмұны мен ерекшеліктері. Осындай стратегиялық жоспарлардың әлемдік аналогтары.

«ЖАЛПЫ Тарих» курсының

бағдарламасы
Әлем тарихының кезеңдері және оған сипаттама беру. Әлем тарихының кезеңдерге бөлінуі, оның заңдылықтары. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық құрылыс және капиталистік қоғам, олардың дамуындағы ерекшеліктер. Адамзат дамуының негізгі кезеңдері. Алғашқы қауымдық құрылыс және оның даму кезеңі мен шеңбері. Әлем тарихын кезеңдерге бөлу туралы жаңа көзқарастар. Ежелгі дүние тарихы. Орта ғасырлар тарихы. Жаңа және қазіргі заман тарихы.

Тарихи процестерді формациялық тұрғыдан зерттеу. «Формация» деген сөздің түсінігі. Қоғамдық формациялар, олардың түрлері, дамуы мен ерекшеліктері және әр формацияның өзіне тән қасиеті мен бір формациядан екіншіге өту. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі. К. Маркс пен Ф. Энгельс және олардың «қоғамның дамуы экономикалық дамуға байланысты» - деген концепциялық көзқарастары. Тарихи процестерді қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуы ретінде түсіну. Бір қоғамдық-экономикалық өркениеттен екіншіге ауысу мәселесі.

«Өркениет» термині және оның маңызы. «Өркениет» түсінігі. Өркениеттің түрлері. Ежелгі өркениет, орта ғасырлық өркениет, жаңа және қазіргі заман өркениеттерінің даму заңдылықтары, ерекшеліктері мен ұқсастықтары. «Өркениет» термині және оның маңызы. Өркениеттің түрлері, олардың даму заңдылықтары. Өркениеттің дамуына әсер ететін жағдайлар мен оның критерийлері.

Қазіргі өркениетке Ежелгі Шығыс өркениетінің қосқан үлесі. Батыс пен Шығыс өркениеті арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Ежелгі қоғамнан бастап қазіргі кезге дейінгі өркениеттің қалыптасуы мен даму заңдылығы, ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Ежелгі Шығыс өркениеті - дүниежүзілік өркениеттің құрамдас бөлігі және оның ортақ өркениетке қосқан үлесі, маңыздылығы мен қалдырған ескерткіштер мен ежелгі қоғамның мұралары.

Тарихи үрдістерге өркениет тұрғысынан қарау. Тарихтың даму заңдылықтары. Адамзат қоғамының қалыптасуынан бастап - бүгінгі күнге дейінгі даму кезеңіне сипаттама. Формациялар және олардың арасындағы байланыстар мен ерекшеліктер. Даму заңдылықтары, қалыптасуы, дамуы, құлдырауы және қайта өрлеу. «Өркениет» түсінігі. Тарихи даму процесінің өркениеттердің ауысуы ретінде түсіндіру. Адамзаттың дамуы өркениеттердің бір-бірімен алмасуы. Даму, өркендеу, және өркениеттің құлдырау кезеңдері.

Ежелгі Шығыс өркениетінің саяси белгілері. Ежелгі Шығыс өркениетінің ерекшеліктері мен маңызы. Өркениеттің қалыптасуы мен дамуы. «Ежелгі Шығыс» мемлекеттері. Олардың қалыптасуы мен дамуы. Мемлекеттің пайда болуы мен өркендеуі. Шығыс елдеріндегі мемлекеттік құрылыс. Ежелгі Шығыс халықтарының тілі, шаруашылығы, діні, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті. «Шығыс деспотизмі» түсінігі. Ежелгі Шығыс өркениетінің ескерткіштері, ежелгі Шығыс өркениеті - дүниежүзілік өркениеттің бір құрамдас бөлігі. Шығыс пен Батыс өркениеті. Өркениеттің түрлері, оның ішіндегі Шығыс өркениеті. Өкіметтің деспоттық белгісі. Өкімет билігінің билеуші қолына жинақталуы. Өкіметті мұралық жолмен билеудің орнауы. Билеуші өкімет орындарының қалыптасуы. Коп санды әскери күштердің қалыптасып дамуы. Заң шығарушы өкімет орындарының пайда болуы.

Ежелгі антикалық қоғам өркениетінің белгілері. Антикалық өркениет. Оның белгілері мен ерекшеліктері, дамуы. Антикалық қоғам-Греция мен Рим мемлекеттерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары. Демократия. Республика. Полистер. Мемлекеттік билік. Антикалық қоғамның өзіне тән белгілері. Антикалық мәдениет және оның мұралары.

«Антикалық қоғам» оның белгілері мен ерекшеліктері. Греция мен Рим мемлекетінің мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы. Демократия, халық билігі, сот істері, заңдар және оларды жүзеге асыру жолдары. Сыртқы және ішкі саясаты. Антикалық өркениеттің өзіне тән белгілері мен ерекшелігі. Антикалық өркениет ескерткіштері, мұралары.



Жеке адамның тарихтағы орны (Ю.Г.Цезарь, П.К.Тацит). Жеке адамның тарихи дамудағы орнына сипаттама беру. Қоғамдық қызметі, қоғамға сіңірген еңбегі, творчествалық табыстары. Қолбасшылық, саясаткерлік және мемлекет қайраткері ретінде қоғамдық дамуға әсері. Ю.Г.Цезарь, П.К.Тациттің өмірі мен қызметіне және қоғамдағы алатын орнына тоқталу, жеке тұлға ретінде портретін жасау.

Қалалар-экономикалық, саяси және мәдени даму орталығы. Қалалардың қалыптасуы мен дамуы. Орта ғасырлық қалалар. Қала құрылысы. Қала мәдениеті. Қаладағы қолөнер мен мәдениеттің дамуы. Қала архитектурасы.

Орта ғасырлар тарихының кезеңдеріне сипаттама беру. Орта ғасырлар тарихының кезеңінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. Саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылысы. Орта ғасырдағы қалалар. Орта ғасыр мәдениеті. Орта ғасырдағы мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы. Сыртқы және ішкі саясаты. Орта ғасырдағы ғылым мен білім.

Феодалдық қарым-қатнастар, феодалдық дамудың жолдары. Феодализмге сипаттама. Феодалдық қоғамдық құрылыс, оның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы. Феодалдық шаруашылықтар мен оның түрлері. Алым-салықтар. Феодалдық қарым-қатнастар және оны реттеу жолдары. Сауда, қолөнер, сыртқы байланыстар. Соғыстар және олардың нәтижелері мен салдары. Феодалдық шиеленістер және оның мәні мен мақсаты. Феодалдық қоғамның құлдырауы.

Дін мен шіркеудің ортағасырлық қоғамдағы орны. Діни көзқарастардың қалыптасуы. Дүниежүзілік діндер, олардың қоғамдағы орны мен мәні. Дінмен шіркеу арасындағы қарым-қатнастар. Шіркеулік реформалар мен олардың нәтижелері. Орта ғасырдағы діни ағымдар және олардың өкілдері мен көзқарастары. Қоғамдық қарым-қатнастардың дамуына дінмен шіркеудің әсері.

Батыс Европалық елдердегі феодалдық даму және оның Шығыстан ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның қалыптасуы мен дамуы. Феодалдық шаруашылықтар. Феодалдық рента. Батыс Европалық елдердегі феодалдық қатнастардың Шығыс елдеріндегі феодалдық қоғамнан ерекшелігі мен ұқсастығы.

Дипломатияның тарихи түрлері. Сыртқы саясат түсінігі және дипломатия. Дипломатияның пайда болуы. Құлиеленуші қоғамның дипломатиясы. Феодалдық қоғамның дипломатиясы. Буржуазиялық дипломатия. Социалистік дипломатия. Дамушы елдер дипломатиясы.

ХVІ-ХVІІ ғғ. Еуропалық елдердің сыртқы саясаты пен дипломатиялық саясатының басты бағыттары. Еуропаның ХVІ ғ. саяси-географиялық ерекшелігі. Дипломатияда мемлекеттік мүддені сақтау принципі. ХVІ ғасырдағы Испания, Франция, Англия және Ресей дипломатиясы. Испандық үстемдік кезеңі.

Еуропада ХVІІ ғасырда мемлекеттердің бірінші орынға шығу үшін таласы және дипломатия. Генрих ІV пен Ришельдің дипломатиясындағы «негізгі шекара» және «саяси тепе-теңдік» принциптері. 1648 ж.Вестфаль бейбіт келісімі. ХVІІ ғ. екінші жартысындағы Людовик ХІV дипломатиясы. Француздардың үстемдік кезеңі.



Вена конгресі және ұлы державалар дипломатиясы. Конгрестің мақсаты. Оған қатысушылар арасындағы қатынастар. Конгресті ұйымдастыру. Поляк-саксон мәселесі. Герман мәселесі. Италияндық мәселе. Негізгі қатысушылар арасындағы қарама-қарсылықтар. 1815ж.3 қаңтардағы келісім. Вена конгресінің шешуші кезеңі. Вена жүйесі және оның қарама-қайшылықтары мен салдары.

ХІХ ғасырдың аяғы –ХХ ғ. басындағы соғыс-саяси одақтарының құрылуы.

1879 ж. австро-герман одағы. 1882 жылғы Үштік Одақтың құрылуы. Француз-орыс одағының құрылуы (1891-1893 жж.). 1902 ж. ағылшын-жапондық одақ. Антантаның құрылуы(1904ж.). 1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі. Үштік Антантаның құрылуы.



«Қырғи-қабақ соғыс» саясаты жылдарындағы ірі державалардың дипломатиясындағы негізгі бағыттар.

Еуропаның бөлшектенуі (Маршалл жоспары, ГФР мен ГДР құрылуы). Әскери-саяси блоктардың құрылуы: НАТО, АНЗЮС, СЕАТО, СЕНТО, Бағдат пактісі, ОВД. Бейбітшілік мәселесі және Еуропалық бірлестік (СБСЕ). Атом бомбасын қолданбау мәселесі, 60-80 жылдардағы қарулануды шектеу және жаппай қарулануды тоқтату мәселесі.



Қоғамдық прогресс және оның тарихи процеске әсері. Прогрестің критерийлері.

Қоғамдық прогресс түсінігі. Нақты тарихи жағдайларда оның көрініс беруі, пайда болуы. Прогресс критерийлері.



«Қырғи-қабақ соғыс» саясаты және оның салдары.

«Қырғи-қабақ соғыс» саясатының басталуы және оның кезеңдері. Қоғамның қарама-қарсы екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлінуі. Екі жүйе арасындағы бақталастық пен жаппай қарулану саясаты. АҚШ пен КСРО арасындағы шиеленістер және екі мемлекет арасындағы қарым-қатнастың еуропалық елдерге тигізген әсері. «Қырғи-қабақ соғыс» саясаты кезіндегі КСРО-ның сыртқы саясаты. КСРО-ның ыдырауы. «Қырғи-қабақ соғыс» саясатының жойылуы.



БҰҰ құрылуы және оның дүниежүзілік саясаттағы рөлі.

БҰҰ құрылу себептері. Оның ұйымдастырушылық принциптері. БҰҰ - ның халықаралық ұйымдары: ЮНЕСКО, МВФ, МАГЭТЭ. БҰҰ-ның халықаралық шиеленістерді шешу барысындағы рөлі.



Таяу Шығыстағы шиеленістер оны шешу жолдары.

Таяу Шығыстағы шиеленістердің пайда болуының негізгі себептері мен сипаты. Оның негізі. Оны шешу жолдары. Таяу Шығыс шиеленісін болдырмау бағытындағы атқарылып жатқан істер.



Тарих және қоғам.

Гуманитарлық ғылымдардағы тарихтың алатын орны. Қоғамдағы тарихтың алатын орны. «Қоғам» түсінігі. Адам және қоғам. Тарих пен қоғамның қарым-қатынасы.



Жаңа саяси революциялардың негізгі белгілері мен сипаттамасы.

«Жаңа саяси революциялар» ұғымы. Жаңа саяси революцияларды кезеңдерге бөлу. Жаңа саяси революция - тұтынушылық экономикадан өндірушілік шаруашылыққа өту ретінде.



О.Шпенглер мен А.Тоинбидің локальдық өркениет ілімдері. .

О.Шпенглер мен А.Тоинби - дүниежүзілік тарихты өркениет тұрғысынан қарау теориясының негізін салушы көрнекті қайраткерлер. Локалдық өркениеттер теориясының мазмұны.



Антикалық дүниенің саяси белгілері. Демократия мен республикалық биліктің алғашқы белгілерінің пайда болуы. Азаматтық құқық пен сот жүйесінің негіздерінің қалыптасуы. Үжымдық өкімет билігі принципінің пайда болуы. Мемлекеттегі соғыс ұйымдарының дамуы.

Жеке адамның тарихтағы орны (Александр Македонский, Ганнибал). Жеке адамның тарихтағы орны туралы Александр Македонский мен Ганнибалдың портреттерін ала отырып түсіндіру. А.Македонский (б.э.д.356-323 жж.), Ганнибал(б.э.д.247-183 жж.). Көзқарастарының қалыптасуы, идеялары мен олардың қызметі және қоғамдағы орны. Қоғамның дамуына қосқан үлесі мен оның кезеңіне сипаттама.

Жеке адамның тарихтағы орны(Хлодвиг, Ұлы Карл).

Тарихтағы жеке адамның орны туралы Хлодвиг (б.з.466-511 жж.) және Ұлы Карл (б.з. 742-814 жж.) өміріне сипаттама бере отырып түсіндіру. Олардың көзқарастары, идеясы мен қоғамның дамуына қосқан үлестері.



Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелері.

Қазіргі кездегі экологиялық проблема. Халықаралық терроризм мәселесі. СПИД. Қайыршылық пен саяси құқықтың бұзылуы. Демография. Жұмыссыздық. Наркомания.



Исламдық фундаментализм проблемасы.

Исламдық фундаментализмнің қалыптасуының негізі. Оның негізгі ағымдары мен бағыттары. Исламдық фундаментализммен күресудің жолдары.



ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні және оның міндеттері. Тарихты оқыту әдістемесі жөнінде жалпы түсінік. Пәннің мақсаты мен міндеттері. «Тарихты оқыту әдістемесінің» басқа пәндермен байланысы.

Оқыту методикасының педагогикалық пәндер жүйесінде алатын орны. Тарихты оқытуда методикалық жүйенің қалыптасуы. Методиканың ғылым ретінде қалыптасуын анықтайтын факторлар. «Тарихты оқыту методикасының» тарихи және әлеуметтік-саяси пәндермен байланысы. Тарихты оқыту үдерісіндегі зерттеу әдістері. Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесінде тарих пәнінің алатын орны. ҚР мектепте тарихтан білім берудің қазіргі құрылымы.

Мектеп тарих сабағын оқытуда оқушылар қызығушылығын арттыру және оны дамыту. Тарихты оқыту мотивациясы. Оқушылармен жұмысты ұйымдастыруда орын алатын жеке-психологиялық факторлар. Оқушылардың шығармашылық қызметі. Мұғалім мен оқушылардың жеке тұлғалық қарым-қатынасы.

Мектепте тарих сабағын оқытудың мақсаты. Білім берудегі мақсат. Дамытуға бағытталған мақсат. Тарихи білім берудің тәрбилік мәні.

Қазақстанда тарихты оқыту методикасының дамуы. Революцияға дейінгі мектептердегі методиканың дамуы. Методиканың кеңес кезеңіндегі дамуы. Тарихтан сабақ беру әдістемесінің қазіргі мәселелері мен тарих ғылымының дамуының тенденциясы.

Тарихтан сабақ берудің бағдарламалары, стандарттары мен тарихты оқыту методикасы жөніндегі оқулықтар. Тарих бойынша бағдарламаның құрылымдық компоненттері. Білім берудің мазмұны. Бағдарламалардың түсінік хаттары. Мәселенің негізгі ұғымдары, идеялары мен мәселелері. Базалық және балама бағдарламалар.

Тарих оқулығы – оқытудың маңызды құралы ретінде. Тарих оқулығының құрылымдық компоненттері. Оқулық мәтіні. Мәтіннен тыс компоненттер. Оқулықтың әдістемелік аппараты. Базалық және балама оқулықтар. Сабақ уақытындағы оқулықпен жұмыс. Үй тапсырмасын орындауда оқулықпен жұмыс.

Мектепте тарихты оқытудың әдістері мен тәсілдері. Оқыту әдістерін сараптау. Оқыту қызметіндегі әдіс-тәсілдер - тарихи-әдістемелік категория ретінде. Тарихи материалдарды оқытудағы образды-эмоционалдық тәсілдер.

Фактілік материалдарды оқыту тәсілдері. Оқиғалы-фактілер. Құбылыс - факт ретінде. Үдеріс - факт ретінде. Адамдар образы.

Теориялық материалдарды игеруді үйрету тәсілдері. Теориялық материалдарды ауызша мазмұндауға үйрету әдістері. Теориялық материалдарды жазбаша және кескіндеу (жоспар, тезси, кесте, логикалық схема және т.б.) арқылы мазмұндау. Теориялық материалдарды ұғыну, талдау, қорыту.

Картографиялық материалдарды оқыту құралдары мен әдістері. Тарих бойынша карталарды классификациялау. Танымдық картографиялық тапсырмаларды типтеу. Картамен жұмыс.

Хронологияны оқыту құралдары мен тәсілдері. Хронологияны оқыту әдістерінің спецификасы. Хронологиялық кешендерді құру. Отандық және жалпы тарих оқиғалары мен құбылыстарын өзара байланыста оқыту.

Тарихты оқытуда тарихи деректің ролі. Деректану - әлем шындығын тануда маңызды әдіс ретінде Деректану: әлемдік танымның ерекше әдісі. Деректегі объективтілік пен субъективтілік. Тарихи шындық пен дерек, дерек пен тарихшы арасындағы диалектикалық байланыс механизмі. Тарихи танымның ретроспективті сипаты. Ақпарат туралы білім беруде тарихи дерек түсінігі. Пәнаралық байланыс бағытында тарихи деректі анықтау.

Дерек: мәдениет феномені және танымның реалды нысаны. Дерек: гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі антропологиялық бағдар (ориентир).

Бұқаралық деректер жөнінде түсінік. Тарихи деректер эволюциясы. Деректердің негізгі тенденциясы. Деректанудың негізгі методологиялық принциптері. Тарихи деректерді классификациялау проблемасы.

Тарих сабағындағы деректермен жұмыс. Тарихты оқытуда құжаттардың мен мәнi ролі. Тарихты оқытуда қолданылатын құжаттық материалдың негiзгi түрлерi. Оқушылардың тарихи құжаттармен жұмыс iстеу тәсiлдерi. Құжаттық материалдарды жiктеу. Тарихи құжаттар мен мәлiметтердi зерттеу методикасы. Мәлiметтi конспектiлеу. Тарихи мәлiметтердiң сипаты: авторы, жасалу уақыты, жанры, негiзгi идеялары, тақырыптары мен көркемдiк ерекшелiктерiн анықтау.

Тарих сабағында деректік материалдар және көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері. Жазба деректердің түрлері. Оларды қолдану әдістері. Тарихты оқытуда көркем әдебиетті қолдану әдістері.

Тарихты оқытуда көрнекiлiк құралдарын пайдалану. Тарихты көрнекiлiк құралдармен оқытудың функциясы мен мәнi. Тарих кiтаптарындағы иллюстарциямен жұмыс iстеу тәсiлдерi. Тарихты оқытудағы шартты көрнекiлік. Пәндiк көрнекiлiк және оның танымдық құндылығы. Қолданбалы көрнекiлiк және оның эстетикалық құндылығы. Шартты-графикалық құндылық және оқушылардың ойлау қабiлетiн жетiлдiрудегi шартты белгiлердiң маңызы. Картамен жұмыс. Тарихи карта - оқушылардың тарихи процестер байланыстарын ұғынудағы қажет әрi маңызды көрнекiлiк құрал. «Картаны оқу» шеберлiгі, картамен жұмыс iстеу методикасы. Шартты белгiлер, символдар және шартты тыныс белгiлері.

Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың негiзгi формасы. Тарихи тақырыптың мазмұны, бөлiмi, курс жүйесiндегi сабақтың орны. Сабақ – оқушы мен мұғалiм iскерлiгiнiң, методикалық тәсiлдердiң, мазмұнының жиынтығы. Қазiргi тарих сабағына қойылатын талаптар. Тарих сабағын оқытудың түрлері. Оқыту процесiнде барлық сыныптарды қамтитын, жан-жақты сабақты өткiзу ерекшелiктерi.

Мұғалiм баяндаған жаңа материалды түсiну сабақтары. Дағды мен шеберлiктi қалыптастыру, бiлiмдiлiктi тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама-жалпылау сабақтары. Бiлiмдiлiк пен шеберлiктi тексеру сабақтары. Семинар сабақтар. Ықпалдастық сабақтар. Тарих сабағының дидактикалық жабдықтары. Тарих сабағында мұғалiмнiң даярлануы. Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспары. Сабақтың жұмыс жоспары мен оның негiзгi компоненттерi. Сабақты бағалау критерийлері. Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары - факультативтер, тарихи үйiрмелер, тарихи олимпиядалар «КВН», конференциялар, пiкiрсайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинар және практикалық сабақтар. Оқу саяхаттары, кеңестерi, сынақтар. Оқу экскурсиялары, косультациялар, сынақ.

Тарихты оқытуда жаңа әдістеді қолдану. Ойын түрінде білім беру – тарихты оқытудың белсенді оқыту әдісі ретінде. Іскерлік ойындар, тарихи күрестер, театр түріндегі қойылымдар, конкурстар. Сабақ – жарыс, сабақ – саяхат ретінде. Өлкетанулық ойындар. Оқыту процесінде ойын түрінде білім беру технологиясы. Педагог, оқушы қызметінің алгоритмі. Сабақ өткізудің жаңа формасы: мазмұны, құрылымы, ұйымдастырылуы.

Оқытудың нәтижелері. Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеру әдістері, тәсілдері және оның түрлері, формалары.



«Қазақстан тарихы» курсынан емтихан сұрақтарының тізімі


  1. Қазақстан ғалымдары мен ойшылдары (ІХ – ХІІ ғғ.). Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи және т.б.

  2. Қазақ хандығы мен қазақ халқының құрылуы: кезеңдері мен ерекшеліктері, проблемалары.

  3. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының нығаюы. «Жеті Жарғы».

  4. Қазақстанның XV-XVII ғ.ғ. ғалымдары: Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр және басқалар.

  5. Абылай хан - саясаткер және дипломат.

  6. Қазақ халқының ХҮІІ – ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі жоңғар агрессиясына қарсы азаттық күресі.

  7. ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. «Зар-Заман» мектебі.

  8. ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы патшалықтың Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.

  9. Қазақстанның Ресейге қосылуы: үрдістің мәні, мәселені бағалаудағы қазіргі критерийлер.

  10. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың отарлыққа қарсы күресі. Мәселенің тарихнамасы.

  11. Ресей үкіметінің ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік реформалары.

  12. Қазақстандағы ХІХ ғ. бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. Мәселенің тарихнамасы.

  13. Қазақстанда халыққа білім берудің қалыптасуы және дамуы (ХІХ ғ. екінші жартысы –ХХ ғ.басы).

  14. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс: бағалануы, зерттеу бағыттары.

  15. ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлі.

  16. Қазақстандағы 1917 жылғы Ақпан: тарихи тәжірибе мен сабақтар.

  17. 1917 жылғы Желтоқсандағы Жалпықазақ сиезі. Алаш Орда үкіметі.

  18. ХХ ғ. 20-30-шы жылдарындағы мәдени қайта құрулар. Мәдениеттің большевиктік

концепциясы.

  1. Қазақстан ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның салдары.

  2. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оның салдары.

  3. Қазақстанға халықтардың күштеп көшірілуі (депортациялануы).

  4. Қазақстан хрущевтік реформалар жылдарында. Тың және тыңайған жерлерді игеру: салдары мен сабақтары.

  5. 1931-1933 жылдардағы аштық: экономикалық және демографиялық салдары.

  6. Алматыдағы 1986 жылғы көтеріліс: себептері мен салдары. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірді қайта құрудың проблемалары.

  7. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары мен қайшылықтары, жетістіктері және нәтижелері.


«Жалпы тарих» курсынан емтихан сұрақтарының тізімі


  1. Жаңа замандағы Еуропа қоғамының әлеуметтік құрылымы.

  2. XVI ғ. екінші жартысы – XVII ғ. басындағы Батыс Еуропадағы абсолютизм. Абсолютизмнің ұлттық түрінің қалыптасу ерекшелігі (Англия, Франция, Германия, Испания).

  3. XVI – XIX ғғ. буржуазиялық революциялар: ұқсастықтары және ерекшеліктері.

  4. XIX ғ. –XX ғ. басында Еуропа мен Америкада индустриалды қоғамның даму мәселелері.

  5. Фашизм тарихи феномен ретінде.

  6. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Европадағы интеграция.

  7. XVIII ғ. Француз буржуазиялық революциясы.

  8. Антигитлерлік коалицияның құрылуы, эволюциясы және ыдырауы. «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы.

  9. АҚШ-тағы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясат тұжырымдарының Ф. Рузвельттен - Р. Рейганға дейінгі аралықтағы эволюциясы (1933 – 1988 ж.ж.).

  10. Еуропадағы экономикалық және саяси интеграция.

  11. Италиядағы фашистік билік: қалыптасуы, ішкі саясатының негізгі бағыттары және құлауы.

  12. Германиядағы фашистік билік: қалыптасуы, ішкі саясатының негізгі бағыттары және құлауы.

  13. Еуропаның жаңа замандағы экономикалық дамуы.

  14. Ұлтшыл-социализмнің ішкі саясатының негізгі бағыттары. Соғыстан кейінгі Германиядағы «өткенді артта қалдыру» мәселелері.

  15. XX ғ. екінші жартысы –XXI ғ. басындағы социал-демократияның эволюциясы.

  16. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі стратегиялық қаруларды шектеу мәселелері.

  17. Халықаралық қатынастардың Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелері: салыстырмалы талдау.

  18. XX ғ. екінші жартысы –XXI ғ. басындағы трансатлантикалық қатынастар.

  19. Ұлыбританияның саяси жүйесінің эволюциясы ( ХIХ ғ. соңы – ХХ ғ.).

  20. Жаңа және қазіргі замандағы АҚШ-тың екі партиялық саяси жүйесінің эволюциясы.

  21. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы интеграция

  22. XIX ғ. соңы –XXI ғ. басындағы Германия мәселесі

  23. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Қарсылық қозғалысы

  24. Адамзаттың қазіргі кездегі мәселелері

  25. Техно-ақпараттық революция. Постиндустриалдық қоғам


«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары

1. Тарихты оқыту әдістемесі бойынша стандарттар, бағдарламалар және оқулықтар

2. Тарих оқулығы – оқытудың маңызды құралы ретінде

3. Мектепте тарихты оқытудың әдістері мен тәсілдері

4. Фактілік материалдарды оқытудың тәсілдері

5. Теориялық материалдарды оқытудың әдістері

6. Картографиялық материалдарды оқытудың оқытудың әдістері мен тәсілдері

7. Хронологияны оқытудың әдістері мен тәсілдері

8. Сабақ уақытында оқулықпен жұмыс істеу әдістері

9. Мұғалімнің сабаққа даярлануы

10. Дерек - мәдениет және танымның шынайы нысаны ретінде

11. Дерек гуманитарлық ғылымдардың антропологиялық бағдары (ориентир) ретінде

12. Мектепте тарихты оқытудың әдістері мен тәсілдері

13. Тарихи дерек және тарихи факт

14. Тарихи материалдарды оқытудың дәстүрлі емес тәсілдері

15. Деректанудың негізгі методологиялық принциптері

16. Тарихты оқытудың гностикалық қызметі (бағдарламаларды оқу, жоспарлау, оқу материалдарын сараптау)

17.Тарихты оқытуда қолданылатын көрнекіліктер

18. Оқыту процесінің нәтижелілігі

19. Тарихты оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру

20. Мектепте тарихты оқытудың мақсаты

21.Тарихты оқыту методикасы және отандық тарихтың даму тенденциясы мен қазіргі проблемалар

22. Қазақстанда тарихты оқыту методикасының дамуы

23. «Тарихты оқыту методикасы» пәні мен оның міндеті

24. Тарих сабағында тарихи деректер мен құжаттарды қолдану

25. Тарихты оқытуда көрнекі құралдарды қолдану

26. Тарихты оқытуда құжаттардың мәні мен маңызы

27. Тарих сабағы бойынша оқу жұмысын ұйымдастыру формалары

28. Тарихты оқытуда жаңа әдістерді қолдану

29. Тарих сабағында көркем әдебиет және деректік материалдармен жұмыс істеу әдістері



30. Оқушыларда біліктіліктің қалыптасуы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет