«Бекітемін» Тжкббф деканы Отыншиев М. А. 2010 ж



Дата23.07.2016
өлшемі198.46 Kb.
#216772
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


«Бекітемін»

ТжКББФ

деканы Отыншиев М.А.

____________________ «____»_________ 2010 ж
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Микробиология

Мамандығы: 0306000 «Фармация»

Біліктілігі: 0306013 « Фармацевт»

Курс: І

Семестр: І

Сағат саны: 40

ШЫМКЕНТ – 2010

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бұйрығымен бекітілген және үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп әзірленген.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде қаралды:

Хаттама № ____ «_____» ________ 2010 ж.
Кафедра меңгерушісі,

профессор Шарипов К.О


ТжКББФ-нің әдістемелік кеңесінде бекітілді:

Хаттама № ____ «_____» ________ 2010 ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы Джуманкулова Н.Р.
Дайындаған оқытушы: Қонысова Х.С.

Оқу жұмыс бағдарламасы



  1. Алғы сөз

Осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР 05.08. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп жасалды.

Микробиология және вирусология ілімі тек қана теориялық пән емес, керісінше көптеген аурулардың даму кезеңі мен таралу жолдарын анықтайтын қолданбалы негізгі ілімге, пәнге айналып отыр. Бұл білім әрбір медицина қызметкерлеріне, әсіресе, орта буын мамандарына өте қажет, себебі орта буын мамандарының үлестік шамасы медицина қызметкерлерінің ішінде өте жоғары.

Бүгінгі күні медицина саласында микробиология және вирусология ілімінсіз аурушаңдықты азайту, жұқпалы аурулардың көзін жою, шартты патогенді бактериялармен қоздырылатын ауруханалық ауруларды түгелдей жою, аллергиялық, иммундыпатологиялық процестердің белгілерін анықтау, емдеу, нақтамалау амалдарын жетілдіру, ағза мен ұлпаны трансплантациялау проблемалары, акуцшерия және гинекология саласындағы репродукциялық шаралар және басқа маңызды да күрделі мәселелерді өз деңгейінде шешу жағдайын елестету қиын.

Осы оқу бағдарламасын меңгеру барысында білім алушыларға жалпы және санитарлық микробиологиядан, иммунологиялық жүйеге негізделген жеке микробиологиядан білім беру болып саналады. Сонымен қатар фармацевт заманауй биотехнологиялық процестерді, биотехнологиялық әдіспен дайындалған дәрі-дәрмектерді пайдалана алуды, дәріхана өнімдерінің сапасын сақтау шараларын, әсіресе, ерітінді залалсыздығын, антибиотиктер мен бактериялық препараттарды стандарттау, дәрілердің пайдалану мерзімін және сақтау ережелерін толық білуге міндетті.

Орта буын медицина қызметкерлерін дайындауға арналған микробиология және вирусология пәнінің негізгі нысанасы – бұл Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің, қоғамның қойып отырған талаптарына сәйкес халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандарды дайындау жұмысының сапасын арттыру.

Пәнді оқып меңгерудің негізгі мақсаты студент жер биосферасындағы әр-түрлі кластарға жататын микроорганизмдердің өмір сүруі мен таралуын, құрылымының жалпы заңдыдықтарын білу керек, микроорганизмдердің патогенділігі туралы және оның инфекциялық ауруда пайда болатын нақты жағдайлары туралы, оған қарсы макроорганизмнің иммунитет жағдайы туралы ақиқат түсініктерге ие болуы тиіс. Оқытудың толық курсы бойынша инфекциялық ауруларды жоюдағы және төмендеудегі проблемаларды шешудегі микробиологияның ролі туралы мәселелерге көп көңіл аудару қажет.

Оқушы білуі тиіс:


  • керекті теория негіздерін; микроденелер морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, адамның қалыпты микрофлорасының маңызын және жұқпалы ауру таратудағы микроденелердің алатын орны білуі.

  • зерттеу материалын жинау, жеткізу ережелерін, зарарсыздандыру, залалсыздандыру шараларын, жұқпалы аурудың алдын алу, емдеу шараларының тиімді әдістерін меңгеру.

Оқушы істей білуі тиіс:

  • микроскоптық әдіс арқылы микроденелер морфологиясын анықтауды, элективті, дифференциалды-диагностикалық құрамдарға зерттеу материалдарын егуді, таза культурасын бөлу және қоздырғышты негізгі нақтамалау әдістерімен анықтау;

  • қоректік құрамды, ыдыстарды, тампонды, дәке-салфеткаларын құралдарды зарарсыздандыру;

  • қоршаған орта объектілерін зарарсыздандыру және патогендізерттеу материалдарының көзін жою;

  • кейбір биотиптер құрамын санды және сапалы әдістермен анықтау;

  • бактерияның дәрі-дәрмекке тұрақтылығын анықтау;

  • бактерияны фаготиптеу әдісімен бірегейлеу;

зерттеу материалын үлгі бланкамен бактериологиялық, вирусологиялық зертханаларға жіберу.

2. Пәннің тақырыптық жоспары





Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде

теор сабақ

практ сабақ

1

Жалпы микробиология.

Кіріспе. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоп.Микроскоптық зерттеу әдістері



3

1

2

2

Микроағзалардың жіктелуі, морфологиялық негіздері.

3

1

2

3

Микроағзалың физиологиялық қасиеттері

3

1

2

4

Микроб экологиясы, табиғатта таралуы. Сыртқы орта фактоларының микробқа беретін әсері. Қоршаған орта объектілеріндегі микробтарды жою, санитарлық микробиология

3

1

2

5

Микроағза генетикасы. Биотехнология.

Гендік инженерия. Микробқа қарсы препараттар.



5

1

4

6

Инфекция, иммунитет туралы ілім.

Иммунды алдын алу және емдеу шаралары. Аллергиялық зерттеу әдістері



1

1

-

7

Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары

6

2

4

8

Бактериялық ішек инфекция қоздырғыштары эшерихиоз, іш сүзегі, паратиф А,В дизентерия, сальмонеллез, тырысқақ. Шартты патогенді энтеробактерияларға сипаттама

6

2

4

9

Ауа-тамшы және анаэроб инфекцияларының қоздырғыштары

4

2

2

10

Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары

2

2

-

11

Венегрологиялық және урогентальдық,

бактериялық трансмиссиялы инфекция

қоздырғыштары


2

1

1

12

Вирустық инфекция қоздырғыштары

2

1

1




Барлығы

40

16

24


3. Пәннің мазмұны

Кіріспе

1.Бөлім. Жалпы микробиология. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоп және микроскоптық зерттеу әдістері.

1.1 тақырып. Микробиология пәні және міндеттері. Жалпы және жеке микробиология. Медициналық, санитарлық, космостық, малдәрігерлік, өндірістік микробиология. Вирусология. Протозоология. Микология. Иммунология.

Микробиология ілімінің даму тарихы: эвристикалық, морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық, молекулярлы-генетикалық кезеңдері. Микробиология және вирусология ілімнің дамуындағы Қазақстан және Россия ғалымдарының қосқан үлестері.

Микробиологиялық және вирусологиялық зертхананы ұйымдастыру. Медициналық микробиологиялық зертхана міндеттері. Микробиологиялық зертхананы жабдықтау және жұмыс істеу ережелері. Зерттеу материалы. Зерттеу материалын жинау техникасы және зертханаға жеткізу амалдары.Бактериялық және вирустық инфекцияларының микробиологиялық нақтамалау әдістері. Микроскоп және микроскоптау амалдары. Оптикалық микроскоп.Иммерсиялық обьективпен микроскопиялау. Қараңғыланған көру алаңы арқылы микроскопиялау. Фазалы-контрасты және люминесценттік әдіспен микроскопиялау. Электронды микроскоп.


2.Бөлім. Микроағзалардың жіктелуі және морфологиялық негіздері

2.1 тақырып. Микроағзалардың жіктелу негіздері. Халықаралық жіктелу және Берги номенклатурасы. Микроағзалардың түрлері, сероварианттары, морфоварианттары, биоварианттары және фаговарианттары туралы түсінік. Бактериялардың негізгі түрлері. Бактерия жасушасының құрылысы (қабықшалары, цитоплазма, нуклеойд, рибосомалар, қосындылар, қатты қабық, талшықтар,тікенектер, спора-дәншіктері) және олардың қызметі. Бактерия морфологиясының электронды микроскоптық белгілері. Спирохет, рикетсия, микоплазма, актиномицеттер, саңырауқұлақтар және вирустар сипаттамалары. Бактериоскопиялық зерттеу әдісі және оның зертханалық нақтамалауда қолданылуы.


3. Бөлім. Микроағзалардың физиологиялық қасиеттері

3.1 тақырып. Микроағзалардың тіршілік қызметі-қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі.

Ассимиляция және диссимиляция процестері. Бактерияның химиялық құрамы. Бактерияның қоректенуі. Қоректену түрлері. Бактериялардың қоректену түрлеріне және қуат алу көздеріне қарай жіктелуі. Литотрофтар. Органотрофтар. Сапрофиттер. Паразиттер.Облигатты және факультативтік паразиттер. Аминоавтотрофтылар. Аминогетеротрофтылар. Өсу факторы. Қоректік заттардың тасымалдануы. Қоректік құрамдар. Бактерия дақылдануы. Қоректік құрамдарға қойылатын талаптар. Қоректік құрамдардың жіктелуі. Арнайы, элективті, дифференциалды-диогностикалық, көбейту, консервілеу құрамдары. Құрғақ құрамдар. Жасанды құрамдар. Микроағзаларды жасанды ортада өсіру үшін сутегі ионының, тотығу-тотықсыздану процестерінің маңызы. Құрам пісіру этапы. Қоректік құрамды сақтау ережелері. Дайын құрамының сапасын бақылау. Микроағзаларды дақылдау әдістері. Микро культурасы, штаммасы, колониясы туралы түсініктеме. Бактериологиялық зерттеу әдістерінің маңызы. Бактерияның тыныс алуы (биологиялық тотығу). Биологиялық тотығу процесінің негізгі түрлері-аэробы және анаэробы. Аралық тыныс түрі. Тыныс алу процесінің механизмі және мәні. Анаэробтарды дақылдау әдістері. Микроағзалар ферменттері. Микроб ферментінің зат алмасу процесіндегі ролі. Ферменттердің жіктелуі. Констутивті және адаптипті ферменттер туралы түсініктеме. Агрессия ферменттері. Зат алмасу процесін зерттеуде, ақуыздарды алуда, амин қышқылдарын алуда бактерияның биологиялық белсенділігін қолдану. Бактерияның өсуі-көбеюі. Көбею түрлері. Бактерияның бөлінуі және өсуі үшін цитоплазмалық мембрана мен жасушалық қабырғаның атқаратын ролі. Микроб культурасының өсу жылдамдығы мен өну фазалары. Микроб дақылдарының өсу және өнуін зерттеу әдістері. Бактериофагтар. Бактерия вирусының немесе бактерия фагасының дақылдану әдістері және индикациялау.
4.Бөлім. Микроб экологиясы, табиғатта таралуы. Сыртқы орта факторларының микробқа беретін әсері. Қоршаған орта объектілеріндегі миробтарды жою. Санитарлық микробиология.

4.1 тақырып. Микробтың табиғатта таралуы. Су, ауа, топырақ микрофлорасы. Жұқпалы ауру тарататын су, ауа, топырақ рөлі. Фитопатогенді микроағзалар. Дәрілік шикізаттардың және дайын дәрілердің патогенді микроағзалармен ластануы. Адам денесінің қалыпты микрофлорасы және маңызы. Дисбактериоз. Сыртқы орта факторының (физикалық, химиялық, биологиялық) микробқа беретін әсері. Микроб көзін жою ( залалсыздандыру, зарарсыздандыру) залалсыздандыру амалдары. Микробиологиялық практикада қолданылатын негізгі залалсыздандырушы заттар. Асептика, антисептика.

Асептикалық заттар.

Санитарлық микробиология. Қоршаған орта объектілерінде тазалық көрсеткіш микроағзаларды анықтау және оның маңызы. Топырақ, су, ауа, үй тұрмыстық заттар және тамақ өнімдерінің санамаларына микробиологиялық бақылау қою. Дәрі өнімдеріне микробиологиялық бақылау.


5.Бөлім. Микроағза генетикасы. Биотехнология. Гендік инженерия. Микробқа қарсы препараттар

5.1 Тақырып. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік. Тұқым қуалау бірлігі. Нұсқаушы-ген рөлі. Диссоциация және түрлері. S және R формалы колониялар. Генотиптік және фенотиптік өзгергіштік. Генетикалық рекомбинация. Плазмидтер. Өзгергіштік құбылысының практикалық маңызы. Жұқпалы ауруларды нақтамалауда заманауй генетикалық әдістерді қолдану. Биотехнология үрдісінің мақсаты, міндеті және мәні. Биотехнология үрдісінде қолданылатын микроағзалар.Генетикалық инженерия және оның биотехнология саласында қолданылуы.Антибиотиктер. Антибиотиктердің негізгі топтары. Антибиотиктердің шығу көзі мен амалдары.Антибиотиктердің микробқа қарсы әсер беру механизмі және спектрлік әсері. Антибиотиктердің биологиялық белсенділігі.Микробқа қарсы химиялық емдеу жағдайындағы асқынулар. Микроденелердің антибиотиктерге тұрақтылығы. Микроденелердің антибиотикке сезімталдығын анықтау.Вирустарға қарсы қолданылатын препараттар.



6 Бөлім. Инфекция. Иммунитет туралы ілім. Иммунды алдын алу және емдеу шаралары. Аллергиялық зерттеу әдістері

6.1 Тақырып. Инфекция, инфекциялық процесс және инфекциялық ауру (жұқпалы ауру). Паразиттер категориялары (облигатты, факультативті және кездейсоқ ұшырасушылар).

Микроденелердің патогенділігі және вируленттілігі. Патогенді, сапрофитті және шартты патогенді бактериялар. Экзо, эндотоксиндер, қасиеттері. Инфекциядағы макродененің рөлі. Инфекциялық процесстің даму түрлері. Инфекциялық процестің даму кезеңдері мен деңгейі. Жұқпалы аурудың таралуы. Ауруханалық инфекцияның патогенезі мен клиникасы. Биологиялық зерттеу әдісі.

Иммунитет туралы түсінік. Иммунология қоғамдық және жалпы медициналық ілім. Иммунитет түрлері мен түзілу жағдайлары. Дененің арнайы емес тұрақтылығының факторлары. Дененің иммундыбиологиялық қорғануы-фагоцитоз, тромбоциттер, комплемент, лизоцим, интерферон, қан сарысуының қорғану ақуыздары. Дененің арнайы қорғану факторлары. Антигендер және олардың қасиеттері. Микроденелердің антигендері. Антителалар, құрылысы және жіктелуі (иммундыглобулиндер). Антиген мен антителаның өз ара байланысу механизмі. Серологиялық реакциялар. Жұқпалы ауруларды иммунды алдын алу және емдеу. Вакциндер мен сарысулар. Аллергия және анафилакция. Анафилакция мен инфекциялық аллергия процестерінің патогенезі және пайда болу жағдайлары.


7-бөлім: Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары.

7.1 тақырып. Ірің тудырушы патогенді коктарға сипаттама. Стафилококтар: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және културалдық қасиеттері. Вируленттік факторлары. Адам патологиясындағы стафилококтар ролі. Стафилококтық инфекцияның алдын алу шаралары. Стафилококтық инфекцияның химиялық және иммунды биологиялық препараттармен емделуі. Стрептококтар: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және културалдық қасиеттері. Вируленттік факторлары. Іріңді, іріңді емес стрептококтық инфекциялар. Стрептококтық инфекцияның зертханалық нақтамалау әдістері. Стрептококтық инфекцияның алдын алу, емдеу шаралары. Пневмококтар: морфологиялық, дақылық, ферменттік қасиеттері. Патогенді факторлары. Адам патологиясындағы пневмокок рөлі. Пневмокок инфекцияның зертханалық нақтамалау әдістері. Пневмокок инфекциясының алдын алу, емдеу шаралары. Патогенді нейсериялар, жалпы сипаттамасы. Менингококктар, биологиялық ерекшеліктері: морфологиялық, дақылдық, ферменттік, токсинтүзуі. Эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, зертханалық нақтамалануы, алдын алу және емдеу шаралары. Гонококктар, морфологиялық, дақылдық, ферменттік, антигендік, токсин түзу қасиеттері.


8-бөлім. Бактериялық ішек инфекциясының қоздырғыштары-эшерихиоз, іш сүзегі, паратиф А, В, дизентерия, сальмонеллез, тырысқақ. Шартты патогенді энтеробактерияларға сипаттама.

8.1 тақырып. Эшерхия. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Ішек таяқшасының културалдық және ферменттік қасиеті. Антигендік құрылысы. Тұрақтылық пен вируленттілік факторлары. Ауру көзі, берілу жолдары, механизмі. Эшерихиоз патогенезі мен клиникалық көрінісі. Иммунитет (төзімділік). Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Коли-титр, коли-индекс. Аурудың алдын алу, емдеу шаралары. Дизентерия патогенезі мен клиникалық көрінісі. Ауруханалық сальмонеллалық инфекция. Дене төзімділігі. Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Аурудың алдын алу, емдеу шаралары. Сальмонеллалар. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Сальмонеллалар таяқшасының културалдық және ферменттік қасиеті. Антигендік құрылысы. Тұрақтылық пен вируленттілік факторлары. Ауру көзі, берілу жолдары, механизмі. Іш сүзегі, паратив А,В патогенезі мен клиникалық көрінісі. Ауруханалық сальмонеллалық инфекция. Дене төзімділігі. Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Аурудың алдын алу, емдеу шаралары. Шигеллалар. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Шигеллалар таяқшасының културалдық және ферменттік қасиеті. Антигендік құрылысы. Тұрақтылық пен вируленттілік факторлары. Ауру көзі, берілу жолдары, механизмі. Тырысқақ вибрионы. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Тырысқақ вибрионының културалдық және ферменттік қасиеті. Антигендік құрылысы. Тұрақтылық пен вируленттілік факторлары. Ауру көзі, берілу жолдары, механизмі. Тырысқақ вибриондарының патогенезі мен клиникалық көрінісі және эпидемиологиясы. Ауруханалық сальмонеллалық инфекция. Дене төзімділігі. Зертханалық нақтамалау принциптері мен ерекшеліктері. Аурудың алдын алу, емдеу шаралары. Энтеробактериялар тұқымдастық тобына жалпы сипаттама. Ішек инфекцияларының қоздырғыштарының таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Энтеробактериялар қоздырғыштарының берілу жолдары, эпидемиологиасы, патогенезі және клиникалық көріністері. Микроскопиалық зерттеу әдістері. Арнайы алдын алу және емдеу препараттары.


9-бөлім. Ауа-тамшы және анаэроб инфекцияларының қоздырғыштары.

9.1 тақырып. Туберкулез микробактериясы. Таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық, тинкториялық және културалдық ерекшеліктері. Химиялық құрамы, ферменттік қасиеті және антигендік құрылысы. Туберкулез ауруының берілу жолдары, эпидемологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Экспресс-нақтамалау. Арнайы алдын алу және емдеу препараттары.

Дифтерия коринебактериясы: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Қоздырғыштың патогенділік факторы және сыртқы ортаға тұрақтылығы. Дифтерия ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Арнайы алдын алу және серо, химиялық емдеу препараттары.

Көкжөтел, болжам көкжөтел бордетелласы. Морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Қоздырғыштың патогендік факторы және сыртқы ортадағы тұрақтылығы. Көкжөтел ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Арнайы алдын алу және серо, химиялық емдеу препараттары. Газды гангрена клостридиясы(негізгі өкілі). Анаэробтарды дақылдау әдістері. Морфологиялық, тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Қоздырғыштың патогендік факторы және сыртқы ортадағы тұрақтылығы. Газды гангрена ауруының беілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары.

Сіріспе клостридиясы. Морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Сіріспе ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Ботулизм клостридиясы. Морфологиялық, тинкториялдық және културалық ерекшеліктері. Сіріспе ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары.

Спора түзбейтін анаэроб бактериялары. Жалпы сипаттама және зертханалық нақтамалау әдістері. Нақтамалау, алдын алу және емдеу препараттары.


10- бөлім. Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары.

10.1 тақырып. Оба иерсиниясы: морфологиялық, тинкториялдық және дақылдық ерекшеліктері. Оба ауруының берілу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскоптық, бактериологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдыналу және емдеу препараттары, шаралары. Туляремия франсселлалары. Биохимиялық қасиеттері, инфекция ерекшеліктері, патогенезі, экологиясы және эпидемиологиясы. Микробиологиялық, бактериологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдын алу және емдеу препараттары, шаралары. Бруццеллалар.Морфологиялық , тинкториялдық және културалдық ерекшеліктері. Сібір жарасы ауруының берілу механизмі, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық, бактериологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Арнайы алдын алу және емдеу препараттары, шаралары.


11-Бөлім. Венерологиялық және урогенитальды бактериялық трансмиссиялы инфекция қоздырғыштары.

11.1 тақырып. Патогенді спирохеттер: мерез қоздырғышы, қайталама сүзек (эпидемиялық, эндемиялық) қоздырғышы, лептоспироз қозырғыштары-таксономиялық орындары, морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Мерез, қайталамалы сүзек, лептоспироз ауруларының берілу жолдары, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдыналу және емдеу препараттары, шаралары.

11.2 тақырып. Патогенді қарапайымдылар: урогениталды хламидиоз, урогениталды микоплазмоз, трихоманиаз, олардың морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Урогениталды хламидиоз, микоплазмоз, трихоманиаз ауруларының берілу жолдары, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алдын алу және емдеу препараттары, шаралары.

11.3 тақырып. Патогенді риккетсиялар: эпидемиялық, эндемиялық бөртпе сүзігі, КУ-лихорадтық сүзегі, олардың таксономиялық орындары, морфологиялық, тинкториалдық және културалдық ерекшеліктері. Риккетсия ауруларының берілу жолдары, патогенезі және клиникалық көріністері. Микробиологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.


12- Бөлім. Вирустық инфекция қоздырғыштары

12.1 тақырып. Вирустарға жалпы сипаттама. Номенклатура және жіктелу принциптері. Дақылдану ерекшеліктері. Вирустық инфекциядағы дене төзімділігінің ерекшеліктері. РНК-геномды вирустар.Ортомиксовирустар. Тұмау вирусы. Тұмау вирусына сипаттама, инфекция көзі, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдыналу және емдеу препараттары. Рабдовирустар. Құтырыну вирусы. Жалпы сипаттама, сыртқы орта факторына тұрақтылығы, инфекция көзі, табиғаттағы резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақталау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары, ерекшеліктері. Пикорновирустар. Полиомиелит вирусы. Полиомиелит вирусының жіктелу кестесіндегі алатынт орны. Биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Қызылша вирусы. Қызылша вирусына сипаттама, инфекция көзі,берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдыналу және емдеу препараттары. Бауыр қабынуының А,Е,С вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Қызылша вирусы. Қызылша вирусына сипаттама, инфекция көзі, берілу жолдары, патогенез,клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалар әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Бауыр қабынуының А,Е,С вирустары. Гепатит А вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препараттары. Гепатит Е вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, табиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Адын алу және емдеу препараттары. Гепатит С вирусының морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі, таиғаттағы вирус резервуары, эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез, клиникалық белгілері. Вирусологиялық нақтамалау әдістері.Алдын алу және емдеу препараттары.Гепатит В вирусының морфологиялық,биологиялық қасиеттері. Инфекция көзі,табиғаттағы вирус резервуары,эпидемиологиясы, берілу жолдары, патогенез,клиникалық белгілері.Вирусологиялық нақтамалау әдістері. Алдын алу және емдеу препарраттары. Иммунды тапшылық вирустық инфекцияларының экологиялық, эпидемиологиялық, биологиялық ерекшеліктері. ИТВ инфекциясы. Әлемдегі ИТВ инфекциясымен зақымдану. Ауру патогенезі, адам ағзасындағы ИТВ органотропты жасушалар. Объективті зерттеу әдістеріне сипаттама беру. ИТВ қатерлі топтағы сырқаттардың негізгі емдеу принциптері; Негізгі химиялық препараттар. Иммунды алдын алу шаралары. Онкогенді вирустар. Онковирустардың биологиялық қасиеттері, вирустық, жасушалық онкогендер мен қарсы онкогендерге түсініктеме беру. Адам қатерлі ісігіндегі онкогендік вирустардың маңызы.

4. Оқу – әдістемелік жабдықталуы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер.

  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010.-Всего 400экз.

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997.-Всего 51 экз.

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. –всего 27 экз.

  4. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.-Всего 322 экз.

  5. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993.- Всего 13 экз.

  6. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.-Всего 15 экз.

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.-Всего 74 экз.

  8. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000.- Всего 29 экз.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006. Всего 14 экз.

  10. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,19954.- всего 15 экз.


Қосымша әдебиеттер.

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000.- Всего 1 экз.

  2. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.-Всего 1 экз.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.-Всего 1 экз.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992. –Всего 10 экз.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.-Всего 3 экз.

  6. Арықбаева У.Т., Алибеков А.А. “Микробиологиялық терминдер” Шымкент 1998 ж.

  7. Жалпы және жеке микробиология бойынша лабораториялық сабаққа арналған оқу құрал 2004 ж.


Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

    1. Пән бойынша плакаттар жинағы

    2. Нұсқау карталары

    3. Жұқпалы ауруларды зертханалық диагностикалау схемасы

    4. Химиялық ыдыстардың жинағы

    5. Микроскоптар

    6. Қоректену ортасы

    7. Бояулар жинағы

    8. Интерактивті тақта

    9. Бейнемагнитафон, CD, DVD дискілер

    10. Құрал-жабдықтар (термостаттар, тоңазытқыштар, электрлік плиталар, Пастер пеші, автоклав, анаэростат, Кох аппараты, Кротова аппараты, спиртовкалар, дистилятор, центрифугалар, бактерицидтік лампалар және т.б.)

    11. Кестелер

    12. Жабдықтар (бак. ілгек, пинцеттер, қайшылар, скальпельдер және т.б.)

Тестік сұрақтары:



  1. Әр бір тақырып бойынша (10 сұрақтан) тестік сұрақтар.

  2. «Бақылау сабақтарына арналған тест жинақтары» оқу құралы.

Емтихан сұрақтары:



  1. Әрбір тақырып бойынша (10 сұрақтан) тестік сұрақтардан тұратын емтихан сұрақтары дайындалды.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет