Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014 ж



Дата05.07.2016
өлшемі41.15 Kb.
#179195
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев

2014 ж. «___»_____________
«Жас ерекшеліктері физиологиясы және мектеп гигиенасы»

пәні бойынша

5В010801- “Дене шынықтыру және спорт” мамандығына арналған

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестке «Жас ерекшеліктері физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Мазмұны

Тапсырма саны

1

Жас ерекшеліктері физиологиясы пәніне кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының физиологиялық заңдылықтары.

2

2

Орталық жүйке жүйесі және оның жас ерекшеліктері

1

3

Жоғары жүйке қызметінің жас ерекшеліктері

1

4

Ерікті қимылдар және олардың жастық ерекшеліктері

1

5

Қан және оның жастық ерекшеліктері

2

6

Балалар мен жасөспірімдер ағзасындағы қан, қан айналу және тыныс алу жүйелерінің даму ерекшеліктері.

2

7

Балалар мен жасөспірімдер ағзасында ас қорыту, сыртқа шығару, зат және қуат алмасу ерекшеліктері

2

8

Тыныс алу және оның жас ерекшеліктері

1

9

Баланың тірек -қимыл жүйесінің дамуы.

1

10

Алты жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы гигиеналық ерекшеліктер. Жас ерекшеліктері физиологиясы және мектеп гигиенасы.

3

11

Мектеп құралдарына, оқу бөлмелерін жарықтандыруға, сыныптарға қойылатын гигиеналық талаптар

2


12

Жүйке жүйесінің гигиенасы

2


13

Талдағыштар жүйесінің гигиенасы

1

14

Тамақтану гигиенасы

2

15

Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері

2




Барлығы

25



4.Тапсырма мазмұнының сипатамасы:

«Жас ерекшеліктері және мектеп гигиенасы» пәнін оқытудың мақсаты: дене шынықтыру және спорт бойынша мамандарды қажетті білмдермен қамтамасыз ету: балалар мен жасөспірімдер ағзасының физиологиялық заңдылықтарын және олардың бұлшық ет қызметімен айналысу кезіндегі физиологиялық заңдылықтарын зерттеу; балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған гигиеналық нормативтер мен талаптарды, олардың функционалды мүмкіндіктерін үйлесімді дамыту мен жетілдіру.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет