Денсаулық, гигиена және санитария
Адам өмірінде басты маңызды рөл атқаратын зат – денсаулық. Өзін қаншалықты сезінуі, денсаулығының мықты болуы, өмір сүру сапасы, оның толық, бай өмір салтын ұстануына байланысты. Әрбір адам баласының тазалықты күнделікті ұстауы, оның күнделікті өмірге күліп қарауына кепілдік береді. Ендігі денсаулықты барынша таза ұстаудың басты мақсаты – гигиена.
Гигиена- адам денсаулығын жақсарту және сақтау туралы ғылым. Гигиена жеке бас гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, қоршаған орта гигиенасы, коммуналдық гигиена мен спорттық гигиена деп бірнеше топқа бөлінеді.
Жеке бас гигиенасы- адамға қойылатын негізгі талаптардың бірі. Оның гигиеналық талаптарын, ережелерін сақтау тәсілі денсаулық үшін тікелей маңызды. Бірінші , ол күнделікті таңертен ұйқыдан тұра салысымен гигиеналық тазалық жүргізу. Ал екіншіден, ол үш уақыт тамақтанғаннан кейін, тіс жуу , ал кешкісін келе салысымен кешкі бет күтімін, сонымен қоса кешкі душ қабылдау сияқты күнделікті қарапайым ережелер. Тек бұл ғана ережелерден бөлек, киімін тазалап жуып, оны үтіктеп кию, аяқ киім тазалығын сақтау, әртүрлі керемет иісті әтірлер қолдану да күнделікті тазалыққа, гигиенаға кіреді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы да күнделікті гигиена ережелерімен, ата-ананың балаларына арнап қолайлы гигиена талаптарына сай жағдай жасап беруі. Оған негізі, жататын ұйқы бөлмесін күнделікті терезені ашып, таза ауамен тазарту, төсек-орын төсеніштерін белгілі бір уақыт сайын тазалап, ауыстырып отыру.
Еңбек гигиенасы – бұл гигиена түрі көбінесе жұмыскер адамдарға арналған. Бірақ бұл гигиена түрі ең алдымен медицина мен аспаздық жолындағы қызметкерлерге арналған десе болады. Яғни, медицина саласындағы медбике, дәрігерлер ауыр жұмысты (ота) бастамай тұрып, тазалық жолдарын жүргізуі; қолын сабындап жууы, оны спирт немесе антисептиктік сұйықтықпен стирилиздеу, арнайы жабық костюмдермен жабдықтану, стирилденген құралдармен жұмыс істеу. Ал аспазшыларға келетін болсақ, тағы да сол қарапайым тазалық ережелерін сақтау, сонымен қоса арнайы бас киім (қалпақшалар) кию, ыдыстарды әрбір пайдаланғаннан кейін жуып отыру.
Ал ең басты қошаған орта гигиенасы деп отырғанымыз ол – экологиямызды сақтау. Бұл күнделікті көшеге шығу барысында, алдымыздан кездескен қоқыстарды қоқыс жәшігіне салып отыру. Өзіміздің қоқысымызды арнайы қайта өңдейтін қоқыс жәшіктеріне салу. Арнайы қоршаған ортаны қорғауға ат салысатын орталарға қосылып, көмек күшін беру. Оларға қарапайым қоқыс жинау, ағаштар мен өсімдіктер егу сияқты жұмыстар кіреді.
Бұл гигиенаны сақтаудың не қажеті бар деген сұрақтар да ойымызда кездесетіні айдан анық. Бірақ ойланып қарасақ, шынымен де, неге біз күнделікті арнайы талаптар мен ережені сақтаймыз? Бұл сұрақтың басты жауабы: Тазалық. Ал екіншіден, елестетіп көрейік. Біздің осы өмірімізде гигиена, тазалық ережелері жоқ делік. Адамдар жеке бас гигиенасына мән бермейді, тістері жуылмаған, өздері де, киімдері де кір. Тұрып жүрген баспаналары да, мәз емес. Сол адамдар ендігі жұмысқа барсын. Ол жұмыстарында да, ешұандай тазалық жұмыстары жүргізілмейді, жұмыс орнындағы заттар мен аппаратураларда кір делік. Ал ендігі, ең басты мамандықтар бірі медицина мен аспаздықты талқылайық. Біз тазалықты сақтамағаннан кейін, біз ауруханаға түсіп қалдық деп ойлайық. Ал алдымыздан шыққан дәрігер, біз сияқты мүлде тазалық сақтамайтын жан екен. Ендігі, бұл дәрігер сізге ота жасайды. Ал ота барысында оның барлық құралдары тазаланбаған, бір пациенттен екі пациентке стирилденбей қолданылып келеді. (Бұл жолдарды оқып, денеңіз тітіркенген шығар деп ойлаймын.) Сонымен, ота аяқталды. Сіз амансыз. Айналайыз біраз кір. Бөлме іші тазаланбаған. Бірақ ендігі кезекте сізге сол жердегі асханадан тамақ ішуіңіз қажет. Тамаұ алып келінді. Алып келінген тамаққа қарау барысында, сіз ыдыс мен құралдардың кір екенін байқадыңыз, бірақ сіз сондада тамақ ішуге дайынсыз. Алайда, тамақтану барысында сіздің ауызыңызға абайсызда шаш немесе қыл түсіп кетті делік. Сіз ендігі бұған қалай қарайсыз?
Осы қиялды елестетсеңіз әбден желкенген шығарсыз. Сондықтан бар айтарым, ерінбей тазалық сақтап жүріңіздер. Тым артық кетіп, тазалыққа тым құмар болмасаңыздарда арнайы күн тәртібін құрып, жасап отырсаңыздар да артық емес.
Осындай гигиенаны жасап отыру арқылы біз өзіміздің денсаулығымызды ғана жақсартып қана қоймай, сонымен қатар айналамыздың да тазалығын сақтап отыра аламыз. Сондықтан, гигиенаға еш уақытта салғырт қарамайық! Себебі гигиена ол- денсаулықты қалыпты сақтаудың, бай өмір салтының басты кілті, басты себебі. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!