Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2015 ж



Дата29.06.2016
өлшемі35.19 Kb.
#165979
Бекітемін

ҰТО директоры

______________ Қ.C.Әбдиев

2015 ж.«______»_____________
5В080800- «Топырақтану және агрохимия»,

5В080900 - «Жеміс-көкөніс шаруашылығы»,

5В080100 - «Агрономия»,

5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантин»

мамандықтарына арналған

«Өсімдік шаруашылығы» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Өсімдік шаруашылығы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Тұқымдық материалды жақсарту

3

2

Жаздық бидай өсіру технологиясы

3

3

Арпа өсіру технологиясы

1

4

Сұлы өсіру технологиясы

1

5

Жүгері өсіру технологиясы

1

6

Қарақұмық өсіру технологиясы

1

7

Күздік бидай өсіру технологиясы

3

8

Ас бұршақ өсіру технологиясы

1

9

Май бұршақ өсіру технологиясы

1

10

Қант қызылшасы өсіру технологиясы

3

11

Картоптың өсіру технологиясы

1

12

Бақша дақылдары өсіру технологиясы

1

13

Күнбағыс өсіру технологиясы

1

14

Мақта өсіру технологиясы

1

15

Мақсары өсіру технологиясы

1

16

Жонышқа өсіру технологиясы

1

17

Судан шөбі өсіру технологиясы

1




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттер біліміндегі өсімдік даму жолдарын басқару, өсімідік шаруашылығындағы зерттеулер әдістері, ауылшаруашылығы ғылымының өсімдік шаруашылығы бағытындағы міндеттері, дақылдарды орналастыру принциптері, өнімді бағалау және қарқынды технологиялар туралы түсінік бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет