Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Әбдиев Қ.С.
«___»__________2015 ж.
«5В060800» – «Экология» мамандығы үшін
«БИОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Биосфераның құрылымы мен эволюциясы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тақырып саны
|
1
|
Биосфера концепцияларының құрылуы
|
1
|
2
|
Тірі заттың болмысы және тіршілітің пайда болу мәселесі
|
1
|
3
|
Биосфераның пайда болудың негізгі теориялары. Ғаламдық кеңістікте химиялық элементтердің эволюциясы.
|
2
|
4
|
Биосфераның эволюциясы
|
1
|
5
|
Алғашқы кезеңде биосфераның эволюциясы.
|
1
|
6
|
Тірі ағзалардың биохимиялық эволюциясы.
|
2
|
7
|
Тірі ағзалардың биохимиялық эволюциясының негізгі кезеңдері.
|
2
|
8
|
Адам эволюциясы
|
1
|
9
|
В.И. Вернадский - биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы.
|
2
|
10
|
Биосфераның қызмет атқару заңдылықтары
|
2
|
11
|
Биосфераның тұрақтылық механизмдері
|
2
|
12
|
Глобальді биосфералық үдерістер
|
2
|
13
|
Биосфераның эволюциясының негізгі тенденциялары. Биофера эволюциясында адамның рөлі. Ноосфера. В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі.
|
2
|
14
|
Жаңа заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері
|
2
|
15
|
Жершарының денсаулығы
|
2
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Биосфераның құрылымы мен эволюциясы» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |