Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Әбдиев Қ.С.
«___»__________2015 ж.
«5В060900» – «География» мамандығы үшін
«ҚАЗАҚСТАН ГЕОГРАФИЯСЫ» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Қазақстан географиясы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
Қазақстан табиғатын физикалық-географиялық зерттеу тарихы.
|
1
|
2
|
Геологиялық тарихы мен палеогеография.
|
1
|
3
|
Негізгі тектоникалық қүрылымдардың даму ерекшеліктері.
|
1
|
4
|
Орографияның негізгі сипаттамалары.
|
1
|
5
|
Климаттық жағдайлары.
|
1
|
6
|
Жыл мезгілдері бойынша негізгі метеорологиялық элементтердің сипаттамасы.
|
1
|
7
|
Жер беті сулары және олардың ресурстары.
|
2
|
8
|
Ішкіконтиненталдық теңіздер мен көлдер, қазаншұңқырлар генезисі.
|
2
|
9
|
Қазіргі мұздану және көпжылдық тоң.
|
1
|
10
|
Қазақстанның топырақ жамылғысы.
|
1
|
11
|
Қазақстанның өсімдіктер жамылғысы.
|
1
|
12
|
Қазақстанның фаунасы.
|
1
|
13
|
Табиғи зоналар және физикалық-географиялық аудандастыру.
|
2
|
14
|
Салалық сипаттамалар. Жалпы шолу
|
1
|
15
|
Табиғат жағдайы мен ресурстармен қамтамасыз етілуі
|
1
|
16
|
Қазақстан Республикасының халқы
|
2
|
17
|
Қазақстан Республикасының шаруашылық салаларының құрылымы мен географиясы
|
2
|
18
|
Ішкі экономикалық кеңістіктің дамуы мен дүниежүзі нарығына шығу факторы ретіндегі транспорттық жүйе.
|
1
|
19
|
Экономиканың ғаламдануы мен интеграфиясы жағдайындағы сыртқы экономикалық байланыстар географиясы.
|
1
|
20
|
Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының экономикалық және әлеуметтiк географиясы және аумақтық даму мәселелері.
|
1
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Қазақстан географиясы» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |