Бекітілді
кеңесі шешімімен
№6 «28» желтоқсан 2012ж.
Ақтау қалалық білім бөлімінің
2013 жылға арналған жұмыс жоспары
Ақтау қаласы
Мазмұны
I. 2012 оқу жылындағы білім жүйесінің дамуы мен атқарылған жұмыстарының негізгі қорытындылары және 2013 жылға тапсырма
II. Қалалық білім бөлімі жұмыстарының циклограммасы
III. Өкілдік билік және атқарушы органдардың отырысында қаралатын сұрақтар
IV. Қалалық білім бөлімінің кеңесінде қаралатын сұрақтар
V. Қалалық білім бөлімінің кеңесі
(аппараттық, білім мекемелерінің басшыларымен бірге)
VI. Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинарлар
VII. Бақылауда тұрған мәселелер
VІII. Облыстық семинарлар
IX. Облыстық конкурстар және шаралар
X. Облыстық, аймақтық іс- шаралар мен Қазақстан Республикасы
Үкіметі Қаулыларының орындалысы
2012 оқу жылындағы білім жүйесінің дамуы мен атқарылған жұмыстарының негізгі қорытындылары және 2013 жылғы міндеттері
2012 жылы қалалық білім бөлімі және білім мекемелері ақпанның 11-і 2011 жылғы №130 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының дамуы Мемлекеттік Бағдарламасын және ҚР «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, өз қызметін жүзеге асырды.
Қалалық білім бөлімі қызметінің негізгі мақсаты білім беру сапасын арттыру, ұсынылып отырған білімдік қызметтердің вариативтік және қол жетімді болуын қамтамасыз ету, осы білімдік қызметтердің қала тұрғындардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. 2012 жылдың аяғында Ақтау қаласы бойынша 11442 баламен 54 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істеуде. Оның ішінде 33 балабақша және 21 шағын орталықтар. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда биыл мектепке дейінгі мекемелерінің саны 11-ге көбейіп отыр.
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесі мен оқытуын қамтамасыз ету «Балапан» бағдарламасы 2010-2014 жылға» бойынша 2012 жылы мынадай жұмыстар атқарылды:
12 шағынаудандарда орналасқан әрқайсысы 280 орындық №34 және №35 балабақшалар ашылды;
№3, 17, 22, мектептердің жанынан 100 орындық 3 шағын орталық ашылды;
15 шағынауданда орналасқан 80 орындық «Крылья ангела» және 29 шағынауданда орналасқан 100 орындық «Бақыт - Ақтау» жекеменшік балабақшасы, 14 шағынауданда орналасқан 25 орындық «Қарлығаш», Приозерный елді мекенінде орналасқан 45 орындық «Ақниет», 15 шағынауданда орналасқан 56 орындық «Happy way» жекеменшік шағын орталықтары ашылды;
№22 (7 ш/а), №24 (11 ш/а) балабақшаларда күрделі жұмыстар аяқталып, №11 (6 ш/а) балабақшаға күрделі жұмыстар өткізу үшін түзетулер (ПСД) еңгізілді.
Жалға берілгеннен қайтарылып алынған №10 (4ш/а) балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өтуде, 2013 жылы ашылуы көзделіп отыр;
№53 (13 ш/а) балабақшаның қоршау жұмыстары аяқталды;
Сенімгерлік басқаруға №20 балабақша ғимараты («Дарын мектеп-гимназиясы» ЖШС),»Мейірбике» медициналық колледжге №37 балабақша ғимараты, медициналық-кәсіби колледжіне № 50 балабақша ғимараты берілді, қосымша 75 орын ашылды;
Осылайша 3 жастан 6 жас аралығында мектепке дейінгі балалардың тәрбие мен оқыту 97% құрайды.
Мектепке дейінгі балалардың бірінші сыныпқа бейімделуі үшін қалада мектеп алды даярлық топтары ұйымдастырылған. Мектеп алды даярлық топтарына 5-6 жас аралығындағы 4997 бала қамтылған, бұл барлық бала санының 99% құрайды. Балабақшаларда жұмыс жасап жатқан ата-аналардың сұрауы бойынша кешкі сағат 19.00-ге дейін жұмыс жасайтын топтар ашылды. Бұл мақсат үшін жергілікті бюджеттен 15,0 млн.теңге бөлінді.
Жалпы орта білім. Бүгінгі таңда жалпы білім жүйесінде 27 жалпы орта білім мекемелері, соның ішінде 2 гимназия, 2 лицей, 1 мамандырылған физика – математикалық мектеп, 11 мектеп гимназиялық сыныптармен, 1 мектеп-лицей, 2 кешкі мектеп бар. Жалпы білім беретін қала мектептерінде оқушылар шектелімі 30835 оқушыны құрайды.
Сонымен қатар, қалада 4 мемлекеттік емес мектеп, оның ішінде екі «Мектеп-балабақша» кешені, халықаралық ағылшын мектебі, «Қайнар» колледжінің жанында бастауыш мектеп жұмыс істейді – бала саны 428.
Жалпы білім беретін мектептердің сыртқы рейтинг көрсеткіштерінің бірі түлектердің Ұлттық бірыңғай тест қорытындылары болып табылады.
2012 жылдың қорытындысы бойынша ҰБТ-ге 82,5% қала түлектері қатысты, орта көрсеткіші 72,08 болса, ол былтырғы жылға қарағанда 18,4 баллға төмен (2011 жыл – 90,52).
ҰБТ-ға қатысқан 1448 түлектің 87-і жүз және одан да көп балл алды, ол 7,6% құрады.
ҰБТ қорытындысы бойынша 14 түлек өздерінің «Алтын белгіге» білімдерін дәлелдесе, 4 түлек үздік аттестатқа ие болды. Осының бәрі облыстық білім басқармасының рейтингі бойынша облыста екінші орынға ие болуға мүмкіндік берді.
Қаланың білім беру мекемелерінде материалдық – техникалық базасын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, химия кабинетін жабдықтау үшін бөлінген ақша 32,8 млн.теңгені құрайды.
Сонымен қатар қаланың барлық мектептеріндегі оқушыларды тегін оқулық пен оқу-әдістеме нұсқаулықтармен қамтамасыз ету үшін 97,0 млн.теңге бөлінді.
Қаланың барлық мектептері тегі оқулықпен қамтамасыз етілді.
Қаладағы білім жүйесінің басым бағыты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Облыстық ғылыми жобаға қатысқан 45 оқушының 20-ы жүлделі орын алып, 20 мақтау қағазға ие болды. Республикалық пәндік олимпиадаға 16 оқушы қатысты, оның 3-і күміс медаль, 6-ы қола медаль, қалған оқушылар мақтау қағазын алды. Республикалық «Экология және балалар» атты сайысында қала оқушылары бірінші жүлделі орынға ие болды.
Қала әкімшілігі балалардың тәрбиесі мен оқуына көп көңіл бөліп отыр. №2, 16, 20, 21 орта мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа бюджеттен 953,4 млн.теңге, ал №22, 24 балабақшалардың жөндеу жұмыстарына 231,7 млн.теңге бөлінді.
Білім беру мекемелерінің санитарлық нормаға сәйкес ұстау үшін жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізу үшін қаражат бөлініп отырады, осы орайда 2012 жылы 9 мектеп үшін 46,6 млн.теңге, 15 балабақша үшін 70,2 млн.теңге бөлінді.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Қаланың білім беретін мекемелерінде компьютерлер орнатылған, бүгіңгі таңда 56 компьютер сыныбында 642 компьютер техникасы бар. Барлық мектептерде 140 дана интерактивтік тақта орнатылған, олар сабақ процесінде қолданылады.
2011-2015жылдарға арналған білім беру дамуының Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру үшін, оқу процесіне Зияткерлік мектептердің озық дайындамаларын еңдіру барысында, семинарлар, мастер-класс жүйелері арқылы Назарбаев Зияткерлік мектептердің ұстаздарының тәжірибесін тікелей таратуын қамтамасыз етуде Ақтау қаласы бойынша базалық мектеп болып 9 шағынауданда орналасқан №11 мамандырылған физика – математикалық мектеп белгіленді.
Биылғы жылы Астана қаласында және облыстық біліктілігін арттыру институтының желі бойынша Ақтау қаласынан 80 ұстаз жаңа технологияларды еңгізу бойынша 3 айлық оқу курсынан өтті.
Озық әлем елдерінде дамыған – электрондық оқыту, e-learning пилоттық жобасын еңгізу үшін, бұл жоба №1, 6, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 28, экономикалық лицейде еңгізілетін болады, келіп түскен жабдықтарды орнату үшін жұмыстар жүріп жатыр.
Педагог мамандар Жалпы білім беретін қала мектептерінде 2257 педагог қызметкерлері жұмыс жасайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 70 адамға көп. Оның ішінде жоғары білімдісі 1792, аяқталмаған жоғары білімдісі – 43, арнайы орта білімдісі – 381.
Жоғары санатты – 420, бірінші санатты – 679, екінші санатты – 621, санатсыз – 496 педагог.
№13 гимназия мен №4 гимназияда филиппиннен келген шетелдік ағылшын пәні мұғалімдері әлі де қызмет атқарып жатыр.
Өткен аралықта 990 мұғалім мемлекеттік білім стандарты бойынша біліктілігін көтеру курстарынан өтті, соның ішінде 6 мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, 18 мектеп басшылары, 38 мектеп директорының оқу-тәрбие орынбасарлары.
Қосымша білім Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін сабақтан тыс мезгілде 3 қосымша білім мекемесі және Оқушы Орталығы жанынан ашылған 19 аула клубы жұмыс жасайды, олардың ішінде 194 үйірме бар, сабақтан тыс қызметпен 6983 оқушы қамтылған.
25 жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың қызығушылығы бойынша 210 әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайды, сабақтан соң мұнда 4033 оқушы қатысады. 117 спорттық секцияға 2210 оқушы қатысады. Жалпы мектеп үйірмелері мен секцияларда оқушы саны 6243.
Сонымен қатар қалада балаларға арналған 7 спорттық мектеп бар, осы мектептерде өз денсаулығын нығайтып және спортпен шұғылданып жатқан бала саны 3900.
Абай атындағы мәдени кешеңінің әр түрлі үйірмелеріне (хореографиялық, вокалдық, аспаптық оркестр және т.б.) 500 оқушы қатысады.
Қала бойынша түрлі үйірмелерге, спорттық секцияларға, клубтарға 17626 оқушы қатысады, бұл 57,2% құрайды.
Оқушылардың ұйымдастырылған жазғы демалысына үлкен мән беріледі. 2012 жылдың жаз мезгілінде 18301 оқушы жазғы демалыспен қамтылды, бұл барлық 1-11 сынып оқушыларының шектелімінің 64% құрайды. Олардың ішінен көгалдандыру және қала аумақтарын тазалау отрядтарында 262 оқушы еңбектенді. «Аджип ККО» компаниясының демеушілік көмегімен 50 оқушы Алматы қаласында демалып келді, 94 оқушы өз демалыстарын Көкшетау қаласының санаторийында өткізді, 1900 оқушы қала мектептерінде орналасқан лагерьлерде демалса, демалыс орындарында ата-ана есебінен 4500 оқушы демалды, облыс сыртына демалысқа 3500 оқушы шықты, аула клубы мен спорттық секциялар жүйесімен 6000 бала қамтылды. Қалған оқушылар өз демалыстарын саяхат пен туған өлкені серуендеу арқылы өткізді. Қала мектептері оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 46,3 млн.теңге бөлінді.
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау Қалалық білім бөлімінде қамқорлық бөлімі жұмыс жасайды. Қамқорлық бөлімінде жетім балаларды және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға аса көңіл бөлінеді. 2011 жылдан бастап жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған 213 бала тізімге алынды.
Патронаттық (қамқоршылық) тәрбиелеу әдісін еңгізу тәжірибесі жалғасуда. Қамқоршылық тәрбиеде 15 бала бар.
Ата-ананың қарауынсыз қалған және жетім балалардың қамқоршыларына көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 38,8 млн.теңге бөлінді. Ай сайын ақшалай қаражаттан 167 қамқоршы 16180 теңгеден алып тұрады. Бүгінгі таңда орындау 15,8 млн.теңгенң құрайды.
Мектепке бара алмай, үйдегі мүгедек балаларға да үнемі назар аударылып отырады. 2011 жылдан бастап мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту бағдарламасына қажетті компьютерлік жабдықтарды алу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлініп отыр. 2012 жылы 3 мүгедек балаға компьютерлік жабдықтарды сатып алу үшін 2,2 млн.теңге бөлінді.
Қалалық білім бөлімінің 2013 жылға арналған
негізгі бағыттары мен міндеттері
2012-2013 оқу жылында білім бөлімінің, білім мекемелерінің қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- мектепке дейінгі білімділік қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін көбейту;
- қаланың білім беру жүйесін ресурстармен қамтамасыз ету – бюджеттік қаржыландыруын арттыру, ғимараттардың күрделі жөндеулерін жүзеге асыру мен қаланың білім беру мекемелерінің материалдық – техникалық базасын сақтау және толықтыру;
- білім беру сапасының басқаруын әрі қарай дамыту, әр түрлі стратегияларды таңдау есебімен және әр түрлі басқару кезеңдерінде білім беру сапасын бағалаудағы кешенді тұрғысын қамтамасыз етудегі ұйымдастырылған білім сапасын басқару механизмдерін жасақтау үшін жағдай туғызу қарастырылған;
- білім беру жүйесінде тиімсіз шығын шығуды азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру;
- білім беру үдерісінде рухани-адамгершілік пен отансүйгіштік тәрбие сапасын арттыру;
- мектепшілік тамақтандыру сапасын жетілдіру;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларға қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау және жалпы білім беру білімділік бағдарламаларын орындап отырған білім беру мекемелерінде, мүгедек, соның ішінде көру, есту, жүру қабілеттері бұзылған балаларға тосқауылсыз орта қалыптастыру, оқу үшін жағдай жасау;
- қала деңгейінде білімділік кешенді басқаруды қамтамасыз ету үшін біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру;
- дарынды балаларды қолдау үшін жүйені қағидатты жаңарту, олимпиада мен сайыстардың қозғалысын әрі қарай дамыту арқылы, дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін жұмыстардың түрлерін жетілдіру;
- жалпы білім беру мекемелерімен желілік қарым-қатынас арқылы балаларға қосымша білім беру рөлін арттыру;
- педагог және басшы қызметкерлердің кәсіптік құзыреттіліктерін арттыру;
II. Қалалық білім бөлімі жұмыстарының кезеңдігі (циклограммасы)
Апта күндері
|
1 апта
|
2апта
|
3 апта
|
4 апта
|
Дүйсенбі
|
қалалық білім бөлімі аппаратының жеделдік лездемесі
10.00
|
қалалық білім бөлімі аппаратының жеделдік лездемесі
10.00
|
қалалық білім бөлімі аппаратының жеделдік лездемесі
10.00
|
қалалық білім бөлімі аппаратының жеделдік лездемесі
10.00
|
Балалардың құқығын қорғау мамандарының азаматтарды қабылдау 09.00-18.00
|
Сейсенбі
|
Мектепке дейінгі мекемелер басшыларымен кеңес
15.00
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен кеңес және нұсқамалық-әдістемелік шаралар
10.00
|
Жалпы білім беру мектептердің басшыларымен кеңес
15.00
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен кеңес және нұсқамалық-әдістемелік шаралар
10.00
|
Мектепке дейінгі мекемелер басшыларымен кеңес
15.00
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен кеңес және нұсқамалық-әдістемелік шаралар
10.00
|
Жалпы білім беру мектептердің басшыларымен кеңес
15.00
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен кеңес және нұсқамалық-әдістемелік шаралар
10.00
|
Сәрсенбі
|
Қалалық білім бөлімі басшысының азаматтарды қабылдауы 14.30 – 17.00
|
Мектепке дейінгі білім беру маманының азаматтарды қабылдау 14.30 – 17.00
|
Бейсенбі
|
Қалалық білім бөлімі басшысы орынбасарының азаматтарды қабылдауы 14.30 – 17.00
|
Мектепке дейінгі білім беру маманының азаматтарды қабылдау 14.30 – 17.00
|
Жұма
|
Балалардың құқығын қорғау мамандарының азаматтарды қабылдау 10.00-17.00
|
Сенбі
|
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен іс-шаралар өткізу
|
III. Атқарушы және өкілетті ұйымдардың қарауына
шығарылған сұрақтар
1
|
Балабақшалардың ашылуы, балабақша мен орта мектептер жанынан шағын орталықтар құруы туралы қала әкімшілігінің қаулы жобаларын дайындау
|
Жыл бойы
|
Камалов М.Б.
|
2013 жылы оқушылардың ұйымдастырылған жазғы демалысы мен сауықтыруы
|
наурыз
|
Камалов М.Б.
|
Қала мектептерінің 11 сынып оқушыларын оқу-алқаптық жинауға дайындау
|
наурыз
|
Курмангазиева С.М.
|
2013-2014 оқу жылына қаланың білім беру мекемелерінің титулдық бетшелерін бекіту
|
қаңтар
|
Имамбаева Ы.А.
|
2
|
Қалалық маслихаттың отырысында қаралатын сұрақтар: «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 14.10.2011ж №38/429 шешімі
|
жыл бойы
|
Имамбаева Ы.А.
|
3
|
2010-2014 жылға «Балапан» бағдарламасын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыру
|
жыл бойы
|
Имамбаева Ы.А.
|
IV. Қалалық білім бөлімі кеңес отырыстарында қаралатын сұрақтар
Ақпан
1. Кешкі мектеп оқушыларын оқумен қамтылуын ұйымдастыруы.
2.Мектеп құжаттарының жүргізілуі және №7,8,10,12 мектептерде ҚР «Білім туралы» Заңының орындалысы.
Курмангазиева С.М.
3.ҚІІБ-і мен мектепшілік есепте тұрған сәтсіз отбасы оқушыларымен мектеп психологтарының жасаған жұмыстары.
Үмбетова Ж.Ж.
Карабаева Д.
4.№2,3,9,10,12,21,24,27 орта мектептерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің берілісі.
Үмбетова Ж.Ж.
Сәуір
1.2013ж. I орамы бойынша бюджеттің орындалысы.
Камалов М.Б.
2.Әлеуметтік педагогтардың ата-ананың қарауынсыз қалған және жетім балаларды анықтау мен есепке алуы және қамқоршылармен жүргізілген жұмыстар.
Кульметенова Т.А.
3.№8,14,19,26 мектепке дейінгі мекемелерде оқу және тәрбиелік қызметтің жағдайы.
Үмбетова Ж.Ж.
4.«Балапан» бағдарламасының орындалуы бойынша ҚББ-нің жұмыс нәтижелері.
Боранова М.
Маусым
1.Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын ұйымдастыруы.
Карабаева Д.
2.Қала мектептері түлектерінің ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша қорытындысы.
Курмангазиева С.М.
3.Білім беру мекемелерінде кадрмен қамтамасыз ету және кәсіптік бағадарлау бойынша атқарылып жатқан жұмыс.
Байшаханова А.
Тамыз
1.Білім беру нысандарының жаңа 2013-2014 оқу жылына дайындығы.
Камалов М.Б.
2.Қаланың білім беру мекемелерінің рейтингісі туралы.
Ы.Имамбаева
3.Қаланың білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясын өткізу туралы.
Үмбетова Ж.Ж.
Қазан
1.Білім беру мекемелеріне жас мамандарды бекіту және оларға қажетті жағдай туғызу туралы.
Байшаханова А.
2.Білім беру мекемелерінің бюджет қаражаттарын жоспарлауы мен игеруі.
Камалов М.Б.
3.№1260 «2008-2016 жылға арналған Салауатты өмір салты бағдарламасының бекітілуі туралы» 21 желтоқсан 2007 жылға ҚР Үкіметі Қаулысының орындалысы.
Үмбетова Ж.Ж.
Желтоқсан
1.Орыс және аралас жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің берілу жағдайы туралы.
Үмбетова Ж.Ж.
2.Оқушылардың қауіпсіз теңгерімді ыстық тамақтандыруы мен тасымалдауын ұйымдастыруы туралы.
Искалиева А.Т.
3.2013 оқу жылының жұмысына талдау және 2014 ж. жұмыс жоспарын бекіту.
Курмангазиева С.М.
V. Қалалық білім бөлімінің кеңесі
(аппараттық, қалалық білім беру ұйымдары мен мекемелері басшыларымен)
Қаңтар
1.2012-2013 оқу жылының I жарты жылдықтағы үлгерім қорытындысы. 11-сынып оқушыларының білім сапасы.
Сектор меңгерушісі
2.I жарты жылдық бойынша 4 сыныптарындағы бақылау жұмыстарының және 9 сыныптардың ОЖСБ-ға дайындықтарының қорытындысы.
Сектор меңгерушісі
3.«Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлердің үлгерім қорытындысы.
Махина С.
Ақпан
1.№1,14,15,16,20 орта мектептерде мектепшілік құжаттардың жүргізілуі.
Сектор меңгерушісі
2.Қала мектептерінде ҚР «Тіл туралы» Заңының орындалысы. Қала мектептерінде орыс сынытарындағы қазақ тілдің, орыс және ағылшын тілдерінің берілу сапасы.
Үмбетова Ж.Ж.
3.Қалалық пәндік олимпиадаға оқушылардың қатысы стуралы қорытынды.
Үмбетова Ж.Ж.
Наурыз
1.Мектеп пен үйде мүгедек балалардың инклюзивтік оқытуын ұйымдастыру.
Сектор меңгерушісі
2.Қала мектептерінде секциялық сабақтардың ұйымдастырылуы және дене шынықтыру пәнінің берілісі (2012 жылдан бастап бақылауды тұрған сұрақ)
Үмбетова Ж.Ж.
3.Қала мектептерінде тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және қала мектептері оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудағы аула клубтарының жұмысы.
Қарабаева Д.
Озғамбаева А.
4.2013 жылдың I орамы бойынша мектеп түлектерінің сынақ тестілеудің қорытындысы.
Сектор меңгерушісі
Сәуір
1.Оқушылардың Республикалық пәндер олимпиадасының қорытындысы туралы.
Үмбетова Ж.Ж.
2.Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға дайындық барысы туралы (ҰБТ).
Искалиева А.Т.
3.Мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандарттың орындалуы бойынша мектепке дейінгі шағын орталықтардың, жеке меншік мектепке дейінгі мекемелердің өз жұмыстарын ұйымдастыруы.
Үмбетова Ж.Ж.
Маусым
1.Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруы.
Карабаева Д.
2.Білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы.
Камалов М.Б.
3.Терроризмге қарсы шаралар қолдану және білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдай орнату туралы.
Камалов М.Б.
Тамыз
1.Педагогикалық қызметкерлер үшін тамыз шараларын өткізуге дайындық туралы.
Үмбетова Ж.Ж.
2.Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы (жөндеу, тамақ, есепке дайындық)
Курмангазиева С.М.
3.Қалалық білім беру ұйымдарының оқулықпен қамтылуы.
Үмбетова Ж.Ж.
Қыркүйек
1.Оқу жылы басындағы негізгі ұйымдық-әдістемелік іс-шаралардың орындалысы.
Ы.Имамбаева
2.Қалалық білім беру мекемелерінің 2012-2013 жаңа оқу жылына дайындығы туралы.
Курмангазиева С.М.
3.Білім беру мекемелерінде сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру туралы.
Искалиева А. мен мектеп басшылары
Қазан
1.«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы және жалпы оқу айлығының қорытындысы туралы.
Искалиева А.Т.
2.ҰБТ-ге дайындық және жаратылыстану-математикалық бағытындағы факультативтік жұмыстарды ұйымдастырудағы сабақтастық қағидасын жүзеге асыру.
Курмангазиева С.М.
3.Балалар қылмыстарының азаюына жұмыстарды ұйымдастырудың 2013 жылдың 9 айлық қорытындысы.
Кульметенова А.
4.Арнайы (коррекциялық) бағдарламалар бойынша оқушыларды оқыту.
Искалиева А.Т.
Қараша
1.Білім беру мекемелерін педагог кадрлармен қамтамасыз ету, басқарма кадрларының резервін тұжырымдау.
Кадр жөніндегі маман
2.Білім беру ұйымдарында ҚР «Білім туралы» Заңының орындалысын ұйымдастыру жұмысы туралы – оқушылар контингентін сақтау.
Искалиева А.Т.
Қалалық білім беру ұйымдарының қаржылық қызметтері қорытындысы және 2014 жылға бюджетті тұжырымдау туралы.
Нұрбергенова А.
VI. Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинарлар
1.
|
Білім беру мекемелерінің электрондық түрде қызмет көрсетуге өту туралы. «Электрондық күнделік», «Электрондық журнал» бағдарламаларды еңгізу.
|
наурыз
|
Өтепбергенова Ж.
|
2.
|
Ұйымдастырылған балалық ұжымдарда тамақтану.
|
сәуір
|
Искалиева А.
|
3.
|
Білім беру мекемелерінде ақпараттық жүйе басқаруын еңгізу. Мектептің ақпараттық кеңістікте білімдік нәтижесін бағалау.
|
қазан
|
Үмбетова Ж.Ж.
|
4.
|
Әлеуметтік серіктестік - инклюзивті білім беру жағдайдағы денсаулығы шектеулі балалардың даму мүмкіндігін жүзеге асырудағы тиімді әдісі.
|
қараша
|
Үмбетова Ж.Ж.
|
5.
|
Мектепшілік әлеуметтімәдени ортаны тұжырымдау - ізгі-көркемдік білім беру платформасы болып табылады.
|
наурыз
|
|
6.
|
Қосымша білім беру ұйымдарындағы жағдайларда оқушының әлеуметтік және кәсіби дамуы
|
наурыз
|
Озгамбаева А.
|
VII. Бақылауда тұрған мәселелер
1.Қала мектептеріндегі компьютерлік сыныптардың, интерактивті тақталардың және лингафон-мультемедиялық жабдықтарын пайдалануы және сақталуы.
2. Қала мектептерінде секциялық сабақтардың ұйымдастырылуы және дене шынықтыру мен БАД пәнінің берілісі.
VІII. Облыстық семинарлар
№
|
Іс –шаралар атауы
|
Орындалу мерзімі
|
Жауаптылар
|
1
|
Мектеп кітапханаларында құжаттарды рәсімдеу талаптары
|
қаңтар
|
МДжЖОББ
|
2
|
2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша курстық даярлауды ұйымдастыру туралы»
|
ақпан
|
ТжКББ
|
3
|
Мектеп бітіруші түлектерді және «Алтын белгі» үміткерлерін ҰБТ-ге дайындау жұмыстарын сапалы жүргізу жолдары
|
ақпан
|
МДжЖОББ
|
4
|
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу профилактикасы
|
ақпан
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
5
|
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық алдын алу жұмыстарының түрлерін анықтау, әдістерін жетілдіру
|
наурыз
|
ТЖБ
МООӘжҚББО
|
6
|
Бейнеу, Маңғыстау аудандарында: «Шағын жинақты мектептерге арналған ресурстық орталықтың жұмысы туралы»
|
наурыз
|
МДжЖОББ
|
7
|
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы
|
наурыз
|
ТЖБ
|
8
|
Қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының үйлестірілу жолдары
|
наурыз
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
9
|
«Жазғы демалыс-2013»
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
10
|
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа жол беретін жағдайлар және оның алдын алу мүмкіндіктері
|
сәуір
|
БжКБ
|
11
|
Аудандық және қалалық білім беру бөлімдері мамандарына: «Алтын белгі» үміткерлерінің құжаттарын дайындау туралы
|
сәуір
|
МДжЖОББ
|
12
|
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы білім сапасын көтерудің бір факторы
|
сәуір
|
«Дарын» ҚБО
|
13
|
Жылдық есептерді жасақтау туралы семинар – кеңес
|
тамыз
|
З.Тастемирова
Барлық бөлімдер
|
14
|
Діни экстримизмнің алдын-алуға бағытталған жоғары сынып оқушыларына арналған Интернет-конференция
|
қыркүйек
|
ТЖБ
МООӘжҚББО
|
15
|
Дарынды оқушылармен жұмыстың жаңа технологиялары және оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау
|
қыркүйек
|
«Дарын» ҚБО
|
16
|
«Жас ұлан» ұйымы оқушыларымен жүргізілетін жұмыс түрлері» (Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларымен жұмыс)
|
қазан
|
ТЖБ
МООӘжҚББО
|
IX. Облыстық конкурстар және шаралар
№
|
Іс –шаралар атауы
|
Орындалу мерзімі
|
Жауаптылар
|
|
І. Білім беру ұйымдарының оқушыларымен,
тәрбиеленушілерімен өткізілетін шаралар
|
1
|
М.Мақатаев оқулары (республикалық) (5-11 сынып)
|
қаңтар
|
«Дарын» ҚБО
|
2
|
Мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы
|
қаңтар
|
МДжОББ
«Дарын» ҚБО
|
3
|
«Ілияс оқулары» (республикалық) (5-11 сынып)
|
наурыз
|
«Дарын» ҚБО
|
4
|
Үздік үйірме жетекшісі-2013
|
наурыз
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
5
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнаулы пәндері бойынша оқушылар олимпиадасы
|
наурыз
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
6
|
«Техникалық шығармашылық- 2013»
|
наурыз
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
7
|
«Жұлдызай» облыстық байқауы
|
наурыз
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
8
|
«Таң Шолпан» облыстық байқау
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
9
|
Облыстық «Жас инспекторлар» слеті
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
10
|
«Махамбет оқулары» (республикалық) (5-10 сынып)
|
сәуір
|
«Дарын» ҚБО
|
11
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылар олимпиадасы
|
сәуір
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
12
|
Музыкалық колледждерде әнші оқушылардың арасында өтетін республикалық байқау
|
сәуір
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
13
|
Білім беру мекемелері арасында облыстық жол қауіпсіздігін насихаттау бағытында «Таңдаулы мұғалім», «Таңдаулы жол қауіпсіздігін қорғау сыныбы», «Таңдаулы мектеп» атты байқау өткізу
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
14
|
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы (4сынытар)
|
сәуір
|
«Дарын» ҚБО
|
15
|
«Экология және балалар» байқау
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
16
|
«Атамекен» туристік-өлкетану слеті
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
17
|
«Электрэнергиясын тиімді пайдалан» жас суретшілер байқауы
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
18
|
«Қалдықтардан жасалған ғажайыптар» байқауы
|
сәуір
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
19
|
Жастар арасында салауатты өмір қалыптастыру бағытында «Спорт нашақорлыққа қарсы», «Туризм нашақорлыққа қарсы» тақырыптарында спорттық шара ұйымдастыру
|
мамыр
|
ТЖБ АДТО
|
20
|
«Абай оқулары» (республикалық) (5-10 сынып)
|
мамыр
|
«Дарын» ҚБО
|
21
|
«Бастау» математикалық турнир
|
мамыр
|
«Дарын» ҚБО
|
22
|
«1-маусым – Балаларды қорғау күні»
|
маусым
|
ТЖБ МООӘжҚББО МДТмОО
|
23
|
26 маусым Халықаралық нашақорлық пен ескірткі бизнесіне қарсы күрес акциясы «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбында шығармашылық конкурс, КВН ұйымдастыру
|
маусым
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
24
|
«Үздік аула клубы-2012»
|
тамыз
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
25
|
«Үздік лагерь-2012»
|
тамыз
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
26
|
«Қазақстан халықтары тілдері фестивалі»
|
қыркүйек
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
27
|
«Зерде» жас зерттеушілер байқауы (3-7 сыныптар)
|
қыркүйек
|
«Дарын» ҚБО
|
28
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған мерекелік шара
|
қазан
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
29
|
«Маңғыстаунама-2012» сайыс
|
қараша
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
30
|
«Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» байқау
|
қараша
|
ТЖБ МООӘжҚББО
|
31
|
Облыстық ғылыми жобалар сайысы
|
желтоқсан
|
«Дарын» ҚБО
|
32
|
«Жас мамандар» IY облыстық слеті
|
желтоқсан
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
33
|
«Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты V республикалық форум.
|
желтоқсан
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
34
|
Әкем, шешем және мен» тақырыбында отбасылық спорттық шара ұйымдастыру
|
желтоқсан
|
ТЖБ АДТО
|
35
|
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жыл шыршатойы
|
желтоқсан
|
Барлық бөлімдер
|
|
ІІ. Басшы және педагог кадрлармен өткізілетін шаралар
|
1
|
Облыстық білім беру қызметкерлерінің активі
|
қаңтар
|
З.Тастемирова
|
2
|
«22-ақпан халықаралық Ана тілі күніне» Тілші мұғалімдер олимпиадасы
|
ақпан
|
МДжЖОББ
МООӘжҚББО
|
3
|
«Үздік сынып жетекшісі-2013»
|
наурыз
|
ТЖБ
МООӘжҚББО
|
4
|
«Серікбол Қондыбай шығармашылығы: жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары» республикалық конференция
|
наурыз
|
МДжЖОББ
МООӘжҚББО
|
5
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Мамандығы бойынша ең үздік маман-2013» облыстық сайысы
|
сәуір
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
6
|
«Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» 4 облыстық форум
|
маусым
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
7
|
Білім саласы қызметкерлерінің тамыз мәслихаты
|
тамыз
|
З.Тастемирова Барлық бөлімдер
|
8
|
Тілдер күні мерекесі аясында «Қазақ тілінің үздік мұғалімі» облыс әкімінің гранты байқауы
|
қыркүйек
|
МДжЖОББ ТЖБ
МООӘжҚББО
|
9
|
«Ұстаздар күні» мерекесі
|
қазан
|
З.Тастемирова Барлық бөлімдер
|
10
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған мерекелік шара
|
қазан
|
С.Утебаев
ТжКББОӘК
|
11
|
Білім ұясы: («Үздік шағын орталық»,«Үздік балабақша»,«Үздік жалпы білім беретін мектеп»,«Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Үздік кәсіптік және техникалық білім беру ұйымы») облыстық байқау
|
қараша
|
Барлық бөлімдер
|
12
|
Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» V республикалық форум
|
желтоқсан
|
ТжКББ
ТжКББОӘК
|
X. Облыстық, аймақтық іс- шаралар мен Қазақстан Республикасы
Үкіметі Қаулыларының орындалысы
№
|
Үйым атауы
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
1
|
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 14.10.2011ж №38/429 шешімі
|
10 наурыз
10 қыркүйек
ҚРБжҒМ-на ақпарат
|
Барлық бөлімдер
|
2
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.06.2012ж №832 қаулысымен бекітілген «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары»
|
уақытында
|
Барлық бөлімдер
|
Қысқартулар:
МДжЖОББ –мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі
ТЖБ- тәрбие жұмыстары бөлімі
ТжКББ- техникалық және кәсіптік білім бөлімі
БжКБ - бақылау және кадр бөлімі
ҚБ- қаржы бөлімі
А(Қ)ББ- аудандық,қалалық білім бөлімдері
ТжКББОӘК- техникалық және кәсіптік білім бөлімі оқу- әдістемелік орталығы
МОМДТмОО-Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
орталығы
МООӘжҚББО- Маңғыстау облысының оқу- әдістемелік және қосымша білім беру
орталығы
АДТО-аймақтық дене тәрбиесі орталығы
МОББАО Маңғыстау облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығы
«Дарын» ҚБО- «Дарын» қосымша білім беру орталығы
ПМПК- педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация
қосымша №1
Қалалық білім бөлімі кеңесінің құрамы
1.Ы.И. Имамбаева Білім бөлімі бастығы, кеңестың төрағасы
2.С.М. Құрманғазиева Білім бөлімі бастығының орынбасары 3.М.Б. Қамалов Білім бөлімі бастығының орынбасары
4.Ж.Ж. Үмбетова Қалалық білім үйлестіру орталығының
бастығы
5.А.Т. Искалиева Мектепке дейінгі және жалпы орта білім
секторы менгерушісі
6.В.К. Кострюкова Білім қызметкерлері кәсіподағының
қалалық комитетінің төрайымы
7.Г.Н.Нурғалиев Ақтау қалалық ардагер ұстаздар
кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
8.Г.К. Кабанова №58 бала бақшанын басшысы
9.А.И. Исаева №28 орта мектептін басшысы
А.Қ.Байшаханова білім бөлімі кадр бойынша бас мамаңы, хатшы
қосымша №2
Қалалық білім бөліміне, бағынысты мекемелерге
бекітілген кураторлар
Кураторлар жетекшілік ететін қала мекемелері бойынша кез-келген мерзімде толық ақпаратты білуге тиіс.
Бекітілген қала мекемелерінің проблемалары мен қажеттіліктері туралы ақпарат жинауы тиіс.
Білім мекемелерінің жайы туралы күнделікті мәлімет алып отыру (оқу-тәрбие процесі, жылу жүйесінің жағдайы, өрт қауіпсіздігі және т.б.).
Егер төтенше жағдайлар болып қалған жағдайда жедел хабарлауға міндетті.
№1 орта мектеп - Қонақбаев Нұрлыбай Данабаевич ММ «АҚБҮО» әдіскері
№2 орта мектеп – Шабикова Раушан Неражимовна ММ «АҚБҮО» әдіскері
№3 орта мектеп – Орынбас Самал Мәлікқызы ММ «АҚБҮО» директордың
орынбасары
№5 орта мектеп – Исамбаева Нұржамал Ашимқызы ММ «АҚБҮО» әдіскері
№6 орта мектеп - Райымберді Әселжан Райымбердіқызы ММ «АҚБҮО»
әдіскері
№8 орта мектеп – Нысанов Сергей Даулетқалиұлы ММ «АҚБҮО» әдіскері
№9 орта мектеп – Карабаева Дина
№10 орта мектеп – Утепбергенова Жанбота Қайырбайқызы ММ «АҚБҮО»
директордың орынбасары
№12 орта мектеп – Нургалиев Горький Негметович ММ «АҚБҮО» әдіскері
№14 орта мектеп – Джангалиева Насип Галымжановна ММ «АҚБҮО»
әдіскері
№15 орта мектп – Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы ММ «АҚБҮО»
бастығы
№16 орта мектеп – Менеева Гулшра Лукмановна ММ «АҚБҮО» әдіскері
№17 орта мектеп – Бисенова Динара Темірбековна ММ «АҚБҮО» әдіскері
№20 орта мектеп – Махина Сандигул Муратовна ММ «АҚБҮО»
директордың орынбасары
№21 орта мектеп – Садыкова Дамеш Кыдыршаевна ММ «АҚБҮО» әдіскері
№22 орта мектеп – Жаксыгулова Гулназ Маннаповна ММ «АҚБҮО» әдіскері
№23 орта мектеп – Сахаева Мейрамгул Кабдірешқызы ММ «АҚБҮО»
әдіскері
№24 орта мектеп – Ергарина Сагира Салықбайқызы ММ «АҚБҮО» әдіскері
№27 орта мектеп – Камалов Мұканжан Бақтыбайұлы қалалық білім бөлімі
басығының орынбасары
№28 орта мектеп – Казиханова Айымгул Нұрмуханбетқызы ММ «АҚБҮО»
әдіскері
№4,8,11,14,16,17,19,22,23,24,26,28,29,31 бала бақшалар- Боранова Мереке Махмутовна қалалық білім бөлімінің бас маманы
№34,35,36,42,43,44,46,53,54,56,57,58,59,60 бала бақшалар – Балмагамбетова Тыныштық Қалниязқызы ММ «АҚБҮО» әдіскері
Достарыңызбен бөлісу: |