Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсы туралы ереже



Дата27.06.2016
өлшемі93.46 Kb.
#162086
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ереже

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсы жастарға патриоттық тәрбие берудің ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.



Байқау-конкурстың мақсаты:

- мәдениет, білім ұйымдарының қоғамдық мұражайларының және басқа да мемлекеттік, қоғамдық құрамалардың, бизнес-құрылымдардың мәртебесін жоғарлату және жасөспірімдерге, барлық қазақстан халқына рухани-адамгершілік, патриоттық және азаматтық тәрбие беруде тиімді пайдалану



Байқау-конкурстың міндеттері:

- қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың рухани-өнегелілік және мәдени құндылықтарының қайнар көзін жаңарту;

- қоғамдық мұражайлардың дәстүрлі жұмыс түрлері жетілдіру және жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін іздестіру;

- тарихшылардың, мұражай ісінің мамандарының және жасөспірімдердің іздестіру-жинақтау, экскурсиялық-ағартушылық, жоба-зерттеушілік, көрме қою тәртіп қызметін дамыту

- әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және басқа да құрамаларда әрекет ететін үздік қоғамдық мұражайлардың жұмыс тәжірибесін айқындау, жинақтау және тарату;

- үкіметтің, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар басшыларын, педагогикалық ұжымдарды, балалар, жастар, ардагерлер ұйымдарын, мәдениет қызметкерлерін, БАҚ қоғамдық мұражайлардың әлеуетін мәдени-ағартушылық, насихаттау жұмысында, жастарға адамгершілік-рухани және патриоттық тәрбие беруде тиімді пайдалануға тарту.

Байқау-конкурстың ұйымдастырушылары:

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының, Білім басқармасының және Мәдениет басқармасының, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы ардагерлері орталық кеңесінің идеологиялық және ұйымдастырушылық қолдауымен «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдары Одағы



II. Байқау-конкурстың қатысушылары

Барлық қоғамдық мұражайлар және мұражай сияқты құрамалары бар барлық мәдениет ұйымдары, орта білім беретін мекемелер, жетім балаларға арналған мекемелер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін балалар, жастар, ардагерлер қоғамдық құрылымдар, ұлттық мәдени орталықтары т.с.с және де жаңадан құрылған төлқұжаттары бар барлық тілек білдірушілер байқау-конкурстың қатысушылары болып табылады.



III. Байқау-конкурсты өткізу тәртібі және мерзімі

Байқау-конкурс екі кезең бойынша өткізіледі :

Аймақтық кезең : 2011 жылғы қыркүйек-қазан;

Республикалық кезең: 2011 жылғы қараша- желтоқсан

Байқау өткізу үшін тиісті ұйымдастырушы комитеттер құрылады және аймақтық (жергілікті) ардагерлер кеңесі төрағалық етуші қазылар алқасы тағайындалады

Аймақтық кезең қорытындысы бойынша Ұйымдастырушы комитеттер 2011 жылғы 1 қарашаға дейін байқау-конкурстың ұйымдастыру комитетінің мекенжайына (Астана қаласы, ……..) ілеспе хатпен Республикалық кезеңге қатысу үшін өтінімдерін (2 қосымша) бойынша және қосымша берілген талаптарға сәйкес дайындалған конкурстық материалдарын (әр аймақтан 3-ден асырмай) жібереді

Егер де аймақтық кезең өткізілмеген жағдайда байқау-конкурсқа қатысу үшін нақты аймақтың қоғамдық мұражайының 2 (екі) материалы қана қабылданады.



Қазылар алқасы 2011 жылғы 6 желтоқсанға дейін байқаудың қорытындысын жасайды.

Байқаудың қорытындысы 2011 жылғы 10 желтоқсанда бекітіледі.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау және тәжірибенің тұсаукесері патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ғылыми-практикалық конференцияның аясында 2011 жылғы 14-15 желтоқсанда Астана қаласында болады.

V. Конкурс материалдары және бағалау өлшемдері

1. Мұражайды сипаттау

Бағалау өлшемдері:

- өлкетану қызметінің барысында елдің тарихын, дәстүрлерін, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарының қазіргі таңдағы жетістерін көрсететін жиналған материалдар:

- экспозициялық жұмыс деңгейі, мұражайды безендіру әсемдігі;

- мұражай материалдарын есепке алу және сақталу жағдайлары қамсыздандыру, мұрағат материалдары, қорлары (қоймалары);

- білім беру барысында, мәдени-ағартушылық жұмыста мұражайды пайдалану;

- мұражай базасында зерттеушілік жұмыстардың болуы;

- қоғамдық пайдалы қызметтерді іске асыру;

- бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми-танымал басылымдарда мұражай қызметі жарияланған материалдардың болуы;

- мұражай базасында әдістемелік жұмыстардың жүзеге асырылуы;

- жастардың арасында мұражайдың кәсіптік бағдар жұмысы;

- қоғамдық экскурсия жүргізушілердің жұмысы.

2. Мұражай қызметінің бағдарламасы

Бағалау өлшемдері :

- өткізілетін экскурсиялардың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы және өзектілігі ;

- бағдарлама бағыттылығы, нақтылығы және мақсаттары мен міндеттерінің айқындығы;

- құрылымдылығы (атауы, титул парағы, түсіндірме хаты, негізгі тараулардың мазмұны, іске асыру жағдайы, әдебиеттер тізімі);

- мазмұнының жаңалығы және тұпнұсқалығы;

- жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы ;

- бағдарламаны іске асыруда оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың , қоғам өкілдерінің ролі;

- әдістемелік қамтамасыз етудің тиімділігі ;

- бағдарлама тарауларының ұтымдылығы және жиілілігі

- шындығы және нәтижелерге қол жетерлігі.



3. Мультимедиялық тұсаукесер «Мұражайдың танымал көрме экспозициялары):

Бағалау өлшемдері :

а) мазмұндық аспект: тақырыптың өзектілігі, композицияның өзіне тән ерекшелігі, экспонат тұпнұсқасының болуы, халықпен, оқушылармен, жастармен, көрме материалдарымен жұмыс ұйымдастыруы;



б) техникалық аспект: слайд санының тиімділігі, слайдтар бойынша навигация (тұсаукесер жұмысының лайықтылығы); көркемдік безендірілуі, дизайны, анимациялары, гиперсілтемелер); графикалық және мәтіндік ақпараттың тиімділігі, мәтінде қателердің болмауы (грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық), дыбыс және бейнелеу сапасы ...

4. Мұражай бойынша шолу экскурсиясының бейнежазбасы

Бағалау өлшемдері :

- экскурсия жүргізушінің сөзі ұсынған экскурсия түріне сәйкестігі (шолу);

- айтқан материалдың ойға қонымдылығы, аудиториямен байланыс жасауы;

- экспозициялық материалды пайдалануы мақсатқа лайықты болғаны;

- экскурсия жүргізушінің сөйлеу мәдениеті, сезімге бой алдырушылығы, сауаттылығы ;

- көрме материалдарын көрсетуде өзіндік ерекше тәсілдерді пайдалану;

- регламент сақтауы.

IV. Байқау-конкурстың қорытындысын жасау

және жеңімпаздар мен жүлделерге ие болғандарды марапаттау

Қазылар алқасының құрамын байқау-конкурстың ұйымдастыру комитеті тиісті ведомстволармен келісе отырып, анықтайды және ардагерлер Кеңесінің Президиумымен бекітіледі.

Қазылар алқасы конкурстық материалдарды бағалау өлшемдеріне сәйкес әр конкурстық тапсырма бойынша бағалайды.

Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

Байқау-конкурсқа қатысқан мұражайдың жалпы бағасы – барлық конкурстық тапсырмалар нәтижелерінің сомасы.

Барлығын қосқан баға бойынша ең көп ұпай жинаған мұражай диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау-конкурстың әртүрлі номинациясы бойынша ең көп ұпай жинаған мұражай грамоталармен марапатталады.

V. Байқау-конкурсты қаржыландыру

Байқау-конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға байланысты шығындар демеушілердің қатыстырған қаражат есебінен іске асырылады.

Байланыс телефондары:

(8 717 2) 21 74 22,

е-mail: dea_ast@mail.ru, sdoozhulduz@mail.ru

1 қосымша

Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын

ТАЛАПТАР

1.Конкурстық материалдар компьютерде басылған түрде және электрондық таратушы арқылы Word мәтіндік редакторында қабылданады..

2. Мультимедиялық тұсаукесер « Мұражайдағы үздік көрмелер» Ms. Power Point бағдарламасында жасалады, көлемі 10 -15 слайд.

3. Мұражай бойынша шолу экскурсияның бейнежазбасы DVD-дискілерде қабылданады. Экскурсия уақыты 15 минуттан аспау керек.

4. Мұражай қызметі бағдарламасының құрылымы :

Бағдарламаның атауы (қысқаша, айқын, тартымды).

Титул парағы: білім беру мекемесінің атауы; бағдарламаны бекіту (қайда, қашан, кіммен); бағдарламаның дамуы, балалардың жасы ( кімге арналған); іске асыру мерзімі; Т.А.Ә., автордың лауазымы (авторлардың), елді жердің атауы, бағдарламаны әзірлеу жылы.

Түсіндірме жазбасы: бағдарлама бағыттылығы , өзектілігі және педагогикалық мақсатқа лайықтылығы; мақсаттары мен міндеттері (оқыту, тәрбиелу, дамыту); бұл бағдарламаның ерекшелігі; балалардың жасы ; оны іске асыратын қатысушылары (педагогтар, ата-аналар, мүдделі тұлғалар мен ұйымдар); жүзеге асыру мерзімі (ұзақтылығы, кезеңдері); қызмет түрлері және тәртібі; күту нәтижелері және оларды тексеру тәсілдері; қорытынды жасау түрлері (конкурстар, жарыстар, көрмелер, оқу-зерттеушілік конференциялар т.б. )

Бағдарлама бөлімдері (мұражай қызметінің негізгі бағыттары): атауы; міндеттері; істің тақырыбы; жұмыс түрлері мен әдістері; оны жүзеге асыру үшін қатысушылар және олардың қызметі; болжау нәтижелері; нәтижелерді бағалау әдістемесі.

Жүзеге асыру жағдайлары (кадрлар, материалдық-техникалық базасы, әдістемелік қамтамаыз ету және басқа с.с.)

Библиография

Қосымшалар (конспектер, диагностикалық құралдар ....).

5. Мұражайдың сипаттау барысында қоғамдық мұражайдың құрылғаннан бастап қызметі және сол қызметінің басты бағыттарын толық көрсету. Материал көлемі 7 беттен аспау керек, Word форматында, 14 шрифт, 1.5 интервал арқылы.



Мұражайды сипаттау құрылымы:

- мұражайдың толық атауы; мұражайдың іздестіру-өлкетану жұмысын ұйымдастыру; экспозиция бөлімдерінің атауы және бөлімдері ( фотоматериал беруге болады); мұражай қорларын қысқаша сипаттау, материалдардың есепке алынуы және сақталуы (негізгі және ғылыми-қосымша қор заттарын есепке алу жазуының көшірмелері болғаны дұрыс); мәдени-ағартушылық және педагогикалық қызметтегі мұражайдың ролі (экскурсия, сұхбат,сабақ, дәріс беру және іс-шаралардың әзірлемелерін берген жөн); зерттеушілік қызмет ұйымдастыру (тәрбиеленушілердің оқу-зерттеушілік жұмысының болғаны жөн); экскурсиялық-ағартушылық және әдістемелік жұымыс (бір жылда орташа алғанда мұражайға бару, экскурсиялар жайлы бірнеше пікірлер ұсыну); мұражайдың қоғамдық пайдалы қызметі, ардагерлерге, белгілі адамдарға қамқорлық жасау; мұражай кеңесінің, белсенділердің жұмысы және қызмет түрлері (кесте арқылы көрсетуге болады); техникалық құралдармен жабдықтау; мемлекеттік, қоғамдық мұражайлармен, мұрағаттармен, ғылыми-зерттеушілік мекемелермен, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы; мұражай материалдарын БАҚ, ғылыми-танымал және басқа да басылымдарда пайдалану (басылымдардың көшірмелерін көрсеткен жөн).

(Сипаттамаға құрастырушы өз қолын қояды және лауазымын көрсетеді ).

6. Конкурсқа қатысатын барлық материалдарда автор, мұражайдың бастамашылық тобы, экскурсия жүргізуші жайлы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (толық), лауазымы, жұмыс немесе оқу орны көрсетілуі қажет

7. Байқау-конкурсқа ұсынылған материалдар рецензиялауға жатпайды және иесіне қайтарылмайды.

8. Қазылар алқасы қойылған талаптарға сәйкес емес және жөнсіз ресімделген материалдарды қараудан бас тартуға құқылы.



2 қосымша

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлардың «Отанымыздың даңқы» облыстық байқау-конкурсына қатысу үшін

ӨТІНІМ

1. Мұражайдың толық атауы.

2. Мұражайдық құрылған күні, айы, жылы.

3. Паспорт номері және паспорттандыру күні, айы, жылы.

4. Мұражай әрекет жасайтын мекеменің атауы (ұйымның)

5. Пошталық мекен-жайы, телефоны, факсы, E-mail.

6. Мұражай басшысы (Т.А.Ә. толық жазу, лауазымы, жұмыс орны).

7. Мамандығы, мұражай басшысының жалпы еңбек өтілі, қоғамдық мұражайды неше жыл басқарады.

8. «Отанымыздың даңқы» қоғамдық мұражайдың наградалары ( егер болса) .

9. Қосымша берілген материалдардың тізбесі (тұпнұсқалық және бағалы материалдарды жібермеңіздер ).

10. Мұражайдың жұмысы туралы пікірлер және ұсыныс хаттар.

Басшы _________________



М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет