Бекітілген қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ішкі бақылау бөлімі туралы ереже



Дата09.06.2016
өлшемі62.23 Kb.
#125277


Қазақстан Республикасы

Президенті Іс басқарушысының

2011 жылғы «27» қазан

№ 15/203 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президенті

Іс басқармасының Ішкі бақылау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Ішкі бақылау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Президенттің Іс басқармасы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы бекітеді.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары

мен құқықтары
4. Міндеті: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы қызметінің бағыттары бойынша оның жұмыс сапасы мен өнімділігін көтеру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Бөлім қызметін жоспарлайды, Президенттің Іс басқармасына жүктелген міндеттерді сапалы және тиімді орындауға бағытталған басқарушылық функцияларды жүзеге асырады;

2) Президент Іс басқармасының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын сақтауын тексереді;

3) Президент Іс басқармасының стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, олардың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

4) Президент Іс басқармасының есебі мен есептілігінің сенімділігін және оларды жүргізу дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және нормативтік актілердің, бұйрықтардың, қаулылардың жобаларын, нұсқауларды, баяндамаларды, талдамалық анықтамаларды әзірлеуге қатысады.

5. Міндеті: Президент Іс басқармасының қарамағындағы ведомстволардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да ұйымдардың (бұдан әрі – ведомстволық қарасты ұйымдар) қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) ведомстволық қарасты ұйымдардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасы талаптарының сақтауы, мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі бөлігінде олардың қаржы-шаруашылық қызметіне, соның ішінде даму жоспарларының орындалуына тексеру жүргізеді;

2) ведомстволық қарасты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс үлесін республикалық бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

3) ведомстволық қарасты акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік үлеске табыс есептеуін және акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерді есептеуін бақылауды жүзеге асырады;

4) ведомстволық қарасты ұйымдарда бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді және есептілік мәліметтердің сенімділігін бақылауды жүзеге асырады;

5) ішкі бақылау объектісіне ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды ұсынады;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына бақылау нәтижелері туралы есепті ұсынады;

7) ішкі бақылау мәселелері бойынша нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқауларды зерделеуді, қорытындылауды және ведомстволық қарасты кәсіпорындар назарына жеткізуді қамтамасыз етеді;

8) Бөлім құзыретіне кіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу мерзімін және олардың сапасын бақылауды жүзеге асырады;

9) талап-арыз жұмысын жүргізу үшін жеткізушілердің (мердігерлердің) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін бұзғаны туралы Заң бөліміне хабарлайды.

6. Міндеті: Президенттің Іс басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдарда басқару жүйесінің жұмыс істеуіне бағалау жүргізу.

Функциялары:

1) бақылау (тексеру) нәтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына басқару жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

7. Міндеті: ведомстволық қарасты ұйымдардың Президенттің Іс басқармасына республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатын, сондай-ақ мемлекет активтерін, оның ішінде мемлекетпен кепілдік берілген несиелер мен заемдарды тиімді пайдалануына бақылау жүргізу.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асырады;

2) стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, олардың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

3) есеп және есептіліктің сенімділігін және оларды жүргізу дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады.

8. Құқығы және міндеттері:

1) Президент Іс басқармасының тиісті құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату мен алу;

2) бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, бақылау (тексеру) жүргізуге байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрату және олар белгілеген мерзімде алу;

3) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды ескерумен бақылау жүргізу іс-шарасына қатысты бақылау жүргізу объектісінің құжаттамасымен кедергісіз танысу;

4) ведомстволық қарасты үйымдарға тиісті ұсынымдар мен Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірме беру;

5) Президент Іс басқармасының басшылығына Бөлім міндеттерін орындауды, оның қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар жасау, осы ұсыныстардың қаралуы туралы ақпарат алу;

6) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар мен мәжілістер өткізу, оларға қатысуға Президенттің Іс басқармасына есеп беретін ұйымдардың қызметкерлерін шақыру;

7) мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын және Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттікі қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін сақтау;

8) Президент Іс басқармасы басшылығының Бөлім қызметіне байланысты тапсырмаларын орындауды жүзеге асыру;

9) Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асыру;

10) еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізгі міндеттерді орындау.


3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
9. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Бөлімді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметке тағайындайтын және одан босататын Бөлім меңгерушісі басқарады. 

11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Бөлім меңгерушісінің орынбасары болады.

12. Бөлім меңгерушісі Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты.

13. Бөлім меңгерушісі Президент Іс басқармасының басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.

14. Осы мақсаттарда Бөлім меңгерушісі:

1) орынбасары болған жағдайда, оның міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Бөлім құрамындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Бөлім меңгерушісінің орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Бөлім қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім меңгерушісі болмаған кезде Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты;

3) Бөлім басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет