Б 020 ҚҰпиялылық ЖӘне банктік сарпатама туралы шарт



Дата03.07.2016
өлшемі83.5 Kb.
#174995



Б - 020

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАНКТІК САРПАТАМА ТУРАЛЫ ШАРТ
Астана қ. 20__ ж. «____»__________

Бұдан әрі «Банк» деп аталатын «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы атынан______________ № ___ сенімхат негізінде әрекет ететін __________________, бір тараптан, және бұдан әрі «Өтініш беруші» деп аталатын ____________ атынан______________ негізінде әрекет ететін __________________, екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар», ал жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар, құпиялылық және банктік сараптама туралы төмендегі жайлы осы шартты жасасты.




  1. Шарттың мәні

1.1. Шарттың жағдайларына сәйкес _______________________ инвестициялық жобаны/экспорттық операцияны/лизингтік мәмілені (бұдан әрі - Жоба) қаржыландыру туралы Өтініш берушінің өтінімін Банктің өкілетті органына қарастыруға енгізу мүмкіндігін анықтау үшін Банкпен банктік сараптаманы (бұдан әрі - Сараптама) жүргізу мақсатында Өтініш беруші Банкке Шартпен қарастырылған мерзім және тәртіпте құжаттар пакетін тапсырады.

1.2. Шарт шеңберінде Тараптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатпайтын, қандай да бір нысанда, соның ішінде құпиялық сипаттағы ақпаратты және/немесе құжаттарды бір-біріне беруге құқылы.

1.3. Құпиялық ақпарат деген осы Шарт бойынша ақпараттың үшінші тұлғаларға беймәлім болу күшіне, оған заң негізінде қол жетімділік болмаған кезде, әлеуетті коммерциялық құндылығы бар ақпарат, құжаттар және «құпиялылық» белгісі бар, құпиялық сипаттағы өзге де жазбаша ақпарат түсініледі.

Осы Шартқа сәйкес ұсынылған құпиялы ақпарат, тапсыратын Тараптың меншігі болып табылады және қатаң құпиялылық шарттарында сақталуы тиіс, сатуға, айырбастауға, жариялануға немесе Шартта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, екінші Тараптың алдын ала келісімінсіз бір Тараппен үшінші тұлғаға (тұлғаларға) ашылуға жатпайды.

1.4. Осымен Өтініш беруші Банкке Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде, сонымен қатар оның әрекет ету мерзімі өткен соң, Банктің корпоративтік сайтында (интернет-ресурсында) жариялауды қоса алғанда, үшінші тұлғаларға Жоба туралы келесі мәліметтерді жария етуге құқық береді:

- Жобаның атауы, орналасқан жері (облыс, қала), Өтініш берушінің (Жобаны іске асыратын өзге де тұлғаның) атауы, Жобаның жалпы құны, Сараптама нәтижелері туралы қысқаша мәлімет (нақты деректерді, сандарды көрсетпей).

1.5. Сараптама Жобаны қаржыландыру туралы Өтініш берушінің өтінімін Банктің өкілетті органына қарастыруға енгізу мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізілетін, Банктің ішкі рәсімі екенін және Өтініш берушіге қызмет көрсету болып табылмайтынын Тараптар түсінеді және осымен келіседі. Сараптама нәтижелері Банк меншігі болып табылады және Өтініш берушіге тапсырылмайды.

1.6. Банкпен Сараптаманы жүзеге асыру Жобаны қаржыландыру бойынша Банктің міндеттемесі болып табылмайтынын, Өтініш берушінің немесе Жобаның кез келген қызметін толықтай немесе бөлігін қаржыландыру бойынша Банкпен өзіне алынған міндеттеме, уәде немесе ұсыныс ретінде қарастырмайтынын Тараптар түсінеді және осымен келіседі.

1.7. Өтініш беруші осымен осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк талап еткен нысан бойынша Жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуға жоспарланған сатып алу туралы ақпаратты беруге, сонымен қатар Банкке көрсетілген ақпаратты үшінші тұлғаларға жария ету құқығын беруге міндеттенеді.

1.8. Өтініш беруші Жоба шеңберінде тәуелсіз сараптамашы және/немесе кеңес берушілердің орындарға барумен байланысты іссапар шығыстарын қоса алғанда, Банкпен тәуелсіз сарапшыларды (кеңес берушілерді), соның ішінде заң кеңесшілерін тартумен байланысты шығыстарын өтеуге міндеттенеді.




  1. Сараптаманы жүргізу шарттары

2.1. Шарт Тараптары Шартқа №1 қосымшасында (қаржыландырудың индикативті жағдайлары) көрсетілген жағдайларда негізделген Жобаға Сараптама жүргізумен келіседі. Алайда бұл ретте Шарт және Шартқа №1 қосымша Банктің онда көрсетілген шарттарда қаржыландыруды қамтамасыз ету міндеттемесі сияқты қарастырылмайды. Қаржыландырудың осы индикативті шарттары алдын ала сипатқа ие болады және Сараптама аяқталған соң, Банктің өкілетті органы бекіткен жағдайда ғана заңды күшіне ие болады.

2.2. Банкпен ұсынылған құжаттардың тиісті тізбесіне сәйкес (Шартқа №2 қосымша) Сараптаманы жүргізу үшін қажетті көлемде Өтініш берушімен құжаттарды ұсынған жағдайда, Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Жоба бойынша Сараптаманы жүргізуді Банк жүзеге асырады, бұл Тараптармен қол қойылған Құжаттарды қабылдау-тапсыру актісімен (Шартқа №3 қосымша) расталады.

2.3. Сараптама жүргізу барысында Банк Өтініш берушіден Жобаны әрі қарай қарастыру үшін қажетті қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар, ал Өтініш беруші талап етілген құжаттарды Банкпен көрсетілген мерзімдерде ұсынуға міндеттенеді.

2.4. Тараптармен ұсынылған кез келген деректер және/немесе құжаттар және/немесе ақпарат тапсыратын Тараптың меншігі болып табылады, және тек Шарт мақсатында ғана пайдаланыла алады.




  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Банктің:

3.1.1. Сараптама жүргізу барысында қажет болған жағдайда және Өтініш берушінің келісімі бойынша тәуелсіз сарапшыларды, соның ішінде заң кеңесшілерін тартуға;

3.1.2. Сараптаманы жүргізу барысында Жоба барысында орындарға баруды жүзеге асыруға;

3.1.3. қажет болған жағдайда Өтініш берушіден Жоба бойынша қосымша құжаттарды және/немесе ақпаратты оларды ұсыну мерзімдерін белгілеп, сұратуға;

3.1.4. қажетті қосымша құжаттарды және/немесе ақпаратты Шарттың 3.1.3. т. қарастырылған мерзімде Өтініш беруші ұсынбаған жағдайда, Сараптаманы ұсынылған құжаттардың іс жүзіндегі көлемі негізінде жүргізуге құқығы бар.

3.2. Банк:

3.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Шартпен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Жоба Сараптамасы үдерісінде оған мәлім болған алынған Құпиялық ақпаратты жарияламауға, тапсырмауға;

3.2.2. Өтініш берушінің ақпаратын және/немесе құжаттарын осы ақпарат ашылған мақсатқа ғана пайдалануға міндетті.

3.3. Өтініш берушінің:

3.3.1. өзінің бастамасы бойынша Банкке Жоба бойынша қосымша құжаттарды және/немесе ақпаратты ұсынуға құқығы бар.



3.4. Өтініш беруші:

3.4.1. Шарттың 3.1.1. т. сәйкес Банкпен жұмсалған шығындар үшін төлемді, нақтырақ айтсақ, тартылған сарапшылардың (кеңес берушілердің), соның ішінде заң кеңесшілерінің қызметін төлеуді Банкпен шот-фактураны ұсынған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүргізуге;

3.4.2. Банктің талабы бойынша Жоба бойынша қажетті қосымша құжаттар мен ақпаратты Банкпен көрсетілген мерзімдерде ұсынуға;

3.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Шартпен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Шарт шеңберінде оған мәлім болған алынған Құпиялық ақпаратты жарияламауға, тапсырмауға міндетті.



3.5. Шарттың әрбір Тарабы екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз алынған Құпиялық ақпаратты келесі жағдайларда:

  1. танысу қажеттілігі және шектеулі пайдалану негізінде өзінің қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларына;

  2. танысу қажеттілігі және шектеулі пайдалану негізінде кеңес берушілерге (сыртқы заңды, техникалық және өзге кеңесшілерді қоса алғанда);

  3. танысу қажеттілігі және шектеулі пайдалану негізінде жобаларды бірлесіп қаржыландыруды ұйымдастыру немесе Банкпен қарыз алысуды (қорландыруды) ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті және/немесе мемлекеттік органдардың қолданбалы құқығымен немесе ұйымдарға, соттарға, Тараптардың акционерлеріне/қатысушыларына/еншілес ұйымдарына;

  5. Шартты бұзу нәтижесінде емес, ақпарат жалпыға қол жетімді болған шегінде;

  6. ақпарат алатын тарапқа ашу кезінде оны таратуға ешбір шектеусіз болған шегінде ашуға құқығы бар.




  1. Дауларды шешу тәртібі

4.1. Шартты орындаған кезде пайда бола алатын даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

4.2. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар дауларды Астана қаласының сот органдарына қарастыруға тапсыру жолымен шешеді.





  1. Шарттың әрекет ету мерзімі

5.1. Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Жобаны қаржыландыру туралы Өтініш берушінің өтінімін Банкпен мақұлдау немесе мақұлданудан бас тарту туралы шешімді қабылдағанға дейін әрекет етеді, бұл туралы Банк Өтініш берушіні жазбаша түрде, немесе кез келген Тарап жазбаша түрде екінші Тарапты осы Шартты бұзу ниеті туралы хабарлаған кезде хабарландырады. Сондай жағдайда Шарт тиісті Тараппен осындай хабарламаны алған кезден кейін 5 (бес) күнтізбелік күн өткен соң бұзылды деп саналады.

5.2. Шарттың әрекет етуі тоқтаған жағдайда, Шарттың 3.2.1., 3.4.3. тармақтары бойынша Тараптардың міндеттемелері өз күшін сақтап қалады және Тараптар Құпиялылық ақпаратты жария еткені үшін Шарт әрекеті аяқталған соң, 5 (бес) жыл ішінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті тартады.


6. Әртүрлі


6.1. Шарт шеңберінде Тараптармен жолданатын хат-хабар жазбаша түрде ұсынылады, өкілетті тұлғалармен қол қойылуы, мөрмен және/немесе ұйымның фирмалық бланкте жазылған болуы тиіс.

Банктің атына жолданатын кез келген хат-хабар, қағаз тасығышымен қатар, электронды түрде де (сканерден өткізілген көшірмелер) ұсынылады.

6.2. Хат-хабар келесі күннен бастап тиісті түрде алынды деп саналады:

1) Тараптың кеңсесі/іс жүргізушісінің белгісі;

2) алғаны туралы хаттаманы алған кезде немесе төменде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті Тараптың атына конвертте поштаға/курьерге бергеннен кейін 5 (бес) күннен кейін:

Банк үшін:

«Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы

Заңды тұлға басшысының

Назарына:

Қазақстан Республикасы, 010000,

Астана қ., «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй («Казына Тауэр» ғимараты)

Телефон: (7172) 79 26 79

Факс: (7172) 79 26 38

Электронды пошта: info@kdb.kz.

Өтініш беруші үшін:

Заңды тұлғаның атауы: _______________________________

Заңды тұлға басшысының

Назарына:

Қазақстан Республикасы, индекс______



мекенжайы___________________________________________________

Телефон: _____________________

Факс: ____________________

Электронды пошта: __________________________

6.3. Шарттың 6.2. тармақтарына көрсетілген, Тараптардың қайсысында да мекенжайлары мен реквизиттері өзгерген жағдайда, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша хабарлау керек. Осындай хабарлама болмаған жағдайда, Шарттың 6.2. тармақтарына көрсетілген, мекенжайлар мен реквизиттерге жолданған хат-хабар тиісті түрде алынды деп саналады.

6.4. Байланысты жүзеге асыруға өкілетті, Осы Шартпен байланысты тұлғалар келесі екеніне Тараптар келіседі:

Банк тарапынан - ______________(т.а.ә., лауазымы), телефон_______;

Өтініш берушінің тарапынан - ______________(т.а.ә., лауазымы), телефон_______.

6.5. Шарт екі данада орыс тілінде, Тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалды, екеуінің де бірдей заң күші бар.
7. Тараптардың реквизиттері

Банк: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., «Есіл» ауданы Орынбор көш., 10-үй, СТТН 620300018729, шот № KZ32907A287000000003, БСК DVKAKZKA .

Өтініш беруші:__________________

Қазақстан Республикасы

___________________

(заңды мекенжайы)

Пошта мекенжайы: ______

БСН_______________

СТТН ______________

шот № _____________

БСК _______________



Тараптардың қолдары мен мөрлері:



Банктен: Өтініш берушіден:



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет