Бектилла Лаура Гауһарбек Ақсұңқар



бет1/4
Дата10.11.2023
өлшемі0.79 Mb.
#482950
  1   2   3   4
Философия 10-семинар

Ғылыми білім дамуының модельдері мен концепциялары. К.Поппер концепциясы, Т.Кун, И.Лакатос, В.С.Степин модельдері. Дүниенің ғылыми бейнесі

Орындаған: Айтубекова Аружан

Бектилла Лаура

Гауһарбек Ақсұңқар

Дулат Аружан

Жұман Сымбат

Тексерген: Бекенова Ж.Н.

Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы


Бір жағынан, эмпирикалық ғылымдардың арасындағы, екінші жағынан, математика,
логика, сондайақ «метафизикалық» жүйелер
арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін қажет құралдарды беретін
философия мен ғылым шекаралығын немесе критерийлерді табу мәселелерін Поппер 
демаркация мәселелері деп атайды 
Карл Поппер
1902 —1994)
«Ғылыми білімнің логикасы және өсуі»
Поппер бұл мәселені индукция мәселесімен қатар таным теориясы үшін негіз деп санайды. Мұнда таным теориясының басқа да көптеген мәселелерінің негізі жатыр. Позитивистер, Поппердің көзқарасы бойынша, «тәжірибеден алынатын» немесе сезімдік тәжірибенің элементтеріне логикалық түрде жатқызылатын ұғымдарды ғана ғылыми деп таниды. Жаңашыл позитивистер (неопозитивистер) ғылымды ұғымдар жүйесі ретінде қарастырмайды, керісінше тұжырымдамалар жүйесі ретінде қарастырып, «қабылдау ойларының», «хаттамалық сөйлемдердің» тәжірибесі туралы жай тұжырымдамаларға жататын ойларды ғылыми, мағыналы деп таниды.
Демаркацияның осындай критерийлері неопозитивистермен верификация деп танылады. Верификация индукциямен байланысты, өйткені «тәжірибелер мен бақылаулар нәтижелерінің есебі» болып табылатын жай тұжырымдардан әмбебап тұжырымдарды шығаруды ұсынады.
Поппер метафизикалық тұжырымдар хаттамалық тұжырымдарға сәйкес емес деген неопозитивистердің қорытындысымен келіседі.
Неопозитивистердің демаркацияларының критерийлеріне Поппер мағынаның догмасы ретінде мінездеме береді.

Ғылыми білімнің дамуы мен оның психологиялық пен әлеуметтік реконструкциясы туралы Томас Кун өзінің «Ғылыми революцияның құрылымы» атты шығармасында жариялаған. Бұл шығармада жеке ғалымның және ғылыми ұжымдардың қызметінің психологиялық пен әлеуметтік факторлары қарастырылған. Кунның пікірінше, ғылымның дамуы – ол екі кезеңнің бір-бірін ауыстыру процесі – «нормалы ғылым» және «ғылыми революция». Екіншісі ғылымның тарихында біріншіге қарағанды аз кездеседі. Кунның концепциясының әлеуметтік-психологиялық аспекті – ол ғылыми ұжымның өкілдерімен нақты бір парадигманы ұстану, яғни, бұл оның ғылымның әлеуметтік құрылымында алатын орыны, ғалым ретінде қалыптасуындағы ұстанатын принциптері, мейірі мен эстетикалық себептері мен мәнері. Осы факторлар ғылыми ұжымның негізін құрастырады. .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет