И.Лакатостың ғылым тарихына қосқан үлесі
ХХ ғасырдағы философия мен ғылым тарихына елеулі үлес қосқан ағылшын философы - Имре Лакатос. Лакатос өзінің теориясында ғылым дамуының қозғаушы факторларын зерттеуге тырысып, Карл Поппердің әдіснамалық тұжырымдамасын қарастырады. Сондай-ақ, Томас Кун қалыптастырған теорияларының мәнін ашып, оны одан әрі жаңғырта түседі. И.Лакатос ғылыми-теориялық білімді дамыту модельдерін құру үшін ғылым тарихын зерттеуге айрықша мән берді. Ол өзінің белгілі бір зерттеу бағдарламасының ғылыми сипатын анықтау мақсатында әдістемелік талдаулар жүргізіп, оны келесі кезеңдерге бөлінеді: Ұтымды қайта құруды ынталандыру;· Оны сәйкес ғылымның нақты тарихымен салыстыру, сонымен қатар ұтымды қайта құруды тарихилылықтың жоқтығына және нақты тарихқа парасаттылықтың жоқтығына сын айту болды
Ғалым өзінің еңбектерінде ғылым тарихын зерттеу мақсатында логикалық әдісті ұстанған. Сол арқылы еңбектерінде ғылым тарихындағы ашылуларға баға беріп, жан-жақты талдаған. Өзінің еңбектерінде философ «қатал ядро» атты концепцияны қалыптастырды. И.Лакатостың ғылым моделі (Т.Кунның үлгісі сияқты) екі деңгейге ие:
«зерттеу бағдарламасының» өзгеретін «қорғаныс белдеуін» құрайтын нақты теориялар деңгейі
өзгермейтін «қатты ядроның» деңгейі.
И. Лакатос «сыншыл рационализмнің», «теориялық рационалдылықты» түсінуі мен дамып жатқан ғылымның практикалық рационалдылығының арасында айырмашылықты көріп, «сыншыл рационализмді» реформалау қажет деген. Осы теориясын өзінің «Фальсификация және ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» деп аталатын еңбегінде береді. Сондай-ақ, Лакатос әр ғылым зерттеу бағдарламасының «қатал ядросы» бар деп көрсетеді. Сөйтіп, Лакатос ғылымның дамуын нақты ғылыми теориялардың кезектесуі емес, зерттеу бағдарламалардың шығуы, өмірі мен құлдырауы ретінде қарастыруды жөн санайды.
«Ғылым тарихы және оны ұтымды қайта құру» атты еңбегінде «индуктивизм», «конвенционализм», «фальсификационизм» ұғымдарының әрқайсысын жеке-жеке тарауша ретінде бөліп, олардың мәнін ашуды көздейді
Өзінің теорияларының бірінде Лакатос «ішкі» және «сыртқы» тарих мәселесін қарастырған. Осы мәселені қарастыру кезінде: «Алайда, ақылға қонымды қайта құру немесе ішкі тарих негізгі болып табылады, ал сыртқы тарих тек екінші реттік, өйткені сыртқы тарихтың маңызды мәселелері ішкі тарихпен анықталады» деген тұжырымдамаға келеді.
Лакатос өзінің «зерттеу бағдарламасы» мен Кунның «парадигмасы» арасындағы ұқсастықпен келіседі, бірақ белгілі бір жағдайда ғана. Ол өзінің пікірін: «Оның (Кун)« қалыпты ғылым» деп атайтыны - бұл монополиялық зерттеу бағдарламасынан басқа ештеңе емес. Алайда, іс жүзінде зерттеу бағдарламалары толық монополияны қысқа уақыт ішінде өте сирек пайдаланады» деген қорытындыға келеді.
Лакатостың айтуы бойынша индуктивизмнің ішкі тарихы - белгілі бір нақты анықталған жаңалықтар мен индуктивті жалпыламалардан құралады.
Конвенционализм үшін ішкі тарих нақты ашулардан, жіктеу жүйелерін құрудан тұрады және оларды қарапайым жүйелермен алмастырады.
Фальсификацияның ішкі тарихы батыл жорамалдардың молдығымен, теориялық жетілдірулерімен сипатталады, олар әрқашанда өздерінен бұрынғыларға қарағанда көбірек мазмұнға ие және, ең алдымен, жеңімпаз «теріс шешуші эксперименттердің» болуымен сипатталады.
Кун мен Лакатос модельдері жеке дара емес, бір-бірін толықтырушы моделдер ретінде көрініс табады. Бұл екі модель ғылым тарихындағы пайда болған жаңалықтар мен құбылыстарды кеңінен зерделеуге мүмкіндік береді. Олар ғылымның позитивистік және постпозитивистік философиясының жоғарыда аталған көптеген бағыттарының нәтижесі. Аталған тұжырымдамалардың бәрін қорыта келе түсінгеніміз, Лакатос пен Кун тұжырымдамалары ХХ ғасырдағы ғылым тарихының өткені мен болашағын айқындап, жан-жақты түсінуімізге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |