Белтерек ауылдық округі әкімі Д. Дюсенбаевтың Белтерек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндамасы



Дата23.02.2016
өлшемі52.38 Kb.
#5141
Белтерек ауылдық округі әкімі Д. Дюсенбаевтың Белтерек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының

орындалу барысы туралы баяндамасы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жарияланды. Елбасы соның барлығында да уақыттың сипатын дәл анықтауымен және болашақты алдын ала көре білуімен ерекшеленген еді. Біз ол айтқан Жолдауларда көрсетілген жолмен жүріп келеміз. Қазақстан халқына бұл жолғы Жолдауында да санамызды сілкіп, алдағы уақытқа талпындырды, болашаққа деген сенімді нығайтты. Жолдауда Елбасы Қазақстанның осындай қиындықтардан шығуының ба­ғыт-бағдарын көрсетті. Бұл біз­дің Мемлекет басшысының көре­­гендігі екенін айтуымыз керек.

Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғанымен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70жылдығы атап өтілетіндігін айтты.«Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатты қамтитын Жолдауда мемлекетті әлемдік дағ­дарыс салдарына соқтырмай аман алып өтуден бөлек, ел бірлігі назарға қатты алынған.

Белтерек ауылдық округі аудан әкімімен бекітілген «Кәсіпкерлік карта бағдарламасын» басшылыққа алып, округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы жұмыстар атқарылуда.Белтерек ауылдық әкімшілік аумағындағы4 елді мекенде 162 шаңырақ 730 адам тұрады. 2014 жыл ішінде дүниеге 10 нәресте келді, қайтыс болғандар саны 5, округ аумағына келгендер саны - 15, кеткендер - 17.

Округтегі бір орта, бір негізгі мектепте – 129 /77+52/ оқушы, оның ішінде 1-сыныпқа барған бүлдіршіндер саны -13. Екі ФП, бір мал дәргерлік пункт, бес мал сою пункті және бір наубайхана, 44 шаруа қожалығы, 5 жеке кәсіпкер тұрақты жұмыс істеуде.

Жұмыспен қамтылған адамдардың саны - 363, оның ішінде ауыл шаруашылығында -110, орта және шағын бизнесте – 19, мемлекеттік мекемелерде - 55 /18+14, 14+9/, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 145, басқа салада - 34 .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден белсенді шаралардың қатысатын адамдардың оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуі және оларға мемлекеттік қолдау шараларды көрсетуді ұйымдастыру жөнінде жұмыстар атқарылуда. Бір адам бағдарламашы оқуын оқыды.Округте 17 адам жұмыспен қамтылды. Тіркелген жұмыссыздар саны – 4 адам. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағыты шеңберінде 7 адамнан өтініш түсіп, бүгінгі күні төртеуі несие алып жұмысын жүргізуде.

«Өрлеу» бағдарламасын іске асыру мақсатында округте жұмыстар атқарылуда. Округте «Өрлеу» бағдарламасына аз қамтылған 20 адаммен жұмыстар жүргізіліп, оның ішінде 4 жанұяға «Өрлеу» жобасы арқылы ақшалай көмек тағайындалды.

2014 жылғы ауыл шаруашылық көрсеткішін былтырғы жылмен салыстырғанда:

Ірі қара – 3114 бас, 114 пайыз, 372 басқа өсті, қой басы – 13577, былтырғы жылы 19339 бас, 14,2 пайызға, 5762 басқа кеміді, ешкі басы – 2246, былтырғы жылы – 3628, 16,1 пайызға, 1382 басқа кеміді, жылқы басы -1160, 101 пайызға өсті, құс - 1300, 149 пайызға өсті. Мал басының кемуіне себеп 2014 жылдың маусым айында «Тілек» шаруа қожалығы мал басын Жаңғызтөбе округіне ауыстырды. Ірі қара – 332, қой – 3957, ешкі – 405, жылқы – 340 бас мал Белтерек ауылдық округ есебінен шығарылды. Сонымен қатар жыл ішінде округтегі 7 шаруа қожалығы ірі қара мал басын өсіруді қолға алғандықтан қой, ешкі басын азайтты және мүлде ұстамайтындары да бар.

Сонымен қатар биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығының өнімі артып, барлық түрлерінен өсіп отыр. Осы мерзімде 8900 тонна ет, 21600 тонна сүт, 480 тонна жүн, 122 мың дана жұмыртқа алынып, төл алу бойынша барлық түрінен орындалды. Ірі қара малын қолдан ұрықтандыру қолға алынып төрт бас аналық сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Асыл тұқымды мал басын дамыту жұмыстары атқарылуда. Берілген жоспар бойынша 4 бас асыл тұқымды бұқа алу тапсырылған, орындалды. «Қызылқайнар», «Қаратас», «Марал», «Атамекен» шаруа қожалықтары бір бастан сатып алды. Бүгінгі күнге барлығы - 22 асыл тұқымды бұқа 13 шаруа қожалығында бар.

Округ көлемінде шаруа қожалықтар мен жеке меншікте барлығы 7296 шаршы метр қоражайға 177 мың 650 теңгегедезинфекция жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша 7700 тонна жоспардағы шөп дайындалды.«Жұмыспен қамту- 2020» жол картасы бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде несиеге 14,7 млн.теңгеге ұсыныс түсірілді. Бүгінгі күнге 10,0 млн.теңге алынды.

Оның үшеуі ірі қара малын өсіру үшін, бір адам қой өсіру үшін алып отыр.

Округте АО «КазАгроҚаржы» қоры арқылы жұмыстар істелінуде. 2014 жылы «Назерке» шаруа қожалығы 3 млн. теңгеге трактор сатып алды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2011-2014 жылдар аралығында 36,110 мың теңге несие арқылы 123 ірі қара, 354 бас қой, 13 бас жылқы, 1 млн теңгег кіші наубайханаға құрал-жабдықтар сатылып алынды. «Жайлау» бағдарламасымен бір адам – 100 бас саулық алып мал басын өсірді. Енді міне жер алып «Шәмшәрәп» шаруа қожалығын ашып кәсібін дөнгелетуде. Сонымен қатар 2014 жылы ішінде екі «Ильяс», «Бура» шаруа қожалығы ашылды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аружан» ш/қ – 10 млн. 260 мың теңгеге 54 бас асыл тұқымды ірі қара малын алды. Тартылған ивестиция көлемі 10 млн. 260 мың теңгені құрайды.

Ағымдағы 2014 жылдың 22 тамызында Абай ауданы Қарауыл ауылында өткен «Шыңғыстау» жәрмеңкесіне «Қаратас» шаруа қожалығы 10 тоқты 5 қошқар көрмеге апарып, Ұлан ауданы, Қарағанды облысынан келген сатып алушылармен келсімге отырды. «Құлан» бағдарламасы аясында «Қаратас» шаруа қожалығы 6,4 мың теңгеге 12 бас жылқы, ұсақ мал басын асылдандыру мақсатында Абай ауданы Қасқабұлақ ауылынан «Қаратас» шаруа қожалығы 20 бас, Қапанбұлақ ауылдық округінен «Арман» шаруа қожалығы 10 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.

Округке қарасты Белтерек ауылындағы Қажыгелді орта мектеп төбесіне ағымды жөндеу жұмысына 5,891 мың қаржы бөлініп мердігер «Беки» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі ЖШС) жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.

Белтерек ауылындағы ауыз су құбырына 3,900 мың теңге бөлініп, «Жарма су» 785 метр құбыр ағымдағы жөндеуден өтті.

Округ бойынша жергілікті салықтың түсімі 744496 мың теңгені құрады, жоспар 88 пайызға орындалды. Орындалмау себебі көлік салығының жоспары тым жоғары қойылған, осыған байланысты салық комитетіне жоспар көрсеткіштерін төмендетуге сұранысхат жолданды.

Әлеуметтік ынтымақтастық меморандумы бойынша шаруа қожалықтары басшылары, кәсіпкерлермен әр түрлі әлеуметтік мәселелер /ыстық тамақпен қамту, жол жөндеу, санитарлық тазалық, білім, мәдениет, спорт салалары т.б./ бойынша 2 млн. 939 мың теңгеге меморандум шарттары жасалып, 2 млн. 939 мың. теңгенің жұмыстары атқарылды. Меморандум аясында екі мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.

Округке қарасты елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы өткізілген 3 айлық барысында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 480 тонна қоқыс шығарылды, округ аумағындағы 160 тұрғын үй аулалары, 5 мекеме, 3 шақырым ауыл көшелеріне тазарту жұмыстары жүргізілді.

Көгалдандыру бойынша 200 түп ағаш отырғызылып, 30 м² гүлзарлар отырғызылды. Ауыл ішіндегі су құбырлары мен су тартқыш құбырғыларға толықтай залалсаздандыру жұмыстары атқарылды. Үш айлыққа 300 адам қатысты. Малдарын бақпай бос жіберген 6 азаматқа айыппұл салынды.

Барлық мекемелердің жылу қазандықтары, жылу жүйесі, су айдағыш насостары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, тексеру жұмыстары атқарылды, қатты отынмен толықтай қамтамасыз етілді.

Теңге бағамының өзгеруіне байланысты, күнделікті тұтыну тауарларының негізсіз өсіміне жол бермеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, дүкен иелерімен үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау жөніндегі меморандум шарттарын орындау бойынша әңгімелер жүргізілді. Баға өсіміне қатысты тұрғындардан арыз-шағымдар түскен жоқ.



«Кәсіпкерлік карта» бойынша - 2014 жылға 10 жоба жоспарланып, оның 8 жобасы жүзеге асырылды.

Біз бүгінгі таңда жолдауға сәйкес округіміз бойынша жұмыссыздар санын көбейтпеуіміз керектігін ескере отырып, алда жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Жаңа жұмыс орындарына: 15 тоннаға дейін сыйымдылығы бар көкөніс сақтау қоймасын салу, дөнгелек жөндеу цехын ашу, шағын тігін цехын ашу жобалары колға алынбақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет