І. Қызығушылықты ояту.
«Қара жәшік» әдісі.
1.Қай жылы, қай жерде Бердібек Соқпақбаев дүниеге келді?
2. Жазушының қанша кітабы шықты?
3.Б.Соқпақбаевтің атын ерекше танытқан шығарма.
4.Қай жылы, қандай халықаралық кино фестивальда арнаулы жеңіп алды?
5.«Менің атым-Қожа» повесті әлемдік қандай шығармаларымен тендес?
6.Қандай повесті, қандай тілдерге аударылған?
7.Қай жылы, қандай киностудиясында экрандалған?
8.Жазушының артына өшпестің із қалдырған қандай повесі?
9.Қаламгердің атын басқа елдерге де танымал еткен шығармасы.
10.Алғашқыда «Менің атым -Қожа» повесі қалай аталады?
II.Мағынаны тану
1-айналымы. Мынау кім?
1-топ:1.Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? Жантас
2-топ 2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. Қожа
1-топ:3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? Майқанова
2-топ 4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ? Анфиса Михайловна
1-топ:5. Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. Сәйбек қарт
2-топ 6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер ? Майқанова
1-топ:7.
2-топ 8.
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жантас- Е Құрмашев
Жанар - Г.Құрабаева
Миллат- Б.Римова
Майқанова - Р.Мұхамедияров
ІІ- айналым. Бұл қай сәт?
1-топ:1.Қожаның мұғалімдер бөлімінде Рахманова мен Майқановадан қыртыққа
2-топ 2.Педкеңесте Жанар Қожаны жақтап жатқан кезде.
1-топ:3.Қожа дәлізде кеңестің шешімін тосқан сәті.
2-топ 4.Сұлтанмен бірге жайлауға барған кездегі күресте жеңіп алған сәті және Сұлтан Жұмабайды көріп қалады.
1-топ:5.Сұлтанмен бірге жайлауға бара жатқан сәті.
2-топ 6.Педкеңестің шешімін күтіп жүр.
1-топ:7.Өзіне-өзіне талдау жасау сәті.
2-топ 8.Сұлтанның Дәулетке ақша беру сәті.
1-топ:9.«Саржайлау әні» қай кезде орындалады.
2-топ 10.«Туған ел» қай сәтте орындалады.
ІІІ-бөлім. 1-топ:Оқиғалар тізбегі.
1. Жолдама алған Жантас.
2. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын.
3. Оқулық емес, қант аламын
4. Бақаның әлегі
5. Педсовет
2-топ: «Түртіп алу» стратегиясы
алғыр, әділетті,
пысық, ақын,
өтірікші, әзілқой,
ақылды, арамза,
сотқар, тентек, тапқыр,
мейірімді,қу, зымиян, қателіктерін түсіне біледі,
шыдамсыз, тиянақсыз жағымсыз
Қожа-алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас-өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз.
ІV-айналым. Ойлан тап.
30-сол. Бұл қай сәт?
“Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”
30-орта. Бейне
30 –оң. Бұл қай сәт?
“Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”
40-сол. Бұл кім?
“ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”
40-орта. Бұл кім?
“ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”
40-оң. Бұл кім?
“Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.”
50-сол. Бұл кім?
“ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,қаздиып тұр.”
50-орта. Бұл кім?
“Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай,жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
50-оң. Бейне
V-айналым. Пікірталас
І топ: Жақтаушы топ:
Қожаның дүкендегі ісі дұрыс,өйткені ...
ІІ топ: Даттаушы топ:
Қожаның дүкендегі ісі дұрыс емес,өйткені ...
VІ-айналым.Шығармашылық сын. Повестің ұнаған жеріне шағын көрініс қою.
VІІ-айналым. Повесті жалғастыру...
Сендер жазушы болсаңдар повесті қалай аяқтар едіңдер? немесе
Қожа берген уәдесінде тұра ма?
|