Балабақша - Мектеп алдық даярлық топтар Жас және педагогикалық психологияда мектепалды даярлық сынып жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетіне дайындық, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспармен арақатынаста болуды бастайды. Мектепалды даярлық сынып оқушыларының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасуымен заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза білу қабілеті, құрбылары арасында ойын дәлелдеуге үйретеді. Ол не болса соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Ол үшін бала тиісті жүйелерге логикалық негіздерге сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не ісіне талдау жасап, сын көзбен қарайды. Әркімнің өз пікіріне, не ісіне талдау жасап cын қарауды рефлексияның қарапайым түрі деп атауға болмайды.
Мектепалды даярлық сынып оқушылары «ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуы, өзіндік еңбектің қарапайым түріне үйренуі, айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады. Ойын – оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық әлеуметтік сезімі оянады.
Бала өзін еркін, қажетті адам ретінде сезінетіндей психологиялық жағдайды орта қалыптастыру қажет. Ондай жағдайларды тудыруда психокоррекциалық ойын, сергіту сәті, жаттығулар және тренингтердің ролі зор.
Ұсынылып отырған әлеуметтік танымдық ойын-жаттығулар осындай күрделі де маңызды мәселені шешуді мақсат етіп отыр.
Ойын-жаттығуларын жүргізу барысында мынандай жағдайлар жасалуы қажет.
Жаттығулар жүргізілетін бөлме баланың еркін отырып тұруына жағдайды, алаңдататын кедергілерден аулақ жабық бөлмеде өтіледі.
Жүргізуші тарапынан ақыл айту, қорқыту, бағалау, тыйым салу рұқсат етілмейді. Балаға өздігінше әрекет жасау еркіндігі көп беріледі. Тек ойын аяқталғанша ойын өтіліп жатқан бөлмеден шығуға, бір-біріне дөреклік әрекет жасауға тыйым салынады.
Ойын өтілу уақыты бала санына байланысты 20-25 минут. Бір топтағы бала саны 20-дан аспау қажет.
Баланың өз белсенділігі басым болуына жағдай жасалады. Көмек көрсету, тағы басқа рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |