«БӘріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атта алғАШҚы республикалық конкурс туралы



Дата03.07.2016
өлшемі136.46 Kb.
#175663


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрі міндетін атқарушының

2013 ж. «13»июня №251-ө-м бұйрығымен

бекітілген

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ»

АТТА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ

ҚАҒИДАЛАР
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – мүмкіндіктері шектеулі адамдар) арасында республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

2. Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

3. Міндеттері:

3.1. Жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру.

3.2. Шығармашылық қабілетін іске асыруға, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бойында креативтілікті дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық байланысты қалыптастыруға жағдай жасау.

3.3. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуеті туралы қоғамды ақпараттандыру және қоғамның мүгедектер проблемаларына оң қарым-қатынасын қалыптастыру.

3.4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі таныту құралы ретінде жасампаздық-шығармашылық қызметіне қоғамдық назарды аудару, олардың дарындылығы мен қабілетін қоғамдық тану.

3.5. Қоғамға мүгедектерді тиімді кіріктіру бойынша әлеуметтік бағдарланған ұйымдардың тәжірибесін қолдану. Қамқоршылық пен қайырымдылықты мадақтау.


2. Конкурсты ұйымдастырушы
4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Конкурстық рәсімдерді дайындау мен өткізуді мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары жүзеге асырады.
3. Конкурсты Ұйымдастыру комитеті
5. Конкурсты дайындау және өткізу кезеңінде ұйымдастыру және шығармашылық қызметті үйлестіру үшін орталық және жергілікті деңгейде Ұйымдастыру комитеті құрылады.

Орталық деңгейде конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұйымдастыру комитетін құрады. Өңірлік деңгейде іріктеу турын өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар Ұйымдастыру комитетін құрады.

6. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.

7. Ұйымдастыру комитеті барлық конкурстық рәсімдер толықтай аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.

8. Ұйымдастыру комитеті конкурс номинацияларын, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін, орны мен тәртібін, қазылар алқасының құрамын бекітеді, конкурсқа қатысуға өтінімдерді іріктеуді жүргізеді, конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді, оны ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

9. Ұйымдастыру комитетінің бастамашылығы бойынша Конкурс туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда іс-шараны тоқтату туралы құрылтайшыға ұсыныс енгізеді.


4. Конкурсты өткізу тәртібі
10. Конкурс 2 турдан тұрады:

10.1. Бірінші тур (іріктеу) а.ж. маусым және қыркүйек айлары аралығында өтеді.

10.2. Екінші тур (ақтық) а.ж. қыркүйек және қазан айлары аралығында өтеді.

Іріктеу және ақтық турларды өткізетін күнді турларды ұйымдастырушылар өз бетінше анықтайды.

11. Іріктеу турын ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болып табылады, олар конкурсты өңірлерде өткізеді және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, ақтық турға қатысушыларды іріктейді.

12. Ақтық турды ұйымдастырушы Министрлік, ол конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімімен конкурсты республикалық деңгейде өткізеді. Өткізілетін уақыты мен орны ақтық турды өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарланады.

13. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

13.1. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы

Номинацияға 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүліктің жалғыз иесі мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері болып табылатын жастардың қоғамдық бірлестіктері, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары қатысады.

Номинацияға үміткерлер мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді орта құруда жоғары әлеуметтік тиімді, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесетін және мүгедектердің проблемаларына жұртшылықтың қарым-қатынасын өзгертуге оң әсер ететін әзірленген және іске асырылған жобаларды (бағдарламалар, бизнес-жобалар, идеялар және т.б.) ұсынуы қажет. Аталған номинацияға қатысуға өңірлік әлеуметтік маңызды жобалардың авторлары да жіберіледі.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;

2) енгізу орындылығына негіздемемен; іске асыру нәтижесінің сипаттамасымен (БАҚ-тағы мақалалар, жобаның іске асырылу барысы туралы DVD жазбалары (құпталады)) жобаны іске асыру туралы пікірлермен жобаны (немесе оның көшірмесі) ұсынады. Жаңа жоба ұсынған жағдайда оны өткізу қажеттігі бойынша негіздеме, жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже қоса беріледі.

Ұйымдастыру комитеті жобаларды іріктейді, оның авторлары конкурсқа қатысу үшін шақырылады. Жобалардың соңғы іріктеу таныстыру түрінде өтеді.

Номинанттарды іріктеу мынадай:

1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2) жобаның уәжді негіздемесі;

3) жобаны тәжірибелік іске асырудан оң нәтижелердің, жоба шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген халықтың әлеуметтік көмекпен және қолдаумен қамтылуы;

4) жобаны таныстырудың сапасы деген санаттар бойынша жүргізіледі.

Жоба «Үздік авторлық жоба», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік бизнес-жоба» номинациялары бойынша қарастырылады.

Іріктеу балды шәкіл бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

13.2. «Үздік спортшы» номинациясы

Номинацияға жасына шектеу қойылмай мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатарынан спортшылар, параолимпиадалық, параолимпиадалық емес және сурдолимпиадалық спорт түрлеріне қатысушылар қатысады.

Номинацияға үміткерлерді іріктеуді Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиялық комитеті, Сурдолимпиадалық федерациясы өткізілген республикалық және халықаралық сайыстардың қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

Үміткерлерді іріктеу республикалық және халықаралық сайыстардың үздік рейтингі нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

«Жеңіске жігер танытқаны үшін» номинациясы

Номинацияға жасына шектеу қойылмай зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі спротшылар қатысады.

Номинацияға үміткерлерді іріктеуді «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚБ республикалық және халықаралық сайыстардың қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

Үміткерлерді іріктеу республикалық және халықаралық сайыстардың үздік рейтингі нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

13.3. «Кәсібінің үздігі» номинациясы.

Номинацияға 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі, еңбек қызметінде жетістіктері, жұмыста кәсіби шеберлігі мен біліктілігі үшін бірнеше рет жұмыс беруші тарапынан марапатталған, ұжым өмірінде белсенді орын алатын жұмыскерлер қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

1) кәсіби шеберлік пен біліктілік;

2) жағымды пікірлердің, мінездеменің болуы;

3) алғыс хаттардың, дипломдардың болуы;

4) наградалардың, медальдардың болуы;

5) лицензиялық жұмыстардың, жобалардың, табысты іске асырылған идеялардың болуы және т.б. бойынша өткізеді.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын конкурс түрінде өткізіледі:

1) «Таныстыру (өзіңді және өз ұйымыңды (мекемеңді) таныстыру қажет)» конкурсы;

2) «Менің кәсібім...» конкурсы (өзін білікті маман ретінде, жұмыстағы жетістіктері, ұйым өміріндегі өзінің рөлі туралы айту қажет)

3) «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Үміткерлер өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша айқындалады.

Іріктеу балды шәкіл бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

13.4. «Ақылдылар» номинациясы.

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасындағы адамдар, мектеп олимпиадаларына, турнирлерге, интеллектуалдық конкурстарға қатысушылар, аудандардың, облыстардың, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады;

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және сайыстарға қатысу үшін шақырады.

Жеңімпаздарды қорытынды іріктеу пәндер бойынша олимпиада түрінде (турнир) өткізіледі. Үміткерлер өткізілген іріктеу қорытындысы бойынша анықталады.

13.5. «Үздік студент» номинациясы.

Номинацияға арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, үлгерімі үздік (жақсы), оқуда жетістіктерге жеткен, студенттік өмірге белсенді араласатын, студенттік қозғалыстарға, конкурстарға, турнирлерге және т.б. қатысатын мүмкіндіктері шектеулі студенттер қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын студенттік турнирлер түрінде өткізіледі:

1) «Таныстыру (визитка)» конкурсы;

2) «Үздік әлеуметтік идея» конкурсы (әлеуметтік бағыттылығы және өңірде оны іске асыруға болатын идея қажет.)

3) «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Үміткерлер өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша айқындалады.

Іріктеу балды шәкіл бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

13.6. «Үздік жасампаз» номинациясы

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі бейнелеу өнерімен және декоративтік-қолданбалы шығармашылықпен айналысатын адамдар қатысады.

Конкурста қатысу үшін үміткерлер 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді толтырады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

1) жеке шығармашылық, шеберлік;

2) бейнелеу өнерінде және декоративтік-қолданбалы шығармашылықта тәжірибесі;

3) жұмыс техникасы;

4) жұмысында шығармашылықтың заманауи тәсілдері мен жолдарын қолдану бойынша өткізіледі.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады. Үміткерлерді соңғы іріктеу бұйымдар, қолмен жасаған заттар және суреттер бойынша көрме ұйымдастыру арқылы конкурс түрінде өткізіледі.

Үміткерлер өткізілген конкурс қорытындысы бойынша анықталады.

13.7. «Ең тату отбасы» номинациясы

Номинацияға мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар қатысады. Отбасылардың конкурсқа қатысуының негізгі шарты (әлеуметтік қызметтер ұйымдастырған үйірмелерде, секцияларда, дәрістерде, конкурста және т.б. қатысқан) баланың әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын конкурс түрінде өткізіледі:

1) «Таныстыру (визитка)» конкурсы;

2) «Қатар жүріп келеміз, болашаққа сенеміз» конкурсы (бала тәрбиесінде өз отбасының жетістіктері туралы айту қажет. Сонымен қатар, бірінші сөйлем «Қатар жүріп келеміз, болашаққа сенеміз» деп басталуы қажет)

3) «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Үміткерлер өткізілген сайыс қорытындысы бойынша анықталады.

Іріктеу балды шәкіл бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.

13.8. «Алтын қауырсын» номинациясы

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі әдеби шығармашылықпен айналысатын, өз шығарылымдары, басылымдары бар адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио.

Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Үміткерлердің іріктеу қорытындысы екі кезеңнен тұрады:

1) «Таныстыру (визитка)» конкурсы;

2) «Кім шапшаң.....» конкурсы (белгілі бір уақытта қатысушы белгіленген тақырып бойынша өлең, әңгіме, мақала және т.б. шығаруы қажет);

3) «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Номинант өткізілген конкурс нәтижесі бойынша анықталады.

13.9. «Үздік би» номинациясы

Номинацияға өз әлеуетін би жанрында іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады. Қатысушы адамдардың саны 10-нан аспауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) Конкурста орындайтын бидің DVD жазбасы.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар конкурсқа қатысу үшін шақырылады.

Үміткерлерді соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.

13.10. «Үздік орындаушы» номинациясы

Номинацияға өз әлеуетін вокалды-аспаптық жанрда, ымдау тілінде ән салуда іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) Конкурста орындайтын әннің DVD жазбасы.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар конкурсқа қатысу үшін шақырылады. Үміткерлерді соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.
5. Конкурсты өткізу шарттары
14. Іріктеу турларына қатысушылар дамуында мүмкіндіктері шектеулі 6 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар болуы мүмкін, тек «Үздік әлеуметтік жоба» және «Үздік маман» номинацияларынан басқа, онда 18 жастан 45 жасқа дейінгі адамдар қатысуға жіберіледі. Қатысушының конкурсқа қатысу үшін өтінім берген кездегі жасы есепке алынады.

Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды іріктеу бойынша 6-14 жастағы, 14-29 жастағы, 29-45 жастағы топтар бойынша жүзеге асырылады.

15. Ақтық турдың қатысушылары іріктеу турлары номинацияларының жеңімпаздары болып табылады.

16. Іріктеу турына қатысуға өтінім белгіленген нысанға сәйкес іріктеу турын өткізу басталғандығы туралы хабарландырылған сәттен бастап ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау іріктеу турдың соңғы күніне 15 күн қалғанда аяқталады.

17. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінімге қоса қатысуға талап етілетін құжаттарды (таңдалған номинацияға сәйкес) береді.

18. Құжаттар Ұйымдастыру комитетінің конкурсты өткізу туралы хабарламасында көрсетілген электрондық немесе пошталық мекенжайға жіберілуі мүмкін, немесе қолма-қол ұсынылады. Құжаттар толық жиынтықта болған және оларды беру мерзімі сақталған жағдайда қарауға қабылданады.

19. Іріктеу турына шақыру – хабарлама алған адам конкурсқа қатысушы болып танылады.

20. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне жүгінгеніне қарай оны өткізгеннен кейін қатысушыларға қайтарылады.


6. Конкурсқа қатысушыларды іріктеудің өлшемшарттары
21. Әрбір номинация бойынша арнайы іріктеу өлшемшарттарын осы Ережеде номинацияларға қойылған талаптарды ескере отырып, Ұйымдастыру комитеті айқындайды.

22. Барлық номинациялар үшін ортақ өлшемшарттар: жаңалық, сапалық, шығармашылық даралық, сонылық, заманауилық, шеберлік, номинация тақырыбына сәйкестік, кәсібилік, техника, идеяны аша білу.


7. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау
23. Марапаттау рәсімі конкурсты өткізудің қорытынды кезеңі болып табылады.

24. Конкурс жеңімпаздарына конкурс символикасы бар диплом мен сыйлық беріледі.

25. Конкурсқа қатысушылар демеушілердің арнайы жүлделерімен марапатталуы мүмкін.
8. Конкурсты қаржыландыру:
26. Іріктеу турларын өткізу шығыстарын төлеу іріктеу турларын Ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

27. Ақтық турларын өткізу шығыстарын төлеу ақтық турларды Ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

28. Конкурсты басқа да қаржы көздерінен қаржыландыруға жол беріледі.

29. Конкурсты өткізуге осы мақсаттар мен міндеттерді қолдайтын, оны қаржыландыруға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысушылар, демеушілер, серіктестер, меценаттар, жеке азаматтар мен ұйымдар (бұдан әрі – демеушілер) жұмылдырылады.

30. Демеушілер мен ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынас мәселелері жасалған шарттар (келісімдер) шеңберінде шешіледі.

31. Конкурсқа қатысу тегін.


«Бәріміз бірдейміз –

Кемсітуді білмейміз» атты

алғашқы республикалық

конкурстың қағидаларына

1-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім


1.

Қатысушының Т.А.Ә.




2.

Қатысушының заңды өкілінің Т.А.Ә.




3.

Қатысушының туған күні




4.

Мекенжайы




5.

Байланыс ақпараты

(телефон, факс, сайт)






6.

Қатысушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, ПМПК қорытындысы)



7.

Байланысатын адамның Т.А.Ә.,

телефоны, e-mail






8.

Қатысқысы келетін номинацияның атауы




9.

Өтінім берген күні



Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:



  • тууы туралы куәліктің көшірмесі (16 толмаған қатысушылар үшін) немесе жеке куәлік;

  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

  • қатысушының jpg, tiff, png немесе gif форматындағы екі дана түрлі-түсті фотосуреті.

«Бәріміз бірдейміз –

Кемсітуді білмейміз» атты

алғашқы республикалық

конкурстың қағидаларына

2-қосымша


Портфолионы құрастыруға қойылатын талаптар*


  1. Қатысушының Т.А.Ә.

  2. Туған күні

  3. Жұмыс орны мен кәсібінің түрі

  4. Мекенжайы

  5. Отбасы, ата-анасы туралы мәліметтер

  6. Өзі туралы қысқа эссе

  7. Жеке қызығушылықтары, хоббиі

  8. Жасаған жұмыстарының фотосуреттері

  9. Жеткен жетістіктері мен дәрежелерін растайтын құжаттардың көшірмелері:

  • марапаттары, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, дипломдары және т.б.

  • ұсыным хаттар, іске асырылған жобалары туралы пікірлер;

  • газет, журнал беттерінен өзі және өзінің қызығушылықтары туралы үзінді материалдар;

  • БАҚ-тағы мақалалары.

Конкурсқа қатысуға үміткердің қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін дәлелдейтін басқа да қосымша құжаттарды беруге болады.


* Портфолио ағылшын тілінен аударғанда portfolio - портфель немесе құжаттарға арналған папка. Портфолионың мақсаты – кәсібилік пен біліктілігін көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет