Бес арыс тұрсын Жұртбай



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#142815
  1   2   3   4

БЕС АРЫС

Тұрсын Жұртбай



Шырмалған шындық немесе бiр тергеудiң тарихы
Ахмет Байтұрсынов 1928 жылдың 5 қазанында Алматыға көшіп -келіп, КазПИ-де сабақ берді. 1929 жылдың 2 маусымда Қызылорда қаласында өтетін әдебиетшілер мен тілшілердің жиналысына шақырылады да, сол жерде қамауға алынып, қайтадан Алматының түрмесіне жөнелтіледі...

«Байтұрсынов Ахмет. 1870 (Нағында 1873 ж. туған — Т. Ж.) Қостанай облысының Торғай ауданында туған. Қазақ ССР азаматы. Партияда жоқ. Арнайы орта білімді. КазПИ-дің оқытушысы. 1921 жылы Орынбор қаласында контрреволюциялық ұйым құрып, Орта Азиядағы пантюркистік ұйымдардың басшысы Валидовпек байланыс жасағаны үшін, қылмыскер деп табылды, Сондай-ақ 1927 жылы далада (?) қарулы көтерілісті дайындау туралы мәселені талқылауға қатысты. Сол үшін РСФСР қылмысты істер кодексінің 58 статьясының 2, 4 және 11 тармақтарына сәйкес жасаған қылмысы бойынша жазаға тартылды».

Халық басына қара бұлттай тұмшаланып, миллиондаған адамдардың обалына қалып, қазасын арқалаған қасіретті «58-статьяның» Қазақстандағы алғашқы тауқыметті таңбасы Ахмет Байтұрсыновтың «қылмысты ісіне» басылды. Бұл — адамның ақыл-ойына, ар-ожданына, жан-жүрегіне, адалдығына басылған қарғыс таңбасы, жеке адамды қорлаудың ең сойқанды — азғын түрі, аярлық пен арандатудың қара туы еді. Соңдықтан да қанқұйлы «58»-дің СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша жойылуы - сталиндік репрессияның әшкереленуімен пара-пар, ар-ұяттың, адамгершіліктің, ақиқаттың ақ туының шын мәнінде салтанат құруы болып табылады. Өкінішке орай, ол статьяның күйі бүгін ғана батып, құдіретті күшін жойды. Ал, 1928 жылы, он бір бапты (тармақты) “58” атты жас айдаһардың жаңа ғана басын көтеріп, бет қаратпай келе жатқан «шағымды кезі» (М. Әуезов) еді.

Бұл статьяны бүгін еркін сынауға болады, ал күні кешеге дейінші? Атын атамаңыз, еске түсірудің өзі қорқынышты... Ал, Ахметтей азаматтар оның барлық құқайын көріп, азап- қазабын тартты.

Мұхтар Әуезовтың естелігіне жүгінсек, әр күні сұрақ-жауапқа бара жатқанда, бүгін кімнен не сұрайтынын, қандай «айғақ» ұсынатынын алдын-ала болжап, дәл тауып отырады екен. Голощекиннің кімге, не үшін тісін басқаны және оның конспираторлық, әккі тәсілдерінің бәрі Байтұрсыновқа да таныс жайлар-тын.

Шындығына сайсақ, бұл Ахмет Байтұрсыновтың бірінші рет түрмеге отыруы емес-тін. Ол мүшел жасқа — он үшке толғанда, отаршылдықтың итаршысы, параға бөгіп, зорлық-зомбылық көрсеткен Торғай уезінің бастығы, кәрі ояз Яковлевті сабап, басын жарған әкесі Байтұрсын мен ағасы Ақтас 15 жылға Сібірге айдалады. Ақтастың әйелі олармен бірге болып, аң терісін илейді, құлақшын, тымақ, етік тігіп, қаржы тауып, оған тамақ сатып алып, түрмеге жасырын жеткізіп тұрады. Қазақтың қарапайым әйелі екі азаматты асырайды... Жандарм тыңшылары 1909 жылғы реакция тұсында Ахметтің соңына түсіп, 1 шілдеде тұтқындалып, Семей түрмесіне қамалды. Онда 1910 жылдың 21 ақпанына дейін сұрақ-жауапсыз жатып, азап шекті...

Ресейдегі революциялық рухтағы газетте «Қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынов түрмеде» деген мақала жарияланды. Қапастағы қазақ педагогының тағдыры II Думаның мүшелерінің де назарына ілінді. «Бұратана халықтың зиялысының» азаматтық правосын аяққа басқандығы туралы Дума мүшесі Н. Скалокубов Ішкі істер министрі П. Г. Курловқа ашына жазып, Ахметтің ар-намысын қорғады.

«Көптеген айлар бойы ешқандай сотсыз-тергеусіз Семей мен Өскеменнің түрмелерінде қапаста отырған бірнеше қазақ зиялылары өздерінің және олардың үй-ішінің аса күйінішті жағдайларына назар аударуды өтінеді.

Семейдегі түрмеде жатқан Ахмет Байтұрсыновтың әйелі мен жергілікті тұрғындардан оның ісі мен жағдайын анықтауды ұсыныс жасаған хат алдым. Байтұрсынов — қазақтың ақыны, Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударған. Ол Қарқаралыдағы орыс-қазақ мектебінің меңгерушісі болған. Семей губернаторы оған — қазақ халқының атынан Император Ағзамға талай-тілек білдірген хатты жазу-ға қатысты, содан кейін,— менің сенімді адамдарымның мәліметі бойынша, мүлдем негізсіз — қазақтардың арасына сеператистік идеяны таратты және алым-салықты төлемеді деген кінә таққан.

Ол 1 шілде күні тұтқындалған, бірақ осы күнге дейін оған ешқандай қылмысын айғақтайтын айып таба алмай отыр.

Өскеменнің (Семей обл.) түрмесінде отырған тұтқынның 11 қазан күні маған жазған хатыңда — оларды тұтқындарды, «аяусыз тепкілейтінін» хабарлады(Мемлекеттік Думаның мүшесі Н. Скалокубов. 17 қараша. 1909 Мойка, 31,6». (ЦГАОР СССР. қор -102,7-.тізім —1909 г, сақталу реті —1881, 13 — парақ).

Таврия сарайына жолданған бұл хат Ішкі істер министрінің іс қағазына 7 желтоқсан күні тіркелген. Әрине, Дума мүшесінің мәліметі аяқсыз қалмай, дер кезінде «кеңсе айналымына» түскен. Өйткені алты ай бойы қозғалмаған іс шұғыл түрде қолға алынады. Ешқандай да айып табылмай, шұғыл түрде — бір тәуліктің ішінде Семей қаласын тастап шығуға, үш жыл бойы қазақ даласынан сырт жерде тұруға үкім шығарады. Ахмет Байтұрсынов — ежелден ғылыми-мәдени дәстүрі бар қазақтың оқыған азаматтары жиналған Орынбор, қаласына кетеді...

Тағдырдың тәлкегінде шек болсашы. Араға тура жиырма жыл салып (1909 жылдың 1шілдесі — 1929 жылдың 2 маусымы), Ахмет Байтұрсынов тағы да түрмеге түсті. Біріншісі — «халықтың түрмесі» атанған патшалық самодержавиенің абақтысы. Онда халқының азаттығын аңсағаны үшін қамалды. «Екіншісі — Халық Комиссарлары Советінің ОГПУ-ы Ерекше мемлекеттік саяси басқармасының түрмесі. Бұл жолы азат еліне сіңірген еңбегі үшін ұсталды. Өзгеше себеп ойлап табу қиын-ақ.

Сонымен Ахмет Байтұрсынов «астарын контреволюциялық ұйым» құрды ма, жоқ па? Пантюркист Валидовпен хат алысқаны рас па, жалған ба?



Оған жауап iздеп, қосымша тергеу жүргiзбей-ақ, Қазақ ССР Жоғары сотының 1989 жылғы 4 қарашадағы анықтамасына жүгiнсек те жеткiлiктi. Мәселенiң басы сонда толық ашылған, яғни, Дiнше Әдiловтың көрсетуi түгелдей терiске шығарылған. А. Байтұрсыновтың жауабының мазмұны мынадай:

«...Әдiловтың берген жауабын Байтұрсынов та, Бөкейханов та растады және төмендегiндей түсiнiк бердi.: олар «Алашорда» таратылып, 1920 жылы Совет өкiметi жағына шыққаннан кейiн ешқандай да саяси iспен айналыспаған, ешқандай контреволюциялық ұйым құрмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет