Әдептілік –тәрбие бастауы
Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.
Педагогикалық әдеп дегеніміз не?
Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.
Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері:
Педагогикалық іс - әрекеттің нәтижесі үшін атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштері:
▪ кәсіпке, қоғамға деген қарым - қатынас
▪ Тәртіпті болу, өзіне және балаларға қаталдықпен қарау
▪ Эмоцияналдық байсалдылық, әдептілік
▪ Ұжымдағы әріптестермен жақсы қарым - қатынас
Педагогтың өзінің алдына қойған жоғарғы талаптардың көрсеткіштері:
▪ Әділ болу, балалардың бәрінің бірдей екендігін мойындау
▪ Өз мінез - құлықтарына баға беру, өзін - өзі сынау
▪ Өзін - өзі үзбей жетілдіріп тұру.
Педагогикалық әдеп:
▪ тілдесу, қарым - қатынас жасау кезінде
▪ сөйлесу икемділігінде
▪ оқушылардың іс - әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде
▪ өзін - өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде
▪ ескерту жасаған кезде
▪ баланың мінез - құлқына баға берген кезде
▪ мадақтау және жазалай білу икемділігінде
▪ дауыс ырғағында
Педагогикалық әдептің ерекшеліктері:
1) ұстаздың кәсіби мінез - құлығындағы, іс - әрекетіндегі өлшем
2) ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі
Әдептілік - педагогтың мінез - құлығындағы ерекшелікке айналу керек.
Педагог қызметінде өз пәнін жетік білу және оқытудың әдіс - тәсілдерін жақсы меңгеру маңызды ма, әлде оның педагогикалық мәдениеті мен өмірлік ұстанымы маңызды ма?
Достарыңызбен бөлісу: |