Бәсекеге қабілеттілік жағдайында адам капиталының дамуы
Жамбау Іңкәр Бөрханқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
ЭжҚН мамандығының 1 курс магистранты
Ғылыми жетекші
Садыханова Гульнара Амангелдиевна
э.ғ.к., доцент
Бүгінгі күні мемлекеттің экономикалық жетістігі ең алдымен адами фактормен, азаматтардың интеллектуалды әлеуетімен анықталатыны әлемде мойындалды. Жоғары дамыған экономикасыз алыс та жақын, жарқын болашақ мүмкін емес. Ғылыми зерттеу мен терең білімсіз экономиканың дамуы мүмкін емес.
Өндіріс дамуының негізгі факторы ретінде жер, капитал, қол еңбегі пайдаланғаны дүниежүзілік тарихтан белгілі. XVII ғасырдың өнеркәсіп революциясы шикі заттың рөлін кенеттен күшейтті.
Қазіргі индустриалды-ақпараттық қоғамда жағдай түбінен өзгерді: өндіріс дамуының негізгі факторы ретінде өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі, экономикалық мақсаттылық, технологиялардағы инновацияның үдерісі болып отыр. Бұл факторлар өз кезектерінде кадрлардың білім деңгейі мен интеллектуалдігіне көбірек тәуелді болады.
Елдердің артықшылығы табиғат қорларының байлықтарымен немесе арзан жұмыс күшімен айқындалуы шетінен кеміп барады, көбінесе техникалық инновация мен білімді бәсекелік түрде пайдалануы басым.
Болашақ – халқы ақпаратты, білім және технологияларды аса тиімді де нәтижелі пайдаланатын елдерге тиесілі болады, яғни барлық уақытта өзгеріліп отыратын жағдайлар мен технологияларға бейімделуге икемді мамандарды даярлау неғұрлым сапалы болса, соғұрлым елдің экономикалық дамуы тиімді болады.
Адам капиталы адамның білім алу мен тәжірибелік қызмет барысында алған және оған кәсіптік қызметін ойдағыдай орындауға жағдай туғызатын білім, іскерлік, дағды түрлерінде капитал ретінде анықталады. Алайда, бұл ұғымды біз едеуір кеңейте аламыз, әсіресе, егер біздер адам капиталы туралы елдің жаңартулық дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру контекстінде айтсақ. Адам капиталы - тұрақты дамудың құрылымдық құрамның бірлігі. Адам капиталын дамыта келе біз тек тұрақты даму жолмен ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті қоғам құра аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 9 қыркүйегіндегі «Қазақстанның мейлінше дамыған әлем мемлекеттерінің 30-дығына кіруі» атты Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында жасаған баяндамасында айтып өткендей: «Адам капиталын дамыту. Білім беру ғылымды қажет ететін экономика құрудың шешуші құралы ретінде білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі жаңа сапаға бағдар ұстануы тиіс. Ол – барлық балалар үшін, соның ішінде ата-аналарының әлеуметтік мәртебесі мен материалдық әл-ауқатына қарамастан, 3 жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің қолжетімділігі. Ол – орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру сапасының жоғары деңгейі. Білім беру жүйесі тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды тәжірибеде қолдану үшін қажетті дағдылар да қалыптастырып, оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін тұрақты түрде енгізіп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалануы тиіс. Бізге кәсіптік-техникалық білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру қажет... Жоғары білім беруді ғылымды қажет ететін экономика сұраныстарына бейімдеу үшін бізге университеттердің, ғылым мен бизнестің ықпалдастығын қамтамасыз ету қажет. Міндет білім берудің әрбір деңгейінің экономикада да, сонымен бірге өмірде де қажет болатын білімдер мен дағдыларды беруінде тұр.
Адам капиталының дамуы көбіне-көп өмір сапасын – денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен саламатты өмір салтын арттыру үшін жағдайлар жасауға байланысты. Елдің әрбір тұрғыны таза суға, ауаға және толыққанды биоресурстарға қол жеткізе алуы тиіс. Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыру үшін бірінші кезекте, біз аурудың алдын алуға және науқастарды ерте анықтауға басымдық береміз. Бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем бүкіл қалалық және селолық елді мекендерді қамтып, біздің денсаулық сақтау жүйеміздің негізіне айналуы тиіс. Бізге мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидатын енгізу қажет. 2015 жылдан бастап бізде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмыс істей бастайды» [1].
Осылайша, XXI ғасырда аса дамыған индустриалдық елдер білікті мамандарды дайындау мен тартуға күш салуды көбейтуі кездейсоқ емес. Сондықтан, макроэкономикалық тенденциялардың өзгеруіне жауап ретінде пайда болған адам капиталының теориясы шеңберінде, білім алу, дене саулығы, оқыту сапасы, өндірістік тәжірибе көлемі деңгейі мен еңбек ақы арасында белгілі бір байланыс бар. Жеке адамның сапалы сипаттамаларын арттыруға бағытталған шығындар инвестиция ретінде қаралады.
Адам капиталы, мысалы: қаржы капиталы, қорлар және тағы басқаларға қарағанда, кез келген өзінің өлшемінде үлкен құндылықты білдіретіні түсінікті болды. Батыс елдерінің әр түрлі әлеуметтік және білім бағдарламалардың кеңейтуіне талпынысы осыны нақты дәлелдейді.
Адам капиталын анықтау адам дамуының тұжырымдамасына жақын. "Адам дамуы" түсінігі 1990 жылы Адам дамуы туралы баяндамаға БҰҰДБ-мен енгізілген. Адам дамуы тұжырымдамасы адамға бағытталған және адам ауқаттылығын қамтамасыз етуде негізгі және бірегей мақсатқа негізделген. Бұл адамдарға барынша сау және мәнді өмір сүруге мүмкіндік беретін жағымды саясаттық, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық ортаны құруды болжайды. Тұжырымдама адам дамуының екі бағытын бөледі. Біріншісі адамның қабілетін қалыптастыру, денсаулығы мен білім жақсарту ретінде қаралса, екіншісі осы қабілеттерді жұмыста және бос кезінде пайдалану ретінде қаралады. Әлеуметтік-экономикалық прогресс деңгейін анықтау құрал ретінде болжанатын өмір ұзақтығын, халықтағы ересек адамдардың білім деңгейін (сауаттылық және білімділік индексі негізінде өлшенетін) және адам басына түзетілген нақты ЖІМ (материалдық ауқаттылықтың арнайы көрсеткіш) енгізетін Адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) көрсетілген.
Адам дамуы мен елдердің бәсекелесттікке қабілетін сипаттайтын деңгей индекстер өзара байланысты және өзара толықтырылады (1 сурет). Әдет бойынша, бәсекелестікке қабілетті елдерде адам дамуы индексінің жоғары деңгейі бар. Олардың қатарына 5,74 (1 орын) бәсекелестікке қабілетті индексі мен 0,903 (11) адам дамуы бар Швейцарияны, Норвегия - 5,18 және 0,943 (1 орын); АҚШ - 5,43 және 0,910, Жапонияны – 5,40 және 0,901, Гонконг 5,36 және 0,898 және басқаларды жатқызуға болады.
1 сурет - Әлем елдері бойынша адам дамуы индексмтері және бәсекелестікее қабілеттілік
Ақпарат көзі: The Global Competitiveness Report 2011-2012. World Economic Forum, UNDP Human Development Report 2011 [2].
Адам дамуы туралы БҰҰ Баяндамасына дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 50 орынға тұрақтады.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 114 көрсеткіш арқылы түзіледі. Оның 34-і статистикалық мәліметтер, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалаулары негізінде есептеледі. 144 көрсеткіштен экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде орналасатын әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 12 бәсекеге қабілеттілік факторын шығарылады.
Сонымен рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан өткен жылғы 4,4 орташа балымен қайтадан 50-ші орынға ие болды. Осылайша, Қазақстан даму деңгейі әлдеқайда жоғары елдер тобында орналасты.
Қазақстанның бәсекелестіктегі артықшылықтары еңбек нарығының тиімділігі (15-ші орын, 2013 - 15) және макроэкономикалық орта (27-ші орын, 2013 - 23) болып табылады.
Қазақстанның ең әлсіз тұсы денсаулық сақтау және бастауыш білім беру (96, 2013 - 97), қаржы нарығын дамыту (98, 2013 - 103), компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі (91, 2013 - 94) және инновациялар (85, 2013 - 84) сияқты факторлар бойынша байқалады. Дегенмен бұл рейтингтерде де еліміздің 2-3 саты алға өрлеуі білінеді. Қалған алты фактор бойынша, ДЭФ бағалауына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі орташа деңгейде: институттар 57 (2013 - 55), инфрақұрылым - 62 (2013 - 62), жоғары білім және кәсіби даярлық - 62 (2013 - 54), тауарлар нарығының тиімділігі - 54 (2013 - 56), технологиялық даярлық- 61 (2013 - 57) және нарық мөлшері - 52 орында (2013 - 54) [3].
Сонымен, Қазақстан үшін сапалы жаңа өнімдер мен технологияларды жасайтын және шығаратын отандық экономиканың инновациялық даму көрсеткіштері бойынша қалу жағдайы көрініп тұр және бұл өмірлік маңызды мәнге ие.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаеватың Қазақстан «Қазақстанның мейлінше дамыған әлем мемлекеттерінің 30-дығына кіруі» атты Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында жасаған баяндамасы . 10 қыркүйек 2013 жыл.
-
Білім беру саласының әлеуметтік салалары: сапалы білім беруге тең құқылы қол жеткізу.Г.В.Строева Аға сарапшы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
-
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы сайтынан http://qazaq-alemi.kz/kazakhstan?id=991
Достарыңызбен бөлісу: |