Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын
коммуналдық меншіктің облыстық
ұйымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Қоса беріліп отырған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
-
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
-
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 173 «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.С.Биахметовке жүктелсін.
-
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы «___» _______
№____ қаулысымен бекітілген
Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық
меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесі
-
Ақтөбе облысының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Намыс» кәсіпқой спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
-
«Ақтөбе» облыстық футбол клубы» акционерлік қоғамы;
-
«Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
-
«Ақтөбе-агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
-
«Орталық стадион» мемлекеттік кәсіпорыны.
Достарыңызбен бөлісу: |