Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2013 жыл 12 шілде №12/123



Дата24.02.2016
өлшемі29.66 Kb.
#12290

Жоба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының




ШЕШІМІ

2013 жыл 12 шілде №12/123


Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы

20 желтоқсандағы № 8/89

«2013-2015 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 106 бабы 2 тармағының 4), 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 2 шілдедегі № 11/164 «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 9 шілдеде №2266 болып тіркелген), сондай-ақ Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 02-17-4992 ұсынысы мен Ақтау қаласы прокуратурасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 2-110128-13-03579 наразылығына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 15 261 078,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 578 243,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 541 891 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 629 074 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 511 870 мың теңге;



  1. шығындар – 15 950 343,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 6 147 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 836 764,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 836 764,8 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 6 147 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 689 264,8 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 тармақтағы:

2 абзацтағы «12,0» саны «12,9» санымен ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы 4 абзацпен толықтырылсын: «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз».

3 тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Бюджет қаражаты есебінен, селолық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін».

4 тармақта келесі мазмұндағы 15 абзацпен толықтырылсын:

«1 464 мың теңге – жергілікті атқарушы органдардың штаттық санын көбейтуге».

5 тармақтағы «3 879 170» саны «4 689 307» санымен ауыстырылсын.

7 тармақтағы «8 000» саны «19 225» санымен ауыстырылсын

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрайымы Мәслихат хатшысы

С.Шудабаева М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким

2013 жыл « 12 » шілде

Маңғыстау облысының әділет департаментінде 26 шілдеде 2013 жылы №2983 болып тіркелген.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет