Бесоба селолық округі әкімі А.Қ.Ақатаевтың 2015 жылы атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттері туралы есебі
Бесоба селолық округі әкімшілігінің 2015 жылғы жұмысындағы негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу,реформалар,даму» - атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатына жұмылдырылды. Қарқаралы аудандық әкімшілігі ауданның экономикалық-әлеуметтік даму бағдарламасына байланысты жұмыс жасауға селолық округ әкімі аппаратына бағыт бағдар беріп отырды. Жыл ішінде селолық округ бойынша мал басының өсіміне қол жеткізілді.Мал негізінен өз төлі және сырттан мал әкелу есебінен көбейді. Мал тұқымын асылдандыру бағытында-«Ақсары», «Түлкілі», «Қоңыртөбе», «Тасбұлақ» , «Әли» ш/қ асыл тұқымды аталық мал қосып жұмыс жасауда .Биыл ауылға Абай ауданы СДО (сервистік дайындау орталығы) инвесторлар 164 бас асыл тұқымды Симентал ірі қара малын әкеліп 35 адамды жұмыспен қамтып ай сайын еңбекақыларын беріп , жем-шөптеріне көмектесіп жағдайларын жасауда. Болашақта 1 баз салып ірі қара санын 600 басқа жеткізуді жоспарлап отыр.Селолық округтағы 29 шаруа қожалықтары негізінен қолдарындағы малдарын ұстап ,соған мал азығын жеткілікті мөлшерде дайындап алды. Ауылшаруашылық саласына тоқталсақ 2 адам конкурсқа түсіп 11,0 га жер алып игілігін көруде, олар «Қоңыр-ТАС» ш/қ жетекшісі Турабаев Айдын 6,0 га жер, ТОО СДО 5,0 га жер алды. 1000 га жерге көпжылдық шөп егілді. Келешекте «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Турабаев А 60 бас асыл тұқымды ірі қара малын алуға жұмыс жасалып жатыр.2015 жылы ІІІ топтағы 2 адам тауық,үйрек асырау үшін қайтарымсыз кредит алып өз істерін ашты. Осындай мүгедек жандарға қаладан келген өнерпаздардың концертіне тегін кіріп көруіне жағдай жасалды, мүгедектер күніне орай әр қайсысына сыйлықтар таратылып,қалада өтетін шараларға, мысалы жаңа жылдық шыршаларға, мүгедектер күніне апарып келуіне жағдай жасалды. Жалпы халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жылдан жылға көтеріліп келеді. Жыл басымен салыстырғанда ірі қара 2%,жылқы 6 % өсімі байқалды. Бесоба,Қызылту ауылдарында су құбыры толығымен жұмыс жасап халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде екі кәсіпкер жұмыс жасауда. Жыл ішінде 7 рет халықтың жиыны өткізіліп, оған ауыл тұрғындары қатысып,қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бақылауға алынып, орындалысы хабарланып отырды.7 аппарат мәжілісі өткізіліп, онда ауыл өміріне қатысты бірнеше мәселе қаралып тиісті тапсырмалар беріліп, оның орындалысы қадағаланып отырды. Жыл ішінде тұрғындардан ешқандай өтініш түскен жоқ.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғыны Сыздыков Талғат Газель автокөлігін алып Қарағанды –Бесоба, Бесоба-Қарқаралы бағытында тұрақты жүріп халықтың алғысына бөленуде.2015 жылы санитарлық тазалыққа байланысты ауыл көшелеріндегі қоқыстар тазартылып, тұрғындар тарапынан үйлерінің маңайы ретке келтіріліп жұмыс жасалды. Көшелерді жарықтандыру,абаттандыру, ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Селолық округ әкімі тарапынан ауылдағы халыққа қызмет көрсететін мекемелер жұмыстары қадағаланып, тиісті нұсқаулар беріліп отырады.Білім беру саласындағы 2 мектепте 220 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлықта 33 бала, шағын орталықта 65 бала тәрбиеленуде.Мектеп ұжымы мұғалімдермен қамтамасыз етілген. Қарашоқы ауылының оқушыларын мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру мақсатында биыл аудан әкімінің қолынан су жаңа автокөліктің кілтін алып бала тасымалы тұрақты қамтамасыз етілді. Халыққа медициналық қызмет көрсетуде қызмет жасап отырған отбасылық дәрігерлік амбулатория, бір ФАП өз қызметтерінде халық көңілінен шығуда. Жыл ішінде халықтың флюрографиядан 98%-ы өткізіліп тексерілді. «Саламатты Қазақстан»бағдарламасының аясында ауылымызға тамыз айында жылжымалы медициналық кешен келіп, ауыл тұрғындарын медициналық тексерулерінен өткізді. Осыған байланысты скиринг жастағы адамдар жоспарланып олар жүрек ,қан тамырлар ауруларын алдын ала анықтауда 291 адам қаралып оның ішінде 19 адам тіркеуге алынды,қант диабеті ауруларын алдын ала анықтауда 291 адам қаралып оның ішінде науқас анықталған жоқ, 635 адам тексерістен өткізілді, күндізгі бөлімде жыл ішінде 135 адам ем алып, оларға 380.000теңгенің дәрі-дәрмегі жұмсалды.2015 жыл ішінде бүгінгі күнге 19 бала селолық округ бойынша дүниеге келді. Балалар мен аналардың денсаулығы күнделікті бақыланып отырады. 8 шағын дүкен иелері кәсіпкер азаматтар халыққа күнделікті тұтынатын азық-түлік және басқа заттармен қамтамасыз етуде жұмыс жасауда. Электр знергиясы КРЭК мекемесі арқылы беріліп екі электро монтері жұмыс жасауда.Халыққа қызмет көрсетуде 2 клуб және 2 кітапхана жұмыс жасап,жоспарлы түрде мерекелік кештер, би басқа да оқырмандар арасында пікір алысу тағы басқа жұмыстар атқарылуда. Екі кітапханада 12 мың кітап қоры бар, биылғы жылы 325 кітаппен толыққан, 878 оқырман бар. Отау ТВ бағдарламалары Қызылту, Қарашоқы ауылдары және қыстақ тұрғындарына жеңілдікпен қойылды.Пошта мекемесі өз қызметін көрсетуде , баспасөзге жазылуда ауыл тұрғындары 790 дана газет-журналға жазылды. Газет-журнал Қарағанды- Бесоба бағытындағы автобус қатынасымен және Қарқаралыдан қатынасқан көлікпен күнделікті тасымалдануда. Қазақтелекомның Бесоба ауылында сандық жүиеге телефон нүктелері ауыстырылды, Қарашоқы ауылында- 16 телефон, Қызылтуда-59 телефон нүктесі жұмыс жасауда. Аудандық Қазақтелеком байланыс бөлімі арқылы бүгінгі күні сымсыз телефон байланыс жүйесі орнатылды .Мал дәрігерлік алдын алу шараларының уақытында жүргізілуі қадағалануда, бар мал басынан қан алынып тексерілді, оның ішінде бруцеллез және туберкулез ауруына,жыл ішінде 206 бас ірі қара ,373 бас қой-ешкі бруцеллез ауруына анықталып тегіс жойылды. Профилактикалық және арнайы ДУК машинасы арқылы іс шаралар атқарылды.Селолық округ бойынша 3825 бас қозы-лақ,1100 бас бұзау малдары оның сырғаланып,180 бас жылқы таңбаланып,паспорт берілді. Бүгінгі кұні компьютерлік базаға 100% толығымен енгізілді. Әкім аппараты өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы туралы мәселелер бойынша әскери есепке алуды қамтамасыз етуде. Ауыл әкімшілігінің негізгі міндеттерінің бірі қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Жыл бойында 4 рет халықтың жиынында учаскелік инспектордың есебі тыңдалып, орын алған кемшіліктер, оны болдырмау жолдары талқыланып шешімдер қабылданды.
30 адамға айыппұл салынды, оның 21-і санитарлық тазалықты сақтамағаны үшін.Тұрмыстық жағдайда отбасылық,қоғамдық орындарда 1 бұзақылық қылмыс тіркелді.Мектептерде жасөспірімдермен учаскелік инспектордың кездесуі өткізіліп, құқық бұзушылық пен тәртіп мәселесі түсіндіріліп отырды.Селолық округ әкімі аппараты табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Халықтың әлеуметтік сипаттамасы, тұрмыстық жағдайы назарда ұсталады. 2015 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы жоқ, 11 отбасыға 47 балаға 1млн 18 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. 2015 жылы 9 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оларға 180 мың теңге еңбекақы төленді.Айтылып өткендей атқарылған жұмыстармен қатар орын алған кемшіліктер баршылық.
Клуб жұмыстарында концерттік бағдарламалар дайындалып,мерекелік кештер,жиындар өткізіліп тұрады, бүгінгі күні жаңа сахна орнатылды. Биылғы ауылдың мәдени өміріне Тегісшілдік ауылының өнерпаздары келіп өнерлерін көрсетіп халық қошеметіне бөленді.Халыққа әр түрлі жиындарда мал бағымын қалыптастыру, ұйымдастыру, мал ұрлығын болдырмаудың бірден-бір жолы екені түсіндірілуде.Алдағы 2016 жылы кемшіліктерді түзеп , атқарылар жұмыстарға тоқталсақ :«Аумақтарды дамыту» бағдарламасы арқылы 1млн 724 мың теңге қаражатқа елді мекенде көшелерді жарықтандыру жұмысын жүргізу;ЖКХ арқылы Бесоба су құбырының электр линиясына ваккумді ажыратқыш қою, столбаның изоляторларын айырбастап Бесоба су құбырын тұрақты қосу үшін жұмыс жасау;
«Қазақстан 2050» бағдарламасымен «жергілікті бизнес бастамаларды бкөтермелеу» мақсатында 2 шаруа қожалығы , 1 жеке кәсіпкерлік ашылуына жұмыс жасау:
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша ауылдағы жұмысқа тұруға ниет білдірген азаматтарды «Тау-кен Самұрық» мемлекеттік мекемесі және аудандық жұмыспен қамту мекемесі арқылы оқуға тартып,қайта даярлап Алайғыр кен орнына «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» .
Білім саласы «Қазақстан 2050» жаңа бағытын ескере отырып , ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу бағытында:
Оқушылардың терең білім алып орта мектепті толық аяқтап шығуына,ауыл шаруашылық мамандығын таңдауына үгіт –насихат,тәрбие жұмыстарын жүргізу;
Салауатты өмір салтын насихаттау,бұқаралық спорт түрін дамыту бағытында басты назар аудару;
Ветеринарлық дәрігерлік егу жұмыстары толығымен атқаруға жұмыс жасау;
Бірдейлендіру жұмыстарын толығымен жүргізу;
Өздеріңізге белгілі,бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру басты мәселелердің бірі болып танылуда.Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің жақсаруы ел экономикасының және әлеуметтік дамуының көрсеткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |