Есептеуді бастамас бұрын ең бірінші есептің параметрлерін енгізу керек. Есептің параметрлерін енгізу мəзірді басқару жақтауында Simulation/Parameters орналасқан. 1-суретте басқару жақтауының көрсетілімі берілген.
2. Simulation time есептеу уақытының атқаратын қызметі
Simulation time (моделдеу аралығы немесе басқаша айтқанда есептеу уақыты).
Есептеу уақыты бастапқы (Start time) жəне соңғы (Stop time) есептеу уақытының аралығындағы мəнмен анықталады. Бастапқы уақыт, ережеге сай, нөлге тең деп беріледі. Соңғы уақыт аймағы шешіліп жатқан есептің шартына байланысты тұтынушымен белгіленеді.