Қылмыстық істер бойынша кәсіби қОРҒаушының криминалистикалық тактиканы қолдануы



Дата12.07.2016
өлшемі74.38 Kb.
#195631
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША КӘСІБИ ҚОРҒАУШЫНЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКАНЫ ҚОЛДАНУЫ
Айдарова А.А,, Шидеев А.С.
Аннотация. В данной статье автор рассматривает применение адвокатом криминалистическую тактику в уголовном процессе. Автор уделяет внимание применение адвокатом прогназирование защиты в процессе осуществление профессиональной деятельности.

Resume. In this article the author considers application by the lawyer criminalistic tactics in criminal trial. The author pays attention application by the lawyer forecasting of protection in process implementation of professional activity.
Адвокат-қорғаушының мақсаттар мен міндеттерді дұрыс айқындауы қорғау жағдайын туғызатын субъекті мен объективті факторларды бағалауға себепші болады. Адвокат-қорғаушы қорғау болжамы деп аталуы мүмкін өз болжамын ұсынатынын толық сеніммен айтуға тиіспіз. Қорғаушы соттағы сөзінде сот тергеуінде мәлім болған деректерді келтіреді, бұларға баға береді, бір дәлелдемелерді сынаса, екіншілерінің сенімділігін дәлелдейді, фактілерді түсінуі негізінде сұлбалар салады, өз болжамын ұсынып, көбінесе айыптау нәтижесімен келіспейтін қорытындылар жасайды. Біздің түсінігімізше, қорғау болжамы кәсіби қорғау тактикасымен бірге криминалистика жүйесіне кіреді. Криминалистік болжам туралы ілім жеткілікті түрде зерттелгеніне қарамастан, қазіргі уақытқа дейін ғылымда кейбір айқындамалар бойынша ортақ пікірге келушілік жоқтың қасы. Сондықтан қорғау болжамына қатысты көзқарасымызды негіздеу алдында криминалистік болжамдар жөніндегі проблемаларды талдау және айқындау қажет деп білеміз.

Криминалистік болжам туралы ілім — криминалистиканың жеке теориясы. Латынша «болжам» қандай да бір деректі, оқиғаның бірінен бірінің айырмашылығын баяндайтын немесе түсіндіретін ұғым. Нысаншыл логикада болжам түрлі ғылыми болжамның бірі деп есептеледі. Б.И.Шавер болжам криминалистика санаты екенін бірінші болып айқындады. Ол және одан кейінгі зерттеушілер болжам ұғымы мен мазмұнын қылмысты тергеуді жоспарлаумен байланысты қарады. Ал болжамның сыныпталуын тұңғыш ұсынған П.И.Тарасов. Ол оны қылмыстық оқиғаның мәнісі және қылмыс сипаты, қылмыс жасаудың тәсілі мен амалы, қылмыс жасаған адам, кінәнің сипаты және қылмыс жасаудың себеп-салдары деп бөлуді негізге алды. Бұдан әрі криминалистік болжам мен жоспарлау туралы ғылым түрін өзгертіп, мазмұнмен толықты. Криминалистік болжам ұғымын логикалық, мазмұндық және қызметтік аспектілерге бөлуге болады. Соның ішінде логикалық аспект ойлау жемісі болжамының мәнін айқындап, оның табиғатын белгілейді [1].

Қорғау болжамы криминалистік болжамның бір түрі болумен байланысты соның барлық белгілерін бойына жинақтаған. Қорғау болжамы қорғау тактикасының міндетті элементін көрсете отырып, криминалистік болжамның жалпы қызметін атқарумен бірге мынадай ерекше қасиеттерге ие:

- ұсыну және тексеру субъектісі — қорғау тарабынын өкілі;

- қорғау болжамының ұсыну объектісі — айыптауды жұмсартатын немесе жоққа шығаратын жағдайлар;

- болжам — қорғау ұсынылатын және тексерілетін қызмет түрі;

- болжамды ұсыну және тексеру мақсаты — айыптау болжамын жоққа шығару немесе өзгерту;

- ұсыну негіздемесі — іс жүргізу және іс жүргізбеу жолымен алынған нақты деректер, негіздемеде шектеудің болмауы;

- ұсыну мен тексеру нысандары және тәсілдері — заңмен рұқсат етілген іс-қимылдар және болжамды ұсыну тәсілдері (қалау тілек өтініші), адвокат-қорғаушы өкілеттігімен шектелуі [2].

Ұсыну және тексеру болжамының шынайы субъектісі кәсіби қорғаушы болып табылады, ол болжамды ұсынуға және тексеруге міндетті. Мұның соңғысы оның қызметіне және кәсіби міндетіне кіреді. Сауал алынған адвокаттардың 73 пайызы қылмыстық іс бойынша болжамдарын ұсынатынын айтқан. Айыпталушы ұсыным жасау және оларды тексеруге міндетті емес.

Сайып келгенде, қорғау болжамы — бұл қорғау тарабы өкілінің ғылыми болжам түріндегі нақты деректерге негізделген, қылмыстық іс бойынша қорғау барысында ұсынған және тексерілген ой тұжырымы.



Адвокат-қорғаушының түрлі жағдайларда шешім қабылдау және іске асыру үдерісі.

Кәсіби қорғау тактикасын жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

- заңдылық;

- жағдайлылық;

- болжамдау ұстыны;

- жоспарлылық;

- өсіңкілік;

- эпикалық.

Бұл ұстындар бір-бірімен өзара байланысты және өзара келісімді. Олардың әрқайсысы алдымен басшылық идеяны, тәртіптің негізгі ережесін алға тартады, сондықтан да қағидаттың барлық талабына жауап береді.

Кәсіби қорғау тактикасын жүзеге асырудың негізгі ұстындарына біршама толығырақ тоқталалық.



Заңдылық қорғау тактикасын жүзеге асыру ұстыны ретінде адвокат-қорғаушының бүкіл қызметінің бірыңғай қағидаты болып табылады. Ол барлық ұстыннан өтуі тиіс. Бұл ұстын мақсат пен міндетті таңдауда, қорғау құралдары мен тәсілдерін таңдауда әрекет етеді. Ұстынның көптеген ережелері қылмыстық іс жүргізу және жалпы заңнамада заңды түрде бекітілген [3].

Жағдайлылық. Адвокат мақсат пен міндетті қоярда, тәсілдерді таңдау және оларды шешуде, жүзеге асыруда қызмет жағдайын есепке алып отыруы тиіс. Бұл ұстынға нұқсан келтіру тиімділікті кемітіп қана қоймай, келеңсіз жағдайға ұрындыруы мүмкін. Адвокат қорғаудың ағымдағы жағдайы туралы ақпаратқа тұрақты түрде назар аударуы қажет. Түскен барлық ақпараттың қорғау үшін маңызды дегенін талдап, таңдайды. Бұл ақпарат психологияда «шынайы картина», ал инженерлік психологияда «концептуальдық үлгі» деп аталады. Осы үлгі болжамдау (ғылыми болжам, болжамды ұсыну), оларды тексеру және бағалау үшін негіз ретінде қызмет етеді. Үлгіні ұсыну шығармашылық сипат алып, шешім қабылдау теориясында атап көрсетіледі.

Болжамдау ұстыны іс-қимылдың мүмкін болатын салдарын алдын ала білу қажеттілігін және дамудың кез келген жағдайында соңғы нәтижесін көрсетеді. Болжамдау мәселелері қылмыснама мен криминалистикада қаралған. Болжамдау іс бойынша қорғау болжамын ұсыну нысанында, ғылыми болжам іс-қимыл барысы мен нәтижесінде пайда болады. Адвокат қорғаудың басынан бастап іс бойынша барлық ақпаратты дұрыс талдауы, жағдайдың өріс алуы жөнінде мүмкін болатынды алдын ала білгені жөн. Болжам мен ғылыми болжамды ұсыну үдерісінде оларға бақылау жасау мен тексеру қажеттілігі туындайды.

Жоспарлылық ұстыны. Қорғаушы неге қол жеткізуі тиіс екенін анықтап алуы тиіс. Мақсат жағдайға негізделуі тиіс. Заңмен бекітілген дерексіз мақсатпен қатар адвокат осы айыптау, сезіктену бойынша іске қатысу мақсатын нақтылауы керек. Сөйтіп, жағдайды талдауда стратегиялық міндеттерді, тактикалық міндеттерді белгілейді. Алайда, осының бәрін адвокат-қорғаушы қызметінің жоспарлауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Қорғаушы қызмет жоспары нәтижесінде барлық іс-қимыл мен құралды бір мақсатқа бағындырады. Жоспар іске кірісу басталар алдында жасалады. Егер мақсатта тек қызмет нәтижесі көрініс тапса, жоспарда атқарылатын қызметтің объективтік және субъективтік жағдайлары негізге алына отырып, іске асыру стратегиясы мен тактикасы баяндалады. Жоспарлаудың көптеген тәсілдері бар, соның ең қолайлысы — бағдар бойынша жұмыс. Жоспарлаудың бұл деңгейі қылмыстық іс бойынша теория мен тәжірибені әлі меңгере қоймаған жас адвокаттарға тән. Жоспарлаудың жоғары дәрежесі — бұл үлгі бойынша жұмыс.



Өсіңкілік ұстыны. Қорғаушы қызметі қорғау жағдайымен байланысты үнемі қозғалыста болады. Стратегия қорғауға тән, бірақ тек бастапқы кезеңде қолданылады. Адвокат-қорғаушы қызметінде қорғаудың аяқ астынан өзгеруіне орай стратегия мен тактика толықтай өзгеріске ұшырауы мүмкін, ал мұның өзі адвокат назарын шоғырландыруды, оңтайлы ілтипатқа алуды қажет етеді. Демек, өсіңкілік (қозғалыс) тиімділіктің аса маңызды шарты болып табылады.

Этикалық ұстын. Адвокат-қорғаушы қызметіндегі этика проблемасы іс жүргізу аспектімен тығыз байланысты. Адвокат әрдайым этикалық қалыпты қолданады. Этикалық ұстын туралы ауызға алғанда, адвокаттың тактиканы қолдану барысында рухани (адамгершілік) және этикалық қалыпты бұзбауға тырысуы қажет екенін еске салмақпыз. Бұл ұстын «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР заңының 3-бабының 4-тармағында бекітілген адвокат қызметі қағидатының құрамдас бөлігі болып табылады [4].

Тактиканың теориялық негізі, ұғымы және мазмұны мәселелері туралы жүргізілген зерттеулер былайша қорытындыланып, авторлар мынадай тұжырымға келген:

1. Қорғаудың болуы екі фак-тормен: айыпталушыға қатысты әділ де заңды үдеріс кепілдігі болуы және қылмыстық сот жүргізуде жарыссөз бастамасын жүзеге асыру қажеттілігі.

2. Қорғау жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың құқығы мен мүддесін қорғауға бағындырылған түрлі элементтердің құқықтық, материалдық-құқықтық, функционалдық және криминалистік байланыстары жүйесін айқындаушы.

3. Кәсіби қорғау қылмыстық іс бойынша қорғаудың алуан түрлілігі болып табылады, сондықтан да оған қорғауға қатысты барлық белгі тән.

4. Заңға қайшы келмейтін жағдайда, қорғау құқығы айыпталушыны қорғаудың барлық мәнін қамтиды.

5. Кәсіби қорғау үшін қорғау құрамдары мен тәсілдерін айқындау проблемасының тактикалық маңызы бар.

6. Қорғау айқындамасы, адвокат-қорғаушы көзқарасы түпкі нәтижеге, қолданылатын құралдар мен оларды жүзеге асыру тәсілдеріне ықпал етеді.

7. Кәсіби қорғау тактикасын айқындауда екі аспектіге бөлуге болады. Біріншісі — бұл ғылыми ережелері жүйесі және солардың негізінде нұсқама жасалатын кәсіби қорғау тактикасы. Екіншісі — бұл құбылыстың бірінші аспектісіне қатысты жеке, тек нұсқамалар жиынтығы.

8. Қорғау тәсілдері — бұл ғылыми ұсынымдарға негізделген жағдайды есепке ала отырып, оларды тиімді жүзеге асыруға, мәселені шешуге және қорғау мақсатына жетуге мүмкіндік беретін тәсілдер.

9. Қорғау мақсаты — қылмыстық іс жүргізудің қызметтік мақсатын білдіреді. Қорғау мақсаты мен міндеттерін шектеу қызмет шартын есепке алу қажеттілігінен туындаған.


      1. Адвокаттың стратегиялық және тактикалық шешім қабылдауы қорғаушының мақсатқа жетуі үшін кейбір ақпаратты қайта құру негізі түрінде қалыптасады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Аубакиров А.Ф. Криминалистика: Криминалистическая техника // Алматы, 2002

  2. Закон Республики Казахстан «Об адвокатской деятельности»от 5 декабря 1997 годаN 195 (с изменениями и дополнениями по состоянию на 17.01.2014 г.)

  3. Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 6 декабря 2002 года № 25 «О соблюдении принципа гласности судопроизводства по уголовным делам».

  4. Канафин Д. К. Совершенствование правового статуса адвоката в свете разработки нового уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан // Юрист. - 2012. № 12. С. 47-55.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет