Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет150/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   333
ҚЫЗЫЛСАЙ (Кызылсай) – а., қор., Қарақия ауданы, Жаңаӛзен қ.ә. қарасты, 
Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын есім) және сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі
арқылы жасалған. Мағынасы: «қызыл топырақты сай». 


ҚЫЗЫЛСОР (Кызылсор) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын есім) және 
сор (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қызыл тҥсті сор, тҧзды 
жер». 
ҚЫЗЫЛСУ (Кызылсу) – а., тау, Қарақия ауданы. Атау қызыл (сын есім) және су (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау бҧл жерде ағып жатқан су 
маңайындағы қызыл топыраққа немесе су тҥсінің ботала қызғылт тҥсіне байланысты 
аталуы мҥмкін. Сондай-ақ В.А.Никоновтың пікірінше, қазақтың қызылсуы «терең 
емес суға» байланысты айтылған дейді. 
ҚЫЗЫЛСУАТ (Кызылсуат) – қ., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі – 3,5-4 м.Атау қызыл 
(сын есім) және суат (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау қҧдық 
қазылған жердің топырағының қызыл тҥсіне немесе су тҥсінің ботала қызғылт тҥсіне 
байланысты аталуы мҥмкін. 
ҚЫЗЫЛТАМ (Кызылтам) – қор., қыс., қ., Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын 
есім) және там (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау қойымдық ішінде 
о баста қызыл кірпіштен салынған там болғандықтан Қызылтам аталып кетіпті. 
ҚЫЗЫЛТАС (Кызылтас) – б., Бейнеу ауданы. Атау қызыл (сын есім) және тас (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қызыл тасты жердегі бҧлақ». 
ҚЫЗЫЛТӚБЕ (Кызылтобе) – а., мола, Мҧнайлы, Тҥпқараған ауд-да. Атау қызыл 
(сын есім) және тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«топырағы қызғылт жоса тәрізді тӛбе маңайындағы ауыл». 
ҚЫЗЫЛТҦРАН (Кызылтуран) – шатқал, қ., Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын 
есім) және тҧран (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тҧран деп – «асты 
тастақты, қар, жаңбыр суы кӛп жиналатын табиғи су қоймасын» айтады (Ә.Спан, 
Ж.Дҥйсенбаева, 212). Атаудың мағынасы: «қызғылт тҥсті тӛбедегі су жиналатын 
ойпаң жер». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет