тар сайлар» деп анықтама береді (А.Жартыбаев, 182). Атаудың мағынасы: «ақ тҥсті,
тік беткей, жартасты тар шатқалдары, сайы кӛп, кӛлемі шағын, қатты тілімденген тау».
АҚШЕКУ (Акшеку) – с., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және шеку (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шеку – «ӛткел». Мағынасы: «ақ тҥсті ӛткелді сай».
АҚШЕЛЕК (Акшелек) – тҧз. қ., мола, Бейнеу ауданы. Ақ (сын есім) және шелек (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Т.Жанҧзақ: «Шелек – «бастау, қайнарлардан
алатын ӛзен» деген мәнге ие сӛз», – дейді (Т.Жанҧзақ, 2005, 196). Атаудың мағынасы:
«мӛлдір, жер асты суымен ӛнігіп отыратын қҧдық».
АҚШИ (Акши) – қыс., Бейнеу ауданы. Ақ (сын есім) және ши (зат есім) сӛздерінің
бірігуінен жасалған. Шидің кӛп, қалың ӛсуімен байланысты аталған.
Достарыңызбен бөлісу: