Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет27/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   333
АҚШЫҢЫРАУ (Акшынырау) – қҧдықтар, Бейнеу ауданы. «Ағынды, мӛлдір, ауыз 
сулы терең қҧдық» мәніндегі атау. 
АҚЫРМАҚ (Акырмак) – қор. Маңғысау ауданы. Ақ (сын есім) және ырмақ (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «аққан су, арық маңындағы қорым».
АЛА (Ала) – тӛбе, Қарақия ауданы. Азербайжан топонимиясында ала – «биік» 
мағынасын береді (Э.К.Мехралиев, 82). Ала – «биік тӛбе» мағынасындағы сӛз. 
АЛААТОРПА (Алааторпа) – қ., тереңдігі – 6 м., тӛбе, абс. биіктігі 76 м. Маңғыстау 
ауданы. Атау Алаат (зат есім, ру) және орпа (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. 


Алат – ортағасырлық тҥрікмен руы. «Атаудың варианттары: ала-йонтлы, ула-йондлуг, 
алка-булак, алат, алачин, алан, булак–ат және т.б. Кӛнетҥркі тілінде бҧл этноним «ала 
аттылар», «ала аты барлар» деген мән береді: ала «шҧбар» йонт «ат» (Г.Айдаров, 359). 
Сонда атау «Алааат руының терең емес қҧдығы бар қонысы» деген мағына береді.  
АЛАБИЕ (Алабие) – м., Маңғыстау ауданы. Ала (сын есім) және бие (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Ала «биік», бие (биэ) «жаға» – «биік жағалы мҥйіс» 
мағынасындағы атау.
АЛАБҦТАЛЫ (Алабуталы) – қон., Маңғыстау ауданы. Алабҧта – алабҧта 
тҧқымдасына жататын бір жылдық ӛсімдік. Осы жерде алабҧтаның кӛп, мол 
ӛсетіндігін білдіретін атау. 
АЛАЕШКІ (Алаешки) – тӛртк., абс. биіктігі 214 м. Маңғыстау ауданы. Ала (сын 
есім) және ешкі (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Жер қыртысы негізінен бор 
аралас тау жыныстарынан тҥзілген. Сондықтан атау, біздің пікірімізше, ала-қҧла (ақ 
боз, қара) болып жатқан ҥсті тегіс, тӛртбҧрышты биік тауға қатысты айтылған. 
АЛАМҦРЫН (Аламурын) – қон., Қарақия ауданы. Ала (сын есім) және мҧрын (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау сыртқы кӛрінісі шығыңқы, биік пішінді, 
ала-қҧла болып жатқан жерге берілген. 
АЛАН (Алан) – қ., Маңғыстау ауданы, Орталық Ҥстіртте. Ру атынан қойылған. 
«Аландар – біздің заманымыздың I ғасырлардан бастап біздің заманымыздың IV 
ғасырына дейінгі аралықта географиялық жағынан бҥгінгі Қазақстанның батыс 
аймағын қамти батысқа қарай Днепр, Дон, Днестр, Дунай аймақтарына дейін 
(уақытына қарай) мекендеген – сармат – савроматтар делінетін тайпалық бірлестіктің 
қҧрамында болған тайпа (С.Қондыбай, 2002, 286). С.И.Әжіғали: «Деректер 
Аландардың Арал-Каспий аймағында біразға дейін ӛмір сҥргендігін кӛрсетеді. Оның 
іздері Ҥстірттегі Аланқала атауы мен тҥрікмендердің алан (олам) тайпасының 
атауында да жатыр» (С.И.Аджигалиев, 66), дейді. Алан этнонимін С.Атаниязов 
«Словарь туркменских этнонимов» атты монографиясында алан этнонимін 
кӛнеирандық арияна сӛзінен шығарады. Алан – «арийлер елі» (С.Атаниязов, 1988, 19).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет