ТАРҚОЛТЫҚ (Тарколтык) – қыс., қон., Маңғыстау ауданы. Атау тар (сын есім)
және қолтық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «теңіздің
қҧрылыққа ішкерілей жіңішкере кірген бӛлігіндегі шағын қоныс».
ТАРЛА (Тарла) – шатқ., Қарақия ауданы. Э.Мурзаев: «Тарла – тҥркі тіліндегі, егістік,
жыртылған, ӛңделген жер деген сӛз. Радловтың кӛнетҥркі сӛздігінде: «егіс даласы»,
«егін» деп берілген» деп кӛрсетеді (Э.Мурзаев, 1984, 544).
Сонда атаудың мағынасы:
«егін егілетін шатқал».
ТАРТАЛЫ (Тарталы) – аңғ., Маңғыстау ауданы. Атау тар (сын есім) және тал (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Тал – иранша «тӛбе, дӛң, адыр» (Л.И.Рогозова,
93). Атаудың мағынасы: «тар тау аңғары».
Достарыңызбен бөлісу: