Бидайық ауылдық округінің әкімі
Т.Сақымның тұрғындар алдындағы
ЕСЕБІ
Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында тұрмыз. Биылғы жыл, Отанымыздың шежіресіне жарқын белес болып еніп, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы да көреген саясатының арқасында біз лайықты мақтаныш ететін жетістіктерге қол жеткіздік. Солардың бірі – биылғы жылғы Еуразиялық Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Мұсылман елдері арасында тұңғыш рет Қазақстанның төрағалық етуі.
Өткен жылғы желтоқсанның 1 – 2 аралығында Астана қаласының бейбітшілік және келісім сарайында Саммит өтуі Алаш елінің бірлігінің беріктігін, намысының биіктігін, еліміздің өресінің асқақ екендігін дәлелдеген тарихи маңызы бар оқиға ретінде тарих парақтарында қалды.
Әр жылды табысты аяқтау алға қойылған міндеттерді уақытында межеден асыра орындау, біздің елімізде дәстүрге айналып бара жатқаны, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үлкен еңбегінің дұрыс жүргізіліп отырған салиқалы саясатының арқасында.
Ұлт көшбасшысының Жарлығына сәйкес жетінші рет өткізіліп отырған барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындарымен есепті кездесулері, еліміздің қоғамдық саяси өмірін демократияландыру үдерісінің маңызды элементіне ғана айналып отырған жоқ, олар атқарушы органдар үшін нағыз емтихан болып табылады, себебі, кез келген өңірдің, әлеуметтік- экономикалық дамуының ең бір өткір мәселелерін тұрғындар нақ сонда қозғайды. Облыс, аудан әкімдерінің ел тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік жағдайын, тұрмысын өз көзімен көріп, осы мәселелер жөнінде өз пікірлерін айтып, шешілмей жатқан түйінді мәселелердің шешімін табуға көмектесуі – соның нәтижесі.
2010 жылы кездесулерде округ азаматтарынан келіп түскен сұрақтарды сараптай келе, өткен жыл ішінде атқарылған істердің аз еместігін көрдіңіздер. Бірақ мұнымен қанағаттануға болмайды, алдағы орындайтын істерімізді ұмытпай жүзеге асыруға барынша назар аударатын боламыз. Өткен жылы кездесулерде қойылған 4 сұрақтың 3 – еуі шешімін тапты. Қаржының тапшылығына байланысты Жамбыл автожолындағы Күзенсай - Байторы өткелдерін күрделі жөндеу келешекке қалдырылды. Қысқа қатынасты жөндеу жұмыстары жасалды.
Округ бойынша 2010 жылы 55 көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалармен марапатталды. Оның ішінде 35 ана «Алтын алқамен», ал 20 ана «Күміс алқамен» марапатталды.
Жыл ішінде 3 қызметкер біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсында болып, білімдерін толықтырды. Аппарат қызметкерлері бекітілген айлық, тоқсандық, және жылдық жоспарларға сай жұмыс істейді. Ай сайын біріңғай ақпарат күндері, Қазақстан Республикасы мемлекетінің Заңдарын әсіресе жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңына арналған айлық оқу «Нұр Отан» ХДП мүшелерімен бірге түсіндіру, одан басқа да тақырыптарға арналған оқулар өткізіліп тұрады.
Жыл басынан бері ел тұрғындарынан 2 жазбаша және 60 ауызша түскен өтініштер мен шағымдар саны 62. Барлығы уақытында қаралып, жауаптар берілді.
Елбасы Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды халыққа жеткізу, жүргізіліп отырған саясатын ел тұрғындарына түсіндіру, одан басқа да мәселелер бойынша үлкенді кішілі жиналыстар өткізілді.
Бидайық, Өндіріс, Жұмысшы, Жамбыл сияқты төрт елді мекеннен тұратын селолық округтің тұрғындар саны соңғы мәліметтер бойынша 2112 адамды құрады, оның ішінде 172 зейнеткер, 49 мүгедектер, 120 студенттер, 443 мектеп оқушылары құрайды. Жыл басынан 25 бала дүниеге келді.
Ауылдық округіміздің Экономикалық – Әлеуметтік өмірінде аграрлық сала ерекше орын алады. Төрт ауыл көлемінде 70879 га. жер болса, оның 26134 га. егіндік, 32759 га. жайылымдық жер.
Ауа райының қолайсыздығына орай, 2008 жылы астықты әр гектарына 6,6 ц., 2009 жылы-10,5 ц, ал өткен 2010 жылы 11,3 ц/га жетті. Оның ішінде рапс 2905 га, картоп 82,5 га, және көкөніс 9,8 га. егіліп, ел тұрғындарының азықтық қажеттілігі толық қамтамасыз етілді. 2011 жылдың егініне қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын толық көлемде жинап алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, таяудағы жылдары ауыл шаруашылығын көтеру аясында, тұрғындармен қарым – қатынас жасаудың арқасында, бүгінгі күні округімізде шағын мал фермалары қалыптасып, жұмыссыздар санын азайтуға үлкен үлес қосуда.
Мал шаруашылығын да екпіндете дамыту, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуіне, ел халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға зор мүмкіндік туғызады. Егер есепке жүгінсек, ірі қара мал – 3200 бас, жылқы – 1800 бас, қой және ешкі – 7000 бас, құс – 6000 – ды құрады. Жыл басынан 161 бас сиыр асыл тұқымды ірі қараның ұрығымен ұрықтандырылды. Онымен қатар елімізде бүгінгі күні шағын мал фермалары қалыптасып, жұмыссыздар қатарын азайтуға елеулі үлес қосуда.
Қоғамның дұрыс дамуына елде тәртіп сақтау шешуші әсер етеді. Қыс уақытында суық күндері кешкілікте, мейрам күндері кезекшілік ұйымдастырылады. Елді мекендердегі қоғамдық ұйымдар жастарды инабаттылыққа, еңбекке баулуға, ел бірлігін, біртұтастығын сақтауға тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізеді.
Округімізде 3 орта мектеп бар болса, онда барлығы 443 бала оқиды. Сапалы білім, саналы тәрбие беруге 80 мұғалім еңбек етуде, оның ішінде жоғары білімді 69, арнаулы орта білімді 11 мұғалім. Мектептер заңға сәйкес көрнекіленген және жылы. Өткен 2010 жылы Бидайық орта мектебі бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша 2 орынға ие болды. Мектепті тәмәмдаған 41 оқушының 19 жоғарғы оқу орындарына түсті. Сандыбаева Алуа Абайқызы мектепті «Алтын белгі» деген атақпен бітірді. Жалпы білім ордалары елде мәдени және қоғамдық өмірдің көрігін қыздырып, оның ошағына айналып, ауылдық әкімдікке де көп көмегін тигізіп отыр.
2011 жыл Қазақстан үшін елеулі жыл болғалы тұр. Өздеріңіз де білетіндей Ақпан айында Алматы – Астана қалаларында еліміздің мәртебесін асқақтататын «Азиада – 2011» қысқы спорттық ойындары өтеді. Сондай – ақ, «Ақбидай – 2011» жазғы спорттық ойындарының алауы Бидайық ауылында жағылуы біз үшін үлкен абырой. Осы іс – шараларды жақсы, үлгілі, жоғары деңгейде өткізу үшін демеушілік көмек көрсетуден бас тартпаған кәсіпкерлерге, ауыл азаматтарына айтар алғысым шексіз.
Осы күнге округімізде жұмыс істейтін 13 орта және шағын кәсіпкерлерде 28 адам жұмыс істейді. Мемлекет тарапынан бөлінген арнайы патентті 12 кәсіпкер қолданады.
Округ көлемі аудандық телекоммуникациялар жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бидайық ауылы 286 абоненттік, Өндіріс ауылында 106 абоненттік, Жұмысшы ауылында 12 абоненттік және Жамбыл ауылында 49 абаненттік телефон байланысы бар.
Бүгінгі күні селолық округ бойынша 3 пошта бөлімі халыққа қызмет көрсетуде. 2011 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мерзімді басылымдарға: газет, журналдарға жазылу тапсырмасы орындалды, әсіресе мемлекет тілдегі басылымдар үлесі 50 пайыздан асып түсті.
Ауылдық округте әлеуметтік қорғау саласында белгіленген жұмыстар түгелімен орындалды. 4 ауыл көлемінде жұмыссыздар саны 12 адамды құрады. 2010 жылдың басында тіркелген 21 жұмыссыз адамдардың барлығы қоғамдық жұмысқа тартылып, осы уақыт ішінде 31 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Тұрмысы төмен 10 отбасы бар болса, ондағы адам саны 44 адамды құрайды. Мемлекет әлеуметтік атаулы көмек көрсетуге бөлінген қаржы 1366,0 тенге толығымен игерілді. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдем ақыны жыл басынан 1180 отбасы, яғни 461 балаға 1 945, 181 мың теңге төленді. Ал қоғамдық жұмысқа бөлінген 757228 қоғамдық жұмысқа тартылғандарға төленді. 2010 жыл ішінде 4 жастар кәсіпкерлік оқуға жіберіліп оқып келді және олардың барлығы жұмысқа орналастырылды.
Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында ардагерлерге қамқорлық көрсету туралы ерекше назар аударады. Әрбір соғысқа қатысушыларға бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленді. Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата – аналарымен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедектерімен оларға теңестірілген мүгедектердің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмады. Оның сыртында Жеңістің 65 – жылдығын кеңінен мейрамдауға байланысты соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің жеңілдікпен жол жүрулері үшін 383 миллион теңге бөлінді. Бұл біздің әкелерімз бен аталарымызға олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, олардың біздерге бейбіт өмірді қамтамасыз еткендері үшін көрсетілген құрмет.
Округте қарттар мен мүгедектер күні аталып өтіп жиналыстар, конценттер ұйымдастырылып сый-сияпаттар көрсетілді. Жыл басынан демеушілік көмек 180,0 тенге көлемінде болды. Жалғыз басты зейнеткерлерге әлеуметтік жұмыскерлер қызмет көрсетті және әр түрлі көмек беру үшін олар мекеме басшыларының және қарттарға көмек көрсетуге әрқашанда қол ұшын созатын ауыл азаматтарының қамқорлығыменен қарауына алынды.
Мектептерде ыстық тамақпен қамтылған балалар саны 418, оның ішінде 199 тегін тамақтанады. Мектеп жасқа дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар Өндіріс пен Жамбыл ауылдарында ашылып, шағын орталықтарда бала саны 25 – тен 65 – ке дейін өсті.
Бүгінде мемлекет бюджетіне шашау шығармай, өз мақсатына жұмсауға деген талап күшейді. Біздің округте бюджет қаржысын жұмсау Заң аясында жүз пайыз игерілді. Бюджет қаржысын толықтырудың бір талабы – салық көрсеткішін жақсарту, жинау. Сондықтан, біздер жер салығын 90 % ға 121,4 мың теңге, мүлік салығын 104,8 % 68,2 теңге және көлік салығын 123,3 % 1 368,2 мың теңге көлемінде орындадық. Түрлі қажеттілік бойынша берілетін бір реттік салық талондары 73 % 100 мың теңгені құрады.
Жалпы округ бойынша халық жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Бидайық ауылында орталық көшеге қашықтығы 1665 метр жарықтандырылды, жұмсалған қаржы 3 млн. 495 мың теңге.
Еңсеміз тіктеліп, ертеңгі күнге сеніммен қараудамыз. Алдағы күндері де сенімімізге ақталып, игі жақсылықтар көбейе түсер деген үміттеміз.
Мектептерде оқыту процестері тәрбие жұмыстары, ауылдық округімізде іс- қағаздар жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Мерекелер – ұлттық патриоттық мәні бар концерттер, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар әрдайым үздіксіз өткізіліп тұрады. Аудандық спорттық, мәдени маңызы бар әр салада сайыстарға ел азаматтары қатысып тұрады және де көптеген жетістіктерге жетіп, жүлделі оралып жүр.
Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ округ бойынша 3 фелдшерлік бөлімшелер және 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, 1 жедел жәрдем автокөлігі бар. Дәрігерлер жеткілікті, дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етілген. Өткен жылы қауіпті індет тіркелген емес. Халықтың табиғи өсуі жылдан- жылға жоғарылауда.
Ұлттық тәрбиені қоғамдық құндылықтарды салауатты өмір салтын насихаттауда және қайырымдылық шараларға қатысуда округіміздегі екі мешіт намазхандары және ел ақсақалдары көп үлес қосуда.
Халқымыздың білікті өмір сүруі, тұрақтылығы мен тұтастығы, бүгінгі экономикамыздың өркендеп өсуі, жаңару стратегиясы Елбасының салиқалы саясатының арқасында деп білеміз. Биылғы жылы біраз мәселелер оңтайлы шешімін тапты. Ал, қараусыз қалғандары алдағы уақытта шешімін табарына күмәнім жоқ. Тек сабырлылық болсын ағайын.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |