Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі


Біліктілік санаты келесі жағдайларда педагогтердің өтініші негізінде ұзартылады, бірақ бір жылдан аспайды



бет4/6
Дата20.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468582
1   2   3   4   5   6
аттестация слайд 2023ж қаңтар-1 (2)

Біліктілік санаты келесі жағдайларда педагогтердің өтініші негізінде ұзартылады, бірақ бір жылдан аспайды:
  • «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде;
  • жүктілікке және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;
  • білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан ауысқан жағдайда.
  • Педагогтер біліктілік талаптарына сәйкес санатқа біліктілікті тестілеуді бір жылдан кейін тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы Біліктілік тестілеуін тапсырған сәттен бастап бір жыл ішінде жүргізеді. Бұл ретте педагогтің осы кезеңде қолда бар біліктілік санаты сақталады.

30 және одан да көп жылдық педагогикалық өтілі бар зейнеткерлік жастағы педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде Біліктілік тестілеуін тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді.
Біліктілік тестілеу
педагогтерге:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
Біліктілік тестілеуінің нәтижесі екі жылға жарамды деп есептеледі.
Ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагогтер «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысқан кезде Біліктілік тестілеуін тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жалпылаудан өтеді.
«Педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын алған кезде жалпы негіздерде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет