Жадынама талапкерлердің кешенді тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімі



Дата27.06.2016
өлшемі32.18 Kb.
#159828
Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі



Ұлттық тестілеу орталығы

ЖАДЫНАМА
Талапкерлердің кешенді тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімі


www.testcenter.kz

1. Апелляцияға өтініш беру

  • Тестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтінішті берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін береді және ол өтінішті апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

  • Апелляцияға өтініш Базалық ЖОО-да тестілеу тапсыру орны бойынша беріледі.

  • Өтініш беруге қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • талапкерлердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) кіруге рұқсаттама.

  • Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.

  • Апелляцияға барлық тест тапсырмаларын қарау жөнінде түскен өтініште әр тапсырма бойынша дәлелдемелер (толық түсіндірулер, есептердің толық шешулері) көрсетілмесе, ол өтініш қарастырылмайды.


2. Апелляцияның түрлері

  • Апелляция ТКТ қорытындысы бойынша екі түрлі болуы мүмкін: тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша.

  • тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;

  • дұрыс жауабы жоқ;

  • бірнеше дұрыс жауабы бар.

  • Техникалық себептер бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:

  • дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

  • дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.


3. Апелляцияға өтініш беру үлгісі

  • Апелляцияға өтініш арнайы үлгі бойынша беріледі:

  1. тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш;

  2. техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш.

  • Апелляцияға берілетін өтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде Базалық ЖОО-да алуға болады.





4. Апелляцияны қарау тәртібі.

  • Апелляциялық комиссия бітірушілердің өтініштерін тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ден бастап қарайды.

  • Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

  • Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.

  • Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.

  • Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

  • Жергілікті жердегі апелляциялық комиссия бекітілген нысанға сәйкес мәліметті толтырып Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді;

  • республикалық апелляциялық комиссия апелляцияға берілген тест тапсырмаларын қарастырады және шешім қабылдайды, қабылданған шешімді Базалық ЖОО-дағы жергілікті жердегі апелляциялық комиссияға жібереді.

  • Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі соңғы шешім болып табылады.

  • Жергілікті апелляциялық комиссияның шешімімен техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

  • апелляциялық комиссия қажетті мәліметті Ұлттық тестілеу орталығына (ҰТО) жібереді.

  • ҰТО барлық мәліметті қарап шешім қабылдайды, қабылданған шешімді Базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияға жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет